I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет86/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   249
Байланысты:
24344 220517 115104
п, б
дыбыстарын 
м, т
дыбыстарына, 
д
дыбысын 
н 
дыбысына алмастыру 
болып табылады және керісінше 
м - д,
м - б, п. 
Мысалы, бал- мал, тал; доп – 
ноп, т.б. Ысқырық, ызың дыбыстардың алмастыруы және шатастыруы жиі 
кездеседі: засыл –жасыл. 
Ц 
дыбысы 
с 
дыбысымен алмастырылады: сирк – 
цирк; 
ч
дыбысы жазуда 
ш, с
немесе 
ж
 
дыбысымен алмастырылады, ал
щ – 
ж
дыбысымен алмастырылады.
Р
дыбысы 
л 
дыбысымен алмастырылып 
жазылады, керісінше 
л- р
алмастыру сирек кездеседі. Қатар келген дауыссыз 
дыбыстардың, дауысты дыбыстың түсіп қалғаны байқалады: сакан – 
стакан; клді – келді, шлек – шелек; керісінше артық дауысты дыбыстарды 
жазуы да кездеседі. Жазбаша тілдің бұзылуы көптеген факторларға 
байланысты: артикуляциялық аппаратындағы ақаулығының тереңдігіне, 
баланың тұлғалық ерекшеліктеріне және компенсаторлы мүмкіншіліктеріне, 
логопедиялық көмекті алған уақытына және түріне, сөйлеу ортасының 
әсеріне. Мектеп жасындағы жалпы сөйлеу тіл дамымауы бар ринолалиясы 
бар балаларда сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық жағының 
дамымауы байқалады. Балалардың сөздік қоры кедей, аз болады. Жазуында 
балалар қосымша сөздерді, септік жалғауларын, демеуліктерді дұрыс 
қолданбайды, яғни балалар жазуында аграмматизмдер байқалады. 
Балалардың ауызша сөйлеу тілі дамымағаны оқу кезінде көрінеді. Оқу темпі 
баяу, сөз элементтерін шатастырады, сөздің формаларын дұрыс ажырата 
алмайды. Оқығанның мазмұнын түсіну әр түрлі денгейде болады; фразадағы 
сөздердің, мәтіннің бөліктерінің өз ара байланысының бұзылуы байқалады. 
Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің жетіспеушілігі адамның барлық 
психикалық функцияларының дамуына әсер етеді. Сөйлеу тілінің 
коммуникативті құрал ретінде бұзылуы адамның ұжымдағы жағдайын 
қиындатады. Олардың құрбыларымен қарым –қатынасы көбінесе бір жақты 
болады да, нәтижесі балаларға кері әсерін тигізеді. Балалар 
ұялшақ,тұйық,ашуланшақ болады.Егер ринолалия таза күйінде кездессе көп 
жағдайда науқастардың интеллектісі сақталған болады. Содан олардың іс -
әрекеттері қолайлы жағдайда болады. 
Сөйлеу тілі ауытқуын түзету жұмысы балалардың оң мінез 
ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болады, жоғарғы психикалық 
функцияларының дамуын ынталандырады. 
Сонымен, туа біткен жарықшалар бала ағзасының қалыптасуына және 
жоғарғы психикалық функцияларының дамуына кері әсерін тигізеді. 
Адамдар өз ауытқуларының орын басатын ерекше жолдарын табады. Соның 
нәтижесінде артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің өз ара байланысы 
дұрыс қалыптаспайды. Бұл біріншіреттік бұзылыстың – сөйлеу тілдің 
фонетикалық өндеуінің бұзылысының- себебі болып табылады. Бұл 
бұзылыс сөйлеу тілінің бір қатар екіншіреттік бұзылысына және адамның 
психикалық статусының бұзылысына әкеліп соқтырады. Бірақ бұндай 
адамдардың бұзылған функцияларын оңалтуу үшін компесаторлы 
мүмкіндіктері өте жоғары. 
 


168 
Ринолалияда кездесетін әр түрлі аутқуларды түзету мүмкіндіктері 
 
Ринолалия 
кезіндегі 
ауытқуды 
түзету 
медициналық 
және 
психологиялық–педагогикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Әдетте 
емдеудің хирургиялық әдістері қолданылады. Уранопластиканың мақсаты – 
қатты таңдай жарықшасынан құтылу (фиссурорафия), жұмсақ таңдайды 
ұзарту (ретротранспозиция) және жұтқыншақ сақинасының ортаңғы бөлігін 
жіңішкерту (мезафарингосконстрикция). Хирургиялық көмек, ең 
біріншіден, баланың тамақтануын жақсартуға және қалыпты тыныс алуын 
қалпына келтіруіне ықпал етеді. Уранопластиканы жасау мерзімі әліде 
толығынан шешілмеген мәселе. Көптеген мамандар бұндай операцияны 
мектеп жасына дейін жасаған жөн деп есептейді. Сонда логопедтің 
көмегімен баланың мектепке барар шағында дұрыс сөйлеуі қалыптасады. 
Бірақ, кейбір жағдайда баланың 5–6 жасында соматикалық және физикалық 
жағдайына байланысты уранопластиканы жасауға мүмкіншілік болмайды. 
Жоғарғы ерінінде және таңдайында жарығы бар балаларды хирургиялық 
емдеу бірнеше қадамдарда жүзеге асырылады. Ақау формасы мен баланың 
ағза жағдайына тәуелді еріннің жарығы 2-3 күннен бір жылға дейінгі 
мерзімдерде операцияланады(хейлопластика). Бұл баланың дамуынын 
жақсартады, сыртқы түрін қалыпқа келтіреді. Жоғарғы еріннің, мұрынның 
қалған ақауларын және таңдайдың деформациясын жою бойынша жұмыс 7 
жастан 14 жасқа дейін жасалынады. Логопедиялық тәжірибеде сәтті 
жасалған уранопластиканың маңызы өте зор. 
Кейбір жағдайда туа біткен жарықшалары бар балаларға операция 
жасалмай, обтуратор (жарықшаны жауып түратын пластинаны) қолдану 
ұсынылады. Егер обтураторды алғашқы сөздер шыққанға дейін (1-2 жасқа) 
қолданса, баланың белсенді сөйлеуінің дамуы қолайлы жағдайда өтеді. Бірақ 
сонда да мұрындық реңк толығынан жойылады деп кепіл берілмейді. Еріннің 
және 
таңдайдың 
жарығы 
бар 
балалардың 
көбісін 
толығымен 
реабилитациялау үшін бір хирургиялық ем жеткіліксіз. Бұл науқастар 
бірқатар мамандардың (стоматолог, ортодонт, ортопед, отоларинголог, 
логопед, невропатолог, офтальмологтардың және т.б.) тарапынан көмекті 
қажетсінеді. Диспансерлі бақылау мен емдеу жүйесінің тарабынан оларға 
көмек көрсетіледі. Диспансеризация идеясы 1950 жылдарда пайда болған. 
(М. Д. Дубов). Диспансеризацияның қазіргі заманғы қағидасының ғылыми 
негіздемесі мен тәжірибеде кең пайдаланылуын Б. Я. Булатовская 1958 - 1971 
жылдары жүзеге асырды. Оның ұсынысы бойынша жарықтары бар 
балаларды алғашқы диспансерлі бақылауға алу мен емдеу шаралары 
өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет