І тарау Совет Масғұтовтың Қазақ телевизиясы тарихындағы атқарған ролі мен қызметі



бет2/3
Дата02.07.2020
өлшемі49,3 Kb.
#74786
1   2   3
Байланысты:
1.1Совет Масғұтовтың Қазақ телевизиясы тарихындағы атқарған ролі мен қызметі.

параболаларға көрінбесе, яки жарық беретін лихтваген жұмыс істемей тұрса, телевизиялық журналистің ропортажы да, очеркі де ойдағыдай шықпайтыны хақ, керек десеңіз, мүлдем жарық көрмей қалуы мүмкін.

Оның үстіне тележурналистің қаламынан шыққан жалаң сөз режиссерлік шешімін тапса, оператор «көзімен» белгілі бір рамкаға шектеліп кадрге айналмаса, қажет музыкамен әрленбесе көрермен жүрегіне жол таба алмайды. Сондықтан телевизиялық журналист алуан түрлі мамандық иелерінің творчестволық басшысы, коллектив ұйтқысы болуға міндетті. Оның жұмыс жағдайы, творчестволық қызметінің ерекшеліктері жұртшылық жұмысына мұрындық болуды талап етеді. Қандай ғажайып идея, ғаламат проблема болсын, онымен телевизиялық журналистің өзі ғана тебіреніп, терең әсер алған, қиял қанатында шарықтағаны жеткіліксіз. Ол өзгелердің де ойына от тастап, қиялына қанат бітіруге тиіс. Тек сонда ғана оның еңбегі еш кетпей, жеміс береді, көпшілік қажетіне жарайды.

Телевизиядағы журналист қызметінің тағы бір мүлде жаңа қасиеті бар. Ол эфир арқылы миллиондармен тілдесе алады. Өзінің көңілін тебіренткен асылын, көпке арнаған ой-пікірін өз аузымен айтып жеткізеді. Эфир арқылы ол милиондар мінбесіне ие болады. Рас миллиондар мінбесіне көтерілген адамның бәрі-бәрінің аузынан құлақтың құрышын қандыратын сөз шыға береді деу ағаттық. Телевизия ой-өрісі кең, ақыл-парасаты мол, қоғам өмірінің көкейкесті мәселелері жайлы көңілге қонымды тоқтам-тұжырым түйіндей алатын, аузы дуалы адамдар ғана көрермен көпшілікке көрнекті тұлға дәрежесіне көтере алады.

... Журналист кадрде?! Өз хабарын өзі жүргізіп, бұл хабардың авторы өзі екенін дүйім жұртқа сезіндіріп жүр ме? Неткен мақтан сүйгіштік?!

Газет-журналдарда көп жылдар, тіпті, өмір бақи қызмет істегендер бар. Ал солар «Мен автормын» деп мақтанған емес. Ал ең тұңғыш информациясын жуырда ғана жазған жас журналист «мен мұндалап», ел алдына шығады. Арнайы конкурстан өткен, штатты диктор тұрғанда, бұл не қылған артық жұмыс?! Алғаш журналистің эфирге шыққанын көрген кейбіреулер, міне, осылайша байбалам салып жатады. Алайда өз табиғатын терең танытып, өзгеше қасиеттерін қалың жұртқа қалтқысыз мойындатқанға дейін телевизия мұндайдың талайын басынан кешіреді.

Жаңа өнердің қыры мен сырна жете түсінбей жатып, осылайша орта жолдан өре түрегелгендердің талайының аузына өмірдің өзі қақпақ болды.

Бірте-бірте эфирдегі журналиске жұртшылықтың көзі үйреніп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның экрандағы қызметі көп көңіліне қонымды көріне бастады. Журналист басқаның әзірлеген сұрағын жатқа айтып, оған берілген жауапты жай ғана тыңдаушы болып отырмай, әңгімеге өзі де араласа алады, халық шаруашылығының сан саласы жайлы сөзге маманмен бірге белгілі дәрежеде пікір қоса алады.

Ал тап қазіргі сәтте өтіп жатқан оқиғалар жайлы эфирде тікелей сөз еткенде, журналистің оқиғаға шапшаң әрі ұтымды баға бере алатын қабілеті, өзінің жеке басының қарым-қатынасын жіті жандандырып жеткізетін әңгімесі баға жетпес нәрсе екенін байқатты.

Енді, міне, телевизия табиғатын танытатын, оның насихат және информация құралы ретіндегі рөлі мен қызметін кеңінен талдайтын ең білікті еңбекқор мен ғылыми зерттеулерден, саяси қоғамдық қайраткерлер, өнер мен ғылым өкілдері аузынан журналистің эфирдегі қызметіне арналған мынадай сөздерді естуге болады:

«Комментатор дегеніміз – әрі диктор, әрі режиссер, әрі редактор, әрі автор. Кең мағынасында алсақ, комментатор – әрі репортер, әрі жүргізуші, әрі интервьюер. Бір сөзбен айтқанда, ол – кадрде жұмыс істейтін журналист»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет