Сапалық есептер Кинематика Неге шабандоз шапқан кезде ұшақтағы жолаушыдан гөрі қозғалыс жылдамдығын анық сезінеді?
Шабандоз жазық далада шауып келеді. Оған қарама-қарсы түйеге мінген адам келе жатыр. Неге шабандозға түйе оған перпендикуляр емес, белгілі бір бұрышпен келе жатқан сияқты болып көрінеді?
Жаңбырлы күні киіз үйден үй иесі шелекке су толтыру үшін далаға шығарып қойды. Егер жел соқса судың шелекке толу жылдамдығы өзгере ме?
«Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса онда ол жылдамдығы 72 км/сағ киікті қуып жете ала ма?»
Қапшағайда спортшы су шаңғысымен жүр. Спортшы қайықтан жылдам қозғалуы мүмкін бе?
Жауаптары: 1. Атқа мінген адамның бетіне ауа әсер етеді, сондықтан да қозғалысы жақсы байқалады. Айналасындағы заттар (бұталар, төбешіктер, киіз үйлер) жақында орналасқандықтан, қозғалыс ара қашықтығы тез өзгеріа, жылдамдық жақсы сезіледі. Оған қатысты ұшақ жерден алыста ұшады және оған қатысты санақ жүйесінің жоқ болуынан үлкен жылдамдық сезілмейді.
2. Атқа мінген адам түйеге қарап өз қозғалысын байқамайды, бірақ оған түйе өз қозалысынан басқа салт аттының жылдамдығындай тек бағыты қарама-қарсы қозғалатындай болып көрінеді. Нәтижесінде салт аттыға түйе белгілі бұрышпен келе жатқан сықылды болып көрінеді.
3. Шелекке су тез толмайды, жел горизонталь соғып тұр, шелектің суға толуы тек жаңбыр тамшысының вертикаль құраушысына ғана тәуелді. Егер жел горизонтқа бұрышпен соқса, онда вертикаль бағытталған жылдамдыққа ие болады. Сонда ғана ол шелекке судың толуын тездетуі немесе азайтуы мүмкін еді.
4. Жоқ, өйткені 72 км/сағ – 20 м/с, ал қасқырдың жылдамдығы 15 м/с.
5. Болады. Егер қайық кенет жылдамдық қосса, онда спортшы инерциямен бірталай уақыт қайыққа жақын яғни одан тез қозғалады. Не болмаса қайық бұрылса, спортшы үлкен радиуспен, ал қайық кіші радиуспен қозғалады, осыдан спортшының жылдамдығы үлкен болып саналады.