346
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының
әдістемесі
Оқу мен жазудың бұзылу механизмдері
көптеген жағдайда ұқсас
болады, сондықтан логопедиялық-түзету жұмыстарының бағыттары бірдей
келеді. Қазіргі кезеңдегі зерттеулерде жазудағы, оқудағы ерекше
қателердің тұрақты кездесуіне,
жалпы жазу, оқу дағдыларының
қалыптасуына олардың функционалды базистерінің әсері зор деп
есептеледі, ерекше көңіл бөледі. Жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына
қажетті алғы шарттарын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін
қарастырайық.
Кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру
Кеңістік пен уақыттың кезектілігін анықтауға
арналған жаттығулар
сөздің дыбыстық, буындық және морфемдік құрылымын талдауға негіз
болады. Сонымен қатар уақыт туралы ұғымдарын дамыту сөз қырын
белсендетуге және етістіктің шарттарын түсінуге ықпалын тигізеді.
Кеңістікті бағдарлау жұмысы өзара тығыз байланысты екі бағытта
жүргізіледі:
- өз
денесін бағдарлау, оң сол дене мүшелерін ажырату;
- қоршаған кеңістікті бағдарлау;
Қоршаған кеңістікті бағдарлау жұмысын жүргізу барысында онтогенезде
кеңістікті қабылдау және түсінігін ескеру қажет. Алдымен бала оң-сол
қолын білуі қажет, соның негізінде дене мүшелерінің
оң солын айыра
бастайды.
Көріп талдау және жинақтауын дамыту
Бұл бағыттағы жұмыс кеңістікті бағдарлауын, әсіресе әріптің
графикалық элементтерінің кеңістікте орналасуы, әріптердің
ұқсас және
айырмашылығын анықтаумен тығыз байланыста жүргізіледі.
Баланың сукцессивті қабілетін дамыту
Сукцессивті қабілеттін дамытуға арналған жаттығулар қимыл, кеңістік,
уақыт, сөйлеу кезектілігін есте сақтап, жоспарлап іс жүзінде іске
асыруға бағытталады.
Фонетикалық деңгейдегі түзету жұмысы
Фонетикалық деңгейдегі жұмыс екі бағытта жүргізіледі:
-
сөздің дыбыстық құрамын талдау (жай түрінен күрделіге қарай)
-
фонетикалық қабылдауын, яғни ұқсас фонемаларды ажырату.
Балалардың фонематикалық түсінігі (қабілеті) фонемалардың әр түрлі
нұсқаларын бақылап,
оларды өзара салыстырып, талдап, қортындылау
нәтижесінде қалыптасады. Фонематикалық түсінігінің қалыптасуына
артикуляциялық кинестезияның маңызы зор. Сондықтан артикуляциялық
аппараттың жұмысына алғашқы сабақтан бастап балалардың зейінін, көңілін
347
аудару керек. Сабақтың бастапқы кезеңінде алдыңғы қатардағы дауысты
дыбыстар және айтылуы сирек
бұзылатын дауыссыз дыбыстар
(П,М,Н,Ф,Т,К ...) өтіледі. Бұл кезеңде артикуляцияның сиппаттамасына терең
тоқталмай, оның негізгі белгілеріге ғана тоқталған жөн.
Дыбыстарды ажыратуын анықтау, бекітуге бағытталған логопедиялық
жұмыс әр түрлі анализаторға (сөйлеу, есту, қимыл, көру т.б.) сүйене отырып
жүргізіледі.
Шатастыратын дыбыстарды ажырату жұмысы екі кезеңнен тұрады:
-
алғашқы кезең;
-
шатастыратын дыбыстарды естігенде айтқанда ажырату.
Достарыңызбен бөлісу: