I тарау. Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы


Қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігі



бет9/15
Дата08.02.2022
өлшемі296 Kb.
#98617
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
абай

1.4. Қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігі.

Қазақ тіл білімін зерттеуші І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі атты еңбектерінде: «Қалыптанған тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы қос сөздер болады» десе, ал профессор А.Ысқақов болса: «...сөзді қайталап қолданудан...лексикалық түсінігі өзгермейді, демек, жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады», - дейді. Профессор К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқаларын күрделі сөз деп қарайды.


Сонымен, жоғарыда келтірілген пікірлерден қос сөздердің лексикалық тұлға болу-болмауы әлі де шешімін толық таба алмаған мәселенің бірі болмақ. Қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша әртүрлі пікір тудырғанымен, бұларға ортақ кейбір жақтардың барлығын да бекерге шығаруға болмайды. Ондай ортақ белгілерге, біріншіден, құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні, дыбысталуы мен ішкі мән-мағынасы негізінде қалыптасқан құралымының болуы, екіншіден, белгілі сөз табына жатуы; үшіншіден сөйлемге мүше болғанда да бірінен-бірі ажырамай, бір ғана мүшенің, сондай-ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жатады.
Бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері неде?

  1. Күрделі сөздер құрамы екі сөзбен шектелмей, одан ортақ сөзден де бола беретіні белгілі. Ал қос сөздер құрамы екіден аса қоймайды.

  2. Күрделі сөздер компоненттері ортасына басқа сөзді сыналап қою мүмкін болмаса, көпшілік қос сөздер сыңарлары арасына үшінші бір сөзді қоюға болады. Мысалы: төсек-орын (төсек те орын), сарт-сұрт (сарт та сұрт), сөйлей-сөйлей ( сөйлей де сөйлей).

  3. Бұдан кейін көпшілік күрделі сөздерден сөз тудырушы жұрнақтар арқылы басқа бір сөз тудыруға болады, Мысалы: биыл-биылғы, аққу –аққудай. Ал, қос сөз бойында ондай қасиет байқалмайды.

  4. Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен сөз тіркесі, некен-саяқ болмаса, көпшілік күрделі сөздерге негіз болған сөз тіркесін тауып, оны түсіндіруге болады, ал қос сөздер олай етуге келмейді, өйткені ол сөз тіркесінен ажырамаған. Оған тарс-тұрс, шай-пай тәрізді мысалдар дәлел.

Морфологиялық сипаты, яғни морфемалық құрамы жағынан қос сөз сыңарлары аса күрделі болады, мәселен, қайталама қос сөздердің компоненттері жалаң түбірлерінің жай қайталануынан да (биік-биік, қап-қап), қосымшалы сөздің қайталануынан да (өзді-өзімен, сөйлей-сөйлей) бола береді. Қосарлама қос сөздердің компоненттеріне келсек, олар да, біріншіден сөздердің қосымшасыз қосарлануынан (құрт-құмырсқа, бақа-шаян), екіншіден, қосымшалы-қосымшасыз сөздердің қосарлануынан (төсек-орын, темір-терсек, жата-жастана), үшіншіден, күрделі сөз бен жалаң сөздердің қосарлануынан (бүгін-ертең, ағайын-туған, аш-жалаңаш) жасалады.
Демек күрделі сөз компоненттері морфологиялық құрамы жағынан жинақы, бір ізділеу болып келсе, қос сөздердікі бытыраңқы, ала-құла болып келеді. Фонетикалық жақтан қос сөздердің компоненттері буын, дыбыс жақтарынан үйлесіп, ыңғайласып, ұйқасып отырады. Мысалы: емін-еркін, қалған-құтқан, олпы-солпы тәрізді сөздердің компоненттері екі; мең-зең, у-шу тәрізді қос сөздер бір буыннан тұрады. Абысын-ажын дегенде екі компонентті де біріңғай дауысты «а» фонемасынан басталса, жүн-жұрқа дегенде біріңғай дауыссыз «ж» фонемасынан басталып тұр. Қос сөздер ішінде бұл сияқты ассонанс, аллитерация құбылыстары жиі ұшырайды. Ал күрделі сөзде бұл кездеспейді.
Қос сөздер құрамындағы сөздердің сөз табына қатынасына келсек, оның құрамында күрделі сөздердей емес, сөз таптары түгелдей кездеседі. Мысалы, зат есім де (жер-су, ел-жұрт), сын есім де (үлкен-кіші, жақсы-жаман), сан есім де (бір-екі, он-он бес), есімдік те (кімде-кім), етістік те (буынып-түйініп, келді-кетті), үстеу сөз де (ерте-кеш, әрі-бері), еліктеу сөз де (даң-дұң, шатыр-шұтыр), әр тарап сөз де (бар-жоқ, аз-көп), шылау сөз қатысты сөз де (көзбе-көз), одағай сөз де (шөре-шөре) кездеседі, ал күрделі сөздің құрамында, мәселен, көмекші сөз болмайды.
Ал енді, қос сөздер мен сөз тобының ара-қатынасына келсек, әдетте, оның құрамындағы сыңарлары қай сөз табына жататын сөз болса, олардың қосарлануынан пайда болған қос сөз де сол сөз табына жатады. Бұдан ерекше тек үстеу сөз, мәселен, көзбе-көз, сөйлей-сөйлей тәрізділердің компоненттері бірінде негізінен зат есім, екіншісінде етістік категориясына жататын сөз бола тұра, сөз табында үстеу сөз болады. Бұл тегі үстеудің сөз табы ретінде қалыптасу ерекшелігінің өзгешелігінен болса керек.
Сонымен, сөз қосарлануы арқылы оның құрамындағы сөздердің лексика-грамматикалық сипатынан мүлде басқаша сөз табының пайда болуы қос сөздерден болған бірен-саран ғана сөз табының басында кездеспесе, көпшілігінде ол байқалмайды. Ал сөздердің кірігуі, бірігуі, тіркесуі арқылы сөз таптарын бүтіндей қамтиды. Оған: асқазан, сексен, түрегел тәрізді біріңғай сөз табынан, ақсақал, ұлтабар, бүгін, еңбек ету тәрізді әр түрлі сөз категориясынан пайда болған алуан түрлі мысалдар айғақ болады.
Сонымен, сөздердің қосарлануы, негізінен, жеке сөз таптарының аясынан шықпайтын бір жақты құбылыс болмақ та, ал сөздердің кірігуі, бірігуі, тіркесуі құрамындағы сөздердің лексика-грамматикалық сипатына орайлас та, одан мүлдем басқа да сөз табын тудыратын әр жақты, әрі құнарлы, әрі күрделі құбылыс болмақ.
Күрделі сөздер мен қос сөздердің бір-бірінен айырмашылығын олардың құрылымындағы сөздердің лексикалық сипатынан да көруге болады. Мысалы: күрделі сөз компоненттері дербес лексикалық мағынасы бар сөздерден болса, қос сөз компоненттері дербес мағынасы бар сөздерден де, көмекші сөздерден де бола береді, тіптен дербес мағынасы бар түріндегі атауыш сөздердің өзі де мағына жағынан еркін емес, әдетте олар, мәндес, қайшы мәндес, ұштас, сыбайлас сөздерден болады. Мысалы, мәндес қос сөздер: аңырап-боздап, ашық-жарқын, алдап-арбап, алым-салық, арып-ашып, ер-азамат, жан-жақ, жол-жоба, мінез-құлық, хал-жағдай т.б.
Қайшы мәндес қос сөздер: ашып-жұм, асты-үсті, болар-болмас, келімді-кетімді, өліп-тіріліп, ірілі- уақты т.б.
Ұштас қос сөздер: аты-жөні, апалы-сіңлілі, ата-ана, есі-түсі, жын-шайтан, ойын-күлкі, ой-пікір, соқыр-мылқау, үй-жай т.б.
Енді сөз таптарының құрамында кездесетін қос сөздердің семантикасына назар аударайық. Мәселен, қып-қызыл, жап-жақсы тәрізді сын есім категориясында кездесетін түрлері сапаға үстеме мағына қосып одан шырайдың күшейтпелі шырай деп аталатын түрін жасайтыны белгілі. Бұлай болғанда, үстеме буын лексикалық емес, грамматикалық қызмет атқарады. Демек, грамматикалық тұлға болады.
Ескі-құсқы тәрізді қос сөздерден де кемсіну, қомсыну реңі аңғарылады. Олай болса, бұлардан да лексикалық мағынасы тың сөз жасалмайды.
Сан есімде кездесетін бес-алты, он-оннан тәрізді түрлеріне келсек, олар әдетте, қосарланған сан түрлеріне тек болжалдық, топтық мағына үстеп, сан есімнің семантика-морфологиялық түрлерін жасауға қатысады. Үстеу сөздердегі күні-түні тәрізді түрлері мезгілдік; әрең-әрең сын-қимылдық, көре-көре түрлері себеп-салдарлық қосымша мағына қосып үстеудің семантикалық топтарын жасайды. «Зат есім категориясында кездесетін, мәселен, тау-тау астық, тал-тал шаш тәрізді түрлеріне келсек олар да лексикалық емес, грамматикалық мағына немесе стильдік рең, ал ет-мет, шай-пай, тәрізділер эмоциялық рең үстейді. Мәселен, заттық ұғымды білдіріп, оның атауы болатын мая сөзін қайталап мая-мая дегеннен одан басқаша бір ұғым, басқаша бір лексикалық мағынасы бар, соған атау болып табылатын жаңа бір сөз пайда болып тұрған жоқ. Мая шөп дегенде бірді, мая-мая шөп деген әлденеше маяны білдіреді емес пе. Мұны, заты көптік ұғымның синтаксистік тәсілмен берілу жолына жатқызған жөн. Сол сияқты биік-биік деген тізбектен басқа бір сапаны білдіретін сөз байқалмайды. Осылар тәрізді қос сөздердің қосарлама түрлерінен де, негізінен алғанда, жаңа сөз жасалмайды.
Идиомалау процесі арқылы тұрақты тіркес қасиетіне иеленген некен-саяқ, анда-санда, іле-шала тәрізді мағыналары басқа сөзбен беруге келетін сөздер және осы типтес, мәселен, бірен-саран, оқта-текте, жалма-жан, тәрізді сөздер болмаса басқа қос сөздерді нағыз күрделі сөздермен бір қатарға қою, біздіңше, жаңсақ пікір болса керек.
Демек, қос сөздерді сөз тудырудың аналитикалық тәсіліне жатқызғанның өзінде де оны біріккен, құрама сөздер тәрізді өнімді тәсіл деуге келмейді. Қос сөздерді, әрине тілде лексикалық мүддені өтеуге жұмсалмайды емес, жұмсалады. Соның өзінде барлығы емес, негізінен, қосарлама деп аталатын түрі. Бірақ олардың өзі де күрделі сөздер сияқты, заттық, сапалық, сандық, іс-әрекет, қимылдық тәрізді ұғымдарды білдіріп, солардың атауы ретінде емес, әр алуан жалпылама, экспресивтік ұғымның атауы ретінде қызмет атқарады. Мысалы, ағайын-туған, абысын-ажын, қас-қабақ, жан-жануар, қиян-кескі т.б.
Қос сөз мәселесі зерттелмеді дей алмаймыз, ол турасында құнды пікірлер, тұжырымдар да аз емес. Соған қарамастан, оны лексикалық тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеп, тілдің әр саласына жататын жақтарын алмай, оны бір ғана құбылыс деп қарау дұрыс болмайды [20,5 -12].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет