Динамика Неге шауып келе жатқан салт атты бұрылған кезде жылдамдығын азайтады?
Наурыз айында екі топ болып арқан тартысады. Ньютонның үшінші заңы бойынша әсер қарсы әсерге тең, яғни топтың арқанға әсер күші неге тең? Неге бір топ екінші топты тартып кетеді?
Жауаптары: Үлкен жылдамдықта ол инерциямен бұрылыстан асып кетеді.
Статика Неге солтүстікте адамдар үйлерінің төбесін конус тәрізді етіп жабады, ал қазақтың киіз үйінің төбесі шеңбер болып келеді?
Неліктен қазақ қыздарының бас киімдері биік болып келген?
Алматының телемұнарасының жер астындағы бөлігінің массасы 60 мың тонна, ал жер бетіндегі бөлігі 6 мың тонна. Неге бұлай жасалған?
Алматыдағы ағаштан жасалған шіркеу ешқандай шегесіз тұрғызылған. Оны бұзылудан қандай күш ұстап тұр және ғимаратты тұрғызғанда қандай жай механизмді қолданған?
Шәйнектің шөлмегі неліктен оның қақпағынан жоғары орналасады?
Жауаптары: Солтүстікке қар көп түседі, ал жазық далада қар көп түспейді. Далада қатты жел соғады, ал киіз үйдің төбесіне әсер ететін желдің аэродинамикалық кедергісі аз болады.
Биік бас киім қыздардың басы мен арқасын тік ұстауға көмектеседі. Кішкене ауытқыса болды, ыңғайсыз болып, мойынға кедергі түсіреді. Ал арқасы мен басын тік ұстау қыздардың сымбатты болып өсуіне көмектеседі.