Жаңа класстар құру. Жаңа классты құру үшін мына командалар қолданылады (13.8. сурет): File \ New | Class (құралдар панелінде орналасқан немесе Add New Class пернесі). Мұнда Name қатарында класстың аталуын көрсету керек, аталған жағдайда ол - Round. Егер де ұрпақ класын құру керек болса, онда Based On таңдау қажет. Бар тізімдердің арасыннан қай классқа жататындығын нұсқау қажет. Аталған жағдайда бұл тізім бос болады (қолданылбалы тізім әлі құрылмаған).
1.8 сурет. Жаңа классты құруға арналған диалогтық терезе.
Жаңа класстың құрылымын құру үшін, басқаша айтқанда оның қасиеттерін сипаттау үшін, терезенің сол жақ бетінен классқа атау таңдау қажет. Мәзір қатарынан File \ New, оның ішінде: Property (қасиеті), Method (әдісі), Event (құбылыс). Бұдан бөлек құралдар панелінде ұқсас әрекеттер жасайтын пернелерді пайдалануға болады.
Add New Property (Жаңа қасиет қосу).
Add New Method (Жаңа әдіс қосу).
Add New Event (Жаңа құбылыс қосу).