I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет17/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230
Байланысты:
1 қыркүйек слайд, Аманғали Абылай
Дыбыс айтуды тексеру
Дыбыс айтудың кемістіктері әр түрлі тіл бұзылыстарында жиі 
кездеседі, сондықтан артикуляциялық аппаратты, дыбыс айтуын, 
фонематикалық түсінігін тексеру барысында алынған деректерді 
салыстырып, талдау бұзылыстың себептері мен түзету жұмыстарының 
тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауда маңызы зор. 
Дыбыс айтуды тексеру екі бағыттан тұрады, оның бірі артикуляциялық 
– дыбыстың пайда болу ерекшелігін анықтау және дыбысты айту кезіндегі 
артикуляция мүшелерінің қимылдары. Екіншісі – фонологиялық - тіл 
дыбыстар (фонема) жүйесін әр түрлі фонетикалық жағдайда ажырату. Бұл 
екі аспект бір бірімен тығыз байланысты. 


37 
Логопедиялық арнайы әдебиеттерде дыбыс айту бұзылыстарын 4 түрге 
бөледі: 
-
дыбысты мүлдем айтпау; 
-
дыбысты бұзып айту; 
-
дыбысты тұрақты алмастыру; 
-
дыбысты шатастыру. 
Дыбыс айтуды тексерудің негізгі мақсаты – фонеманың бұзылу түрін, 
бейімдейтін себептерін анықтау болып табылады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды тексеру фонетикалық топтар бойынша 
жүргізіледі. 
Дыбыстарды былай топтастыруға болады: 
1)
дауысты дыбыстар: а, ә, о, у, э, и, ы, і, ұ, ү, ө 
2)
дауыссыз дыбыстар: 
а) ысқырық, ызың, аффрикаттар: с, з, ц, ш, ж, ч, щ, т.б.; 
б) үнді дыбыстар: р, л, й; 
в) қатаң және ұяң дыбыстар: п-б, т-д, к-г, қ-ғ, ф-в, с-з, ш-ж және жіңішке 
айтылулары. 
Жіңішке дауыссыз дыбыстардың айтылуы жуан дауыссыздардың 
айтылуынан кейін анықталады. 
- Дыбыс айтуын тексеру мынандай кезектілікпен жүргізіледі: 
-
дыбысты жеке тұрған күйінде айтқызу; 
-
буында айтқызу (ашық, жабық буында, ортасында); 
-
сөзде айтқызу (дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында болу керек); 
-
сөйлемде айтқызу. 
Тексеруге арналған сөздер фонетикалык және дидактикалық негізде 
баланың жас ерекшелігін ескере отырып сұрыпталады. Мысалы, "С" 
дыбысының айтылуын тексеру үшін "Мен айтамын, сен қайтала" ойынын 
ойнау арқылы жеке дыбысты буында айтылуын тексеруге болады. 
С- С- С 
Са - со - су - сы 
Ас, ос - ус – ыс 
Сла - сло - слу 
Аск - оск – ыск 
Жеке дыбысты өз бетімен айтуын тексеру үшін балаға «жылан қалай 
ысылдайды?, орман қалай шуылдайды?» деген сұрақтар қоюға болады. 
С дыбысының сөзде айтылуын тексеру үшін логопед: 
- Мен сурет көрсетем, сен оны ата. 
(суреттер: сабын, сақа, мысық, қасқыр, қас, сағат, құс т.б.). ' 
"Мен айтайын, сен қайтала" немесе "жаңғырық" ойынын ойнап "С" 
дыбысының сөйлемде айтылуын тексеруге болады. 
 
Сара сағат сатып алды. 
Самат сиыр суарды. 


38 
Салтанат пен Аскар суаттан су тасыды. 
Дыбыстарды тексерген кезде оларды бала айтканнан кейін

ақаулықтарын көрсетіп нәтижесін бірден жазып алады. Баланың дыбысты 
бұзып айтуы, дыбысты айтпай тастап
 
кеткені, басқа дыбыстармен 
алмастырылғаны немесе үндері ұқсас екі дыбысты шатастырып айтканы 
көрсетіледі. 
Тексерудің нәтижесін былай жазып көрсетуге болады: 
"С" дыбысы дурыс айтылады +. 
"С, С' " дыбыстары бұзылып айтылғанда: тісаралық (бүйірлік, мұрындық) 
"С" дыбысы "Ш" дыбысымен алмастырылғанда: С = Ш, немесе С -> Ш. 
Жеке С - Ш дыбыстарын дұрыс айтады, сөзде шатастырады С <—> Ш. 
Үндері ұқсас С мен Ц дыбыстарының екеуін де бірдей тісаралық жіңішке С 
ұқсас айтады. С,Ц = С тісаралык-,
С дыбысын айтпайды , тастап кетеді - .
С-
Баланың дыбысты жеке тұрған күйндегісін дұрыс айтып, ал сөйлеу тілінде 
оны басқа дыбыстармен шатастырып, немесе алмастырып, немесе түсіріп 
қалдырып, кейде қате айтуы мүмкін екенін ескеру қажет. Тексеру кезінде 
бұған ерекше назар аудару керек. Сондықтан жеке дыбыстардьң айтылуьн 
тексерген соң, бала оларды енді ауызекі тілінде қалай пайдаланатынын 
анықтау қажет. 
Дыбыстың сөз ішінде айтылуын тексеру үшін окиға желісіне құрылған және 
жеке заттарды бейнелейтін суреттерді пайдаланады. 
Сюжетті суреттерді арнайы іріктегенде олардың атауы аталған сөздердің 
ішінде тексерілетін дыбыстар болу керек. Ол дыбыстар сөздің әр жерінде, әр 
түрлі жағдайларда басқа дыбыстармен тіркесіп тұрған болу керек. Бір сөз әр 
түрлі тіркестерден бірнеше дыбыстардың айтылуын тексеру үшін 
пайдаланылады. Мысалы, "шарбақ" деген сөзден 
ш,р,қ
дыбыстарының 
үшеуін бірден тексеруге мүмкіндік туады. Балаға өзі жатқа білетін өлеңін, 
немесе бұрын окыған кітабының мазмұнын, немесе ертегі айтқызады және 
ішінде тексерілетін дыбыстар көп кездесетін сөздерден құрылған сөйлемді 
қайталатады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет