І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру


Лекалды техникалық модельдеу тәсілі арқылы таңдау және конструкция сызбасына модельдік ерекшіліктерді түсіру



бет5/6
Дата23.08.2017
өлшемі3,04 Mb.
#24936
1   2   3   4   5   6

Лекалды техникалық модельдеу тәсілі арқылы таңдау және конструкция сызбасына модельдік ерекшіліктерді түсіру

Техникалық модельдеу - бұл бұйымның сызбасы мен үлгілерін өңдеу процесі. Бұл процесс келесі кезеңдерді қамтиды:



  • Модель үлгісін немесе эскизін зерттеу және анализ жасау.

  • Модельге конструктивті сипат беру: жаңа силуэтті негізді өңдеу немесе сәйкестендірілген бастапқы силуэтті негізді таңдау

  • Негізді анықтау және модельдік ерекшеліктерді енгізу: конструкциялық өңдеудің дұрыстығын тексеру.

Техникалық модельдеудің бірінші кезеңіне жаңа модельдің ерекшеліктерін мұқият зерттеу жатады. Конструкциялаудың бұл әдісі киім эталонының жазықтығын үлгісінің тік өлшемдерінен негізделген неғүрлым дәл болып саналады. Ол жобаланған конструкцияның технологиясын, киім бөлшектерінің сызбасының дұрыс құрылуын қамтамасыз етеді. Модельді зерттеген кезде көбінесе оның сипатына және ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөледі: бұйым көрінісіне, силуэтіне, пішініне, бас өлшеміне, ұзындыққа, мата түріне, кеңдігіне, жаңа бөліктеріне көбірек көңіл аударған жөн қосымшалар еркін қозғалыс және кендігін анықтайды.

Жаңа модельдің конструкциясының еркшеліктері енгізілген бастапқы негіз сызбасын бекіту, техникалық модельдеудің ең бір жауапты сәті болып табылады.

Модельдеу ерекшеліктерін енгізу бастапқы негіздің кейбір дәлдіктерін кірістіре алады немесе оны көркейтеді. Осыған байланысты мүнкіндік беретін үш түрге бөлінеді:


  • Жаңа модель алғашкы негіздің қарапайым түрде ауыстырылуы мүмкін. Бұл түрі көбінесе жұмыс тәжірибесінде қолданылады: төменгі жағы кеңейтілген немесе қысылған бас айнылымына дұрыс орналасу сатысы және пропоцияға байланысты негіз силуэтінің өзгерулері қадағалынады. Бұл түрдегі тәсілдермен салыстырғанда неғұрлым берік және қиын тәсілдер қолданылады.

  • Бас киім өңделеді. Бұл әдіс өте сирек қолданылады. Жаңа модель конструкциясы үлгі дайындау барысында бекітіледі.

  • Модельдік ерекшеліктері енгізген кезде міндетті түрде сызба және сурет масштабы салыстырлады.

  • Техникалық модель бас киімнің түрлі элементтермен сәнделуіне байланысты болады және олар: макетті және графикалық болып бөлінеді.

Макетті тәсіл - өте қарапайым, лекало бастың айналымына байланысты әзірленеді.

Графиктік тәсіл - перпендикуляр, белгілер және қиыстырылған тәсілдер кірістіледі. Көп жағдайда бірінші тәсіл қолданылады.

3.2 Камзолдардың модельдері және конструкциялық сызбасы

Әйел бұйымдарының ассортиментінде камзол – костюм жиынтығына қосымша болып табылады. Әйел камзолдарының модельдері алуан түрлі, олардың ортадан және ауыстырыла түймеленетіні, астарлысы, астарсызы, ұзыны және қысқасы, жағалысы және жағасызы, қайырмалысы және қайырмасызы, әртүрлі қалталылысы болады.



Камзолдың моделін суреттеу. Желет біркелкі боялған матадан жасалған қынама кесінді, астарлы, бес түймесі және бес ілмегі бар ортадан түймеленетін болып тігіледі. Өңірінің төсінде және бел сызығында қынамалары бар камзол болады. Мойын оймасын үшбұрыштанып келген, жотасы бірегей ортасында тігісі бар камзол. Камзолдың мойын оймасы жиегіне, омырауына, етегіне ені 5 мм әрлеу тігісі жүргізіледі.

Пішінді бөліктері

Камзол пішіндісінің бөліктерін нақты мысалмен қарастырайық. Ортадан түймеленетін қынама кесінді астарлы камзол тыстық, астарлық және астараралық бөліктерден тұрады.

Тыстық бөліктерді негізгі матадан пішеді, оларға жататындар: өңірі — 2, жотасы (екі бөліктен тұрады) — 1, өңірастылық (әрқайсысы екі бөліктен) — 2, етек құрағы — 2, қалталардың құрақтары — 4, әдіптер — 2.

Астарлық матадан пішілетіндер: өңірі — 2, жотасы (екі бөліктен) — 1.

Астараралық бөліктерін желімді немесе желімсіз мақта матадан (бөзден, коленкордан) пішеді, оларға жататындар: өңірдің астараралығы — 2, жотадағы мойын оймасы бойынша астараралық — 1, қалта астары — 2.

Камзолдың бөліктерін пішуге қойылатын техникалық шарттарға сәйкес пішеді. Өңірлердің арқау жібі омырау кесіндісіне қатарласа етеді. Жолақты суретті матаны пішкен кезде жолақтар өңірдің омыраулық сызықтарымен қатарласа өтуі тиіс. Камзолдың сол жақ өңірін пішкен кезде, оны оң жақ өңірден 15 мм ендірек кеседі. Жотада арқау жібі жотаның ортаңғы кесіндісінің жоғарғы және төменгі бұрыштарын біріктіретін сызыққа қатар өтеді, өңірастылықтарда — өңірастылықтың сырт кесіндісіне қатар өтеді. Өңірастылықтың ені жоғарғы жағында 30-40, оң өңірдің шығыңқы жері деңгейінде 50-60 мм болады. Пішіндіні тексерген кезде бақылау белгілерінің қымтырмалардың және жанқалталардың орналасатын жерлерін пайдаланып жүрген дайын үлгі бойынша белгілейді. Астар және астараралықтырдың бөліктері формасы жөнінен тыстық бөліктерге сәйкес болуы қажет.Камзолдың моделіне қарай қалталардың орналасуы және түрлері ауысып отыруы мүмкін.



Камзол сызбасын сызу

Бұл сызба үш бөлікке бөлінеді: тор, артқы бой және алдыңғы бой.

Тор бір-біріне тік бұрыш жасай екі сызық жүргізіледі. Тік сызық - артқы бойдың орта сызығы, көлденеңі - желке сызығы.

Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің өлшемі алынып, оған 4 см қосылады (48+4=52 см). Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл - алдыңғы бойдың орта сызығы болады.

Желке сызығынан төмен қарай бойдың орта сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып оған 3 см қосылады (48/3+3=19 см). Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл - алдыңғы бойдың орта сызығы болады.

Желке сызығынан төмен қарай бойдың орта сызығы бойымен артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы (38 см) салынып, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Сөйтіп, бел сызығы анықталады.

Бел сызығынан төмен қарай артқы бойдың сызығы бойымен 16-20 см өлшемі алынады да, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Жамбас сызығы осылай анықталады.

Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай кеуде сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 2,5 см қосылады (48/3+2,5=18.5). Табылған нүктеден желісе сызығына дейін тік сызық жүргізіледі.

Бұл жауырын ені сызығы болады.

Жауырын ені сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде шеңберінің төрттен бір бөлігі салынып, оған 0,5 см қосылады (48/ 4+0,5=12,5). Сөйтіп, қолтық ойындысының кеңдігі табылады. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігіне тең (48/8=6 см) тік сызық жүргізіледі. Осылай қолтық ойындысының шығыңқы сызығы табылады.

Жауырын ені сызығынан бастап қолтық ойындысының шығыңқы сызығына дейінгі қашықтық (кеуде сызығы бойымен) қақ бөлінеді де, бөлу нүктесінен жамбас сызығына дейін тік пунктер сызық жүргізіледі. Бұл - бүйір сызығы болады.

Камзолдың артқы бойының сызбасын тұрғызу

Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі салынып, оған 0,5 см қосылады (48/8+0,5 = 6,5 см). Бұл желкеліктің кеңдігі болады. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы 1,5 см-ге тең тік сызық жүргізіледі. Бұл - желкеліктің биіктігі. Одан кейін желкелік биіктігінің жоғарты нүктесі артқы бойдың орта сызығының ұшымен ойық сызық арқылы қосылады. Желкеліктін сызығы табылады.

Желке сызығынан төмен қарай жауырын ені сызығы бойына 3 см (барлық өлшем үшін) өлшемі салынады. Бұл - артқы бой шығын төмендету нүктесі.

Одан кейін желкелік биіктігінің жоғарғы нүктесінен иықты төмендету нүктесі арқылы жауырын ені сызығынан 1,5 см ұзартылған көлбеу сызық жүргізіледі (1,5 см артқы бойдың иық тігісін көктегенде ірку үшін керек). Осылай иық сызығы табылады.

Иықты төмендету нүктесінен кеуде сызығына дейінгі қашықтық (жауырын ені сызығы бойымен) қақ бөлініп, бөлу нүктесінен оңға қарай 0,5 см (жауырынды кеңейту үшін).

Кеуде сызығынан бастап бүйір сызығы бойымен төмен қарай 4-6 см алынады. Бұл қолтық ойындысының тереңдігі. Иық сызығынан бастап табылған бастыра ойық сызығы бойымен 3 см салынады. Жамбас сызығының бойына оңға қарай жамбас шеңберімен кеуде шеңберінің арасындағы айырымның үштен бірі (51+48=3.3: 3=1 см) салынады. Қолтық ойындысының сызығынан бастап табылған нүктелерді бастыра жамбас сызығына дейін сынық сызық жүргізіледі. Осылай артқы бойдың бүйір тесігі жүргізіледі.

Одан кейін жамбас сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен 1 см өлшеп алынады. Бүйір тігісі сызығынан бастап табылған нүктеге дейін сәл дөңес сызық жүргізіледі. Осылай етек тегістеледі.

Камзолдың алдыңғы бойының сызбасы

Жауырын ені сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 2 см қосылады (48/ 3+2=18). Табылған нүкте Г нүктесімен белгіленеді.



Г нүктесінен жоғары қарай ұзындығы 2-5 см-ге тең (дене құрлысына байланысты) тік сызық жүргізіледі де, Г1 нүктесі қойылады.

Желке сызығынан төмен қарай жауырын енінің сызығы бойымен төмен қарай кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі салынып, оған 1 см қосылады (48/8+1=7 см). Бұл алдыңғы бой шығын төмендету нүктесі.



Г1 нүктесінен алдыңғы бой шығын төмендету нүктесіне дейін көлбеу сызық жүргізіледі. Одан кейін артқы бой иығының ұзындығы өлшеніп, одан 1,5 см алынады. Табылған қашықтық алдыңғы бойдағы Г1 нүктесінен бастап солға қарай көлбеу сызықтың бойына салынады. Бұл - алдыңғы бой иығының сызығы болады.

Қолтық ойындысының шығыңқы сызығының биіктігінен солға қарай 0,5 см, қолтық ойындысы тереңдігінің нүктесінің солға қарай 1-2 см салынады (артқы бойымен алдыңғы бойда бірдей өлшем салынады). Иық сызығынан бастап табылған нүктелерді бастыра ойық сызық - қолтық ойындысының сызығы жүргізіледі.

Жамбас сызығынан төмен қарай алдыңғы бойдың орта сызығы бойымен 2 см салынып, табылған нүкте дөңес сызық арқылы алдыңғы бойдың бүйір тігісінің сызығымен қосылады. Етек осылай тегістеледі.

Алдыңғы бойдың орта сызығынан бастап желке сызығы бойымен солға қарай кеуде шеңерінің сегізден бір бөлігі өлшеніп, оған 1 см қосылады (48/8+1 см=7 см), бұл - жаға ойындысының кеңдігі. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы ГГ1 кесіндісімен 0,5 см артық өлшемге тең (3+0,5=3,5 см) түзу жүргізіледі. Бұл - жаға ойындысының биіктігі. Кеуде сызығынан төмен қарай алдыңғы бойдың орта сызығы бойымен 3 см салынады. Бұл - жаға ойындысының тереңдігі. Жаға ойындысы биіктігінің нүктесі табылған нүктемен ойық сызығы арқылы қосылады. Жаға ойындысының сызығы анықталады.



Ескерту: камзолдың омырауын әр түрлі етіп оюға болады. Бұл жағдайда омырау ойындысын қосымшада көрсетілген етіп сызылады.

Жаға ойындысы биіктігінің нүктесі Г1 нүктесімен көлбеу сызық арқылы қосылады. Қолтық ойындысының шығыңқы сызығынан бастап оңға қарай кеуде сызығы бойына 2 см салынады. Табылған нүктеден алдыңғы бойдың орта сызығына дейінгі қашықтық тақ бөлінеді, бұл нүкте кеуденің көтеріңкі нүктесі болады.



Г1 нүктесінен солға қарай иықтың бойына иық ұзындығының үштен бір бөлігі (13:3=4,3 см) салынады. Жаға ойындысы биіктігінің нүктесінен солға қарай түзу бойына дәл осындай қашықтық (Н, 3 см) өлшеп алынады. Табылған нүктелер түзу сызықтар арқылы кеуденің көтеріңкі нүктесімен қосылады. Қынама осылай аталады.

Одан кейін қынаманың сол жағының ұзындығы өлшеніп, ол оның оң жағына салынады. Өлшеніп алынған кесіндінің жоғарғы ұшы көлбеу сызық арқылы жаға ойындысы биіктігінің нүктесімен қосылады. Қынама теңестіріледі.

Алдыңғы бой иығының ұшынан қолтық ойындысының бойымен төмен қарай 1 см өлшенеді де, табылған нүктені сәл дөңес сызық арқылы иықтың ортасымен қосып, иықты сәл бастырады.

Көйлек кеудесінің бел қынамалары қалай есептеліп сызылса, мұнда да дәл осылай есептеліп сызылады, қынама сызықтары жамбас сызығына дейін ұзартылады.


3.3 Бұйымды өңдеудегі технологиялық процесс

Камзолдың өңірлерін өңдеу

Қымтырмаларды өңдеу. Камзолдағы қымтырмалар көбіне тілінген болып келеді. Оларды белгіленген сызықтар бойынша кесінділерді теңестіре, тігіс жолын бірте-бірте жоя және тігіс жолын қымтырмадан 10 мм төменіректен қайып тігеді. Тігісті жатқыза үтіктейді, қымтырма соңында матаның қыртысқан жерін тарта үтікке басады.

Қалталарды өңдеу. Камзолдағы қалталар әртүрлі болып келеді: қақпағы бар тілме қалта, жапырақшалы, рамка тәрізді, жапсырма т. б. қалталар болады.

Өңірге арналған астараралықтарды өңдеу. Өңір үшін астараралықтарды желеттің тысына сәйкес етіп пішеді. Астараралықтың қымтырмаларын ені 6-8 мм бастырма тігіспен жолды бірте-бірте жоя отырып тігеді. Қымтырмаларды дымқылдайды, тігісін жатқыза үтіктейді, ал шеткі жақтарын бүріскен жерді тарата үтікке басады. Кеуде тұсын көтеріңкі жасау үшін астараралықты қабаттастырады, кесінділерін теңестіреді, дымқылдайды және өңір кесіндісі және оймалар жағынан тарата үтіктейді, желімді астараралықты өңірлермен пресс немесе үтік арқылы қымтырмаларды өңдегенге дейін біріктіреді.

Дымқылдық-жылулық өңдеу. Өңірлерді арнаулы жастықтары бар преспен формаға келтіреді. Камзол өңірінің жеке учаскелерін формаға келтіруді конструкцияда қалайша қарастырылғанына қарай атқарады.

Пресс жоқ болған жағдайда өңірдің, кеуде тұсын көтеріңкі жасау үшін, ол жерді тегістеп созыңқырап үтіктейді. Бұл үшін оларды бетін ішіне келтіре қабаттастырады, қымтырмаларды, барлық кесінділерді теңестіреді.



Өңір тысын астарарарлықпен біріктіру. Өңірлерді астараралыққа көктеуді арнаулы машинамен атқарады. Өңірге арналған астараралықты үстел үстіне омырау кесіндісін жұмыс істеуші жаққа қарата жатқызады. Астарарлық үстіне желеттің өңірінің өң бетін жоғары қаратып салады, өңірдегі және астараралықтағы кеуденің көтеріңкі жерлерін үйлестіреді. Әйел камзолдарында қымтырма әдібін астараралыққа бекітеді. Бұл үшін алдымен өңірдің өң бетіне қымтырма тігіс бойына уақытша тігіс жүргізеді. Содан кейін өңірді жүргізілген тігіс жолымен бетін ішіне келтіре қайырады да, қымтырмаға жіберілген жерді өңірдің астараралығына бекітеді.

Көктеген кезде бірінші тігіс жолын кеуденің көтеріңкі жерінің ортасы бойынша, екіншісін мойын оймасы мен өңірге қатарластыра кесінділерді 20-30 мм қашықтықта, үшіншісін астараралықтың ішкі кесіндісінен 15-20 мм қашықтықта және жең оймасы кесіндісінен 30-40 мм қашықтықта жүргізеді. Қалта шетін астараралыққа машинамен тігіп бекітеді.



Өңірлердің тегістеп қырқу және омырауды бойлай жиектеме жүргізу. Жиектемені жүргізер алдында өңірлерді омырау сызығы бойынша тегістеп қырқады. Бұл үшін оларды астараралықпен бірге камзолдың өңірі, тысын өңдегенге ұқсас үтіктеп шығады. Содан кейін өңірлерді астараралықтарын ішке келтіре қабаттастырады, қалталар мен қымтырмаларды үйлестіреді, иықтық, бүйірлік және жең оймасының кесінділерін теңестіреді, үстел үстіне оң өңірін жоғары қаратып, омырауын жұмыс істеуші жаққа келтіре жатқызады. Содан кейін омырау мен өңірлерді етектерін сызғыш немесе пайдаланып жүрген дайын үлгі бойынша жақсы ұшталған бормен модельге сәйкес борлап сызады да, матаның артық жерлерін борлы сызықтық ішкі жиегі бойынша тегістеп қырқады. Түймелерді тігу үшін өңірдің сол омырауы бойынша ені 15 мм жер қалдырады. Астараралықты мойын оймасы, омырау және камзол етегі бойынша 7-8 мм-ге оя қырқады.

Мойын оймасын, омырау жиегін және етекті созылып кетуден сақтау үшін желімді немесе желімсіз жиектеме жүргізеді. Желімді жиектемені мойын оймасын, омырауды және етекті жағалай үтікпен басып бекітеді. Желімсіз жиектемені иықтық кесіндіден, содан кейін мойын оймасы бойынша 50-60 мм жерден, содан кейін мойын оймасы, омырау және өңір етегі бойынша 120-150 мм қашықтықтан көктейді. Отырғыза қымқыру көлемі бұйымның конструкциясына және матаның құрылымына байланысты болады. Жиектеменің ішкі шетін астараралығына жасырын тігісті арнаулы машинамен тігеді. Жиектеменің сыртқы шеті өңірді қаю тігісінің астына түседі. Омырауларды үтіктейді, өңірдің жиектемеге отырғызыла қымтырылған жерлеріне де үтік жүргізеді.



Астарлық өңірді өңдеу және оларды өңірастылықтармен біріктіру. Өңірастылық бөліктерін бетін ішіне келтіріп қабаттастырады да ені 5-7 мм-лік тігіспен қайиды, тігістерді жатқыза үтіктейді. Ішкі кесінділерді дайын үлгі бойынша тексеріп шығады: артық жерлерді қырқады.

Өңірлердің астарларын өңдеу. Өңдеуді пішіндіні тыстық бөліктер бойынша тексеруден бастайды, содан соң кеуде және бел сызығы бойындағы қымтырмаларды тігеді. Астарды ішкі жақтан үтіктейді, қымтырмалардың шығыңқы жерлерін бастыра үтіктейді.

Астарды етек құрақтарымен және өңірастылықтармен біріктіру. Өңірлердің етектер құрастырмасының өң бетін астар өңірімен біріктіреді, кесінділерді теңестіре отырып ені 10 мм-лік тігіспен астар жағынан қайып тігеді. Тігіс әдібін астар жаққа қарай қайырады. Әдіп тұтасымен пішілген жағдайда өңір тысының етегі бойынша құрастырма тікпейді. Өңірлердің астарларын өңірастылықтардың ішкі кесінділерімен және камзолдың астарлық бойындағы етегі құрастырмасымен тігін машинасымен 10 мм-лік тігіспен, бөліктердің өң бетін ішке қарата, кесінділері мен белгілерін теңестіріп және кеуде тұсына жиырма жасай отырып, біріктіріп тігеді. Тігіс әдібін астар жаққа бағыттайды да үтіктейді, ал етек құрастырмасы деңгейінде тігіс жолына 1 мм жетпей қиып тастайды, белгіден төменгі жерде тігісті жатқыза үтіктейді. Өңдеуден өткен астарды астараралықпен бірге үтіктейді.

Тыстық өңірлерді астармен біріктіру. Өңірді үстел үстіне өң бетін жоғары қаратып жатқызады. Оның үстіне бетін төмен қаратып астармен бірге тігілетін өңірастылықты салады, кесінділер мен бақылау белгілерін теңестіреді. Өңірастылықты және құрақтың төменгі кесіндісін арнаулы машинамен шеткі учаскелер бойымен кесінділерден 15-20 мм қашықтықта көктейді. Мойын оймасы бойынша өңірастылықты отырғызбай көктейді, омыраудың шеті бойынша түймеленетін жерін де әр екі ілмек арасында 1 мм, ал төменгі бұрышта 2 мм, қымқыра отырғызады, етектің құрақтарын қымқырмай-ақ біріктіреді.

Өңірді астармен біріктірумен бір мерзімде жең оймасы бойынша астарды соза отырып, ойманы бойлай ені 1-2 мм жиек жасау үшін оларды көктеп тігеді. Өңірлерді өңір кесінділерін және төменгі кесіндісі бойлай (жиектеме бойынша) 5-6 мм қашықтықта тігісті 3-4 мм-ге дейін қырқа отырып қайып тігеді. Кесетін қондырғысы бар машинамен тіккен кезде тігіске 3-4 мм әдіп қалдырады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін мойын оймасы, омырау және етекті бойлай жүргізілетін жиектемелерді де қайып тігумен бірге жүргізеді.

Өңірдегі ойманы астар жағынан ені 10 мм тігіспен қайиды. Қаю тігісін өңірлері бұрыштарында томпайып кетпеуі үшін қысқартып қырқады, ойма бойынша тігіс жолына 1-2 мм жеткізбей шет жағы керіліп қалмауы үшін бірнеше жерден тігіс әдібін кертіп тіліп қояды. Көктеу жіптерін алып тастайды. Мойын оймасы, омырау және етек тігістерін жатқыза үтіктейді. Бұрыштарды арнаулы құралмен шығарып түзете отырып өңірді сыртына қарай айналдырады, содан кейін жиектен 5-7 мм жерден тігіс жолын сала отырып арнаулы машинамен көктеп шығарады. Көктеуді өңірастылықтар, етектік құрастырма және ойма астары жағынан негізгі матадан ені 1-2 мм жиек жасай отырып атқарады.

Өңірастылықтың ішкі тігісін астараралыққа бекіту үшін алдымен өңірастылықтың ішкі шетін астарды өңірастылыққа қаю тігісінен 2-3 мм қашықтықта өңірастылыққа арнаулы машинамен көктейді. Содан кейін ашық бүйір кесінділері арқылы өңірді ішіне қарай айналдырады да, оны астараралыққа жасырын тігісті арнаулы машинамен тігіп тастайды. Бұдан әрі өңірді өңіне қарай айналдырып түзетіп, жаймалайды және үтіктейді.

Моделіне қарай камзолдың шеттерінде әрлеу тігісі жүргізіледі немесе «таза жиегіне» бекітіледі.

Камзолдың жотасын өңдеу және оны өңірмен біріктіру

Жотаны өңдеу. Камзол тысының жотасы екі бөліктен тұрады (ортасынан тігілген). Жота бөліктерін өң бетін ішіне қаратып қабаттайды, кесінділерді теңестіреді, сөйтіп ені 10 мм-лік тігіспен қайып тастайды. Бел сызығынан басталатын қымтырмаларды өңдеу үшін жотаны қымтырманы бойлай бетін ішіне келтіре қабаттайды, қымтырма белгіленген бүйір жақ бойынша тігіс жолын жоя отырып тігіп шығады. Ортаңғы тігісті жатқыза үтіктейді, ал тігілген қымтырмаларды бүйір кесіндісіне қарай жыға үтіктейді. Өңдеуден өткен жотаны іш жағынан үтіктейді.

Камзол астарының жотасын тысқы жотаны өңдегендей етіп мына төмендегідей өзгерістермен өңдейді: ортаңғы тігісті тіккен кезде желетті оң жағына қарай айналдыру үшін ұзындығы 250-300 мм тесік қалдырады; қымтырмалардың шығыңқы жерлерін бел сызығы бойынша учаскенің қалыңдап кетпеуі үшін жотаның ортаңғы тігісіне қарай жыға үтіктеп тастайды; мойын оймасы сызығы бойынша бекемірек болуы үшін, мақта матадан ішкі жағына ені 25-30 мм астараралық салады, оны пішінді астына салғанда кесінділердің шеттерін теңестіреді. Астараралықты кесіндіден 5-8 мм жерден тігеді.

Тыстың және астарлық жотаны бетін ішіне қаратып, кесінділерін және ортаңғы тігістерін теңестіріп қабаттастырады. Қайып тігуді астар жағынан мойын оймасы, жең оймасы және етек бойынша 10 мм-тігіспен атқарады. Жиек жасау үшін астар енсіздеу және қысқалау болуы тиіс.

Өңірлерді жотамен біріктіру. Өңірлерді тігілмеген бүйірлік тігіс арқылы өң беті айналдырылмаған жота астары мен тысы аралығына өңірлер өң бетін жота үстіңгі жағына келерліктей етіп кіргізеді. Өңірлер мен жотаның бүйірлік кесінділерін бақылау белгілері бойынша теңестіріп, астар жағынан ені 10 мм тігіспен қайып тігеді. Содан кейін жота бөліктерінің аралығына ендірілген өңірлердің иықтық кесінділерін теңестіреді де, жотаның иықтық кесінділерін жауырынға жақсы жатуы үшін қымқырыңқырай отырып ені 10 мм-лік тігіспен қайиды. Қайып тігіп болған соң жүргізілген тігіс сапасын тексереді де, ойма тігісінін әдібін үш жерінен тігіс жолына 1-2 мм жеткізбей кертіп тіледі.

Камзолдың жота астарының ортасындағы тігісті қалдырылған тесіктен өң бетін сыртқа келтіре айналдырады да, жаймалап түзетеді. Мойын оймасының, жең оймасының және жота етегінің тігілген шеттерін негізгі матадан ені 2 мм жиек шығара отырып, арнаулы машинамен көктеп тігеді де үтіктеп шығады. Жотаның астарындағы ортаңғы тігістің тігілмеген учаскесін кесіндіні ішіне бүгіп ені 2 мм-лік тігіспен бастыра тігіп тастайды. Мойын және жең оймаларының, етектін жиектерінен әрлеу тігісін жүргізеді.

Камзолды жотадағы ойма арқылы айналдыруға болады. Бұл жағдайда жотаны өңдегенде астардың ортаңғы тігісін өңдеуден толық өткізеді, ал жотадағы мойын оймасының кесіндісін тікпейді. Мойын оймасын өңдеу камзолды өң бетін сыртқа қарата айналдырғаннан кейін аяқталады.

3.4Бұйымды дымқылды –жылумен өңдеу технологиясы

Камзолдағы ілмектерді оң жақтағы өңірден белгілейді. Олардың сан мөлшері модельге бойланысты болады. Ілмектерді орналастыратын жерлерді пайдаланып жүрген қосымша дайын үлгі бойынша белгілеп алады. Жоғарғы ілмек мойын оймасының жоғарғы бұрышынан 10 мм төменірек, астыңғы ілмек өңірдің алшақтана бастаған бұрышынан 10 мм жоғары орналасады да қалған ілмектер бір-бірінен бірдей қашықтықтарда орналастырылады. Ілмектің ұзындығы түйменің диаметрінен 2 мм артық болуы тиіс. Омырау шетінен ілмекке дейінгі қашықтық түйменің төрттен үш диаметрінен кем болмауы керек. Ілмектерді арнаулы машинамен күрмеп көктейді.

Дайын болған камзолды шаңнан, қылқыбырдан, бор ізінен, артық шығып тұрған жіптен тазалап арылтады. Камзолдың дымқылдық-жылулық өңделуін дөңес және жалпақ жастықты престердің үстінде атқарады. Қалталарды престердің дөңес жастықты пресс үстінде бірден төс маңындағы көтеріңкілікті түзете отырып бастайды. Содан кейін жалпақ жастықты пресс үстінде омырауларды, өңірдің мойын оймаларын, етекті, бүйірлік тігістерді және жотаны престейді. Пресс жоқ болған жағдайда дымқылдық-жылулық өңдеуді үтікпен атқарады.

Дымқылдық-жылулық өңдеуден кейін жалтырап қалған жерлер болса, оны жояды да камзолды іліп қойып кептіреді. Содан соң ілмектердің орналасуына сәйкес түймелерді арнаулы машинамен тігіп бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет