351
-
сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтау;
-
жалғау және жұрнақтар мағынасын анықтау, дұрыс пайдалану.
Грамматикалық деңгейдегі түзету жұмысы
Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
Дисграфияның әр түрлері әртүрлі себептермен ерекшеленеді,
сондықтан түзету жұмысында да ерекшеліктері болады. И. Н.
Садовникова
(1997), Р. И. Лалаева «2001), Л. В. Венедиктова (2001), т.б. жазбаша сөйлеу
тілін түзету логопедиялық жұмысы ақаулықтың түріне, механизміне
байланысты жүргізілетінін негіздеген.
Акустикалық сипаттағы жазудың бұзылуын түзету жұмысында
балалардың фонематикалық қабылдауын және де дыбыстық талдау мен
жинақтауын дамытуға бағытталған тәсілдерді қолдану қажет. Л. Г.
Парамонованың
(2004)
пайымдауынша,
артикуляторлы-акустикалық
дисграфияны түзету жұмысы дыбыс айтуын түзету
мен осы дыбыстарды
анық естіп ажыратудан бастау керек. Сонымен қатар, ғалым фонематикалық
талдау, жинақтауын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет деп есептейді. Ал,
аграмматикалық дисграфияны түзету жұмысында жазбаша жаттығуларды
кеңінен қолдану арқылы баланың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын
қалыптастыру қажет деп санайды.
Дисграфияның
түріне байланысты түзету жұмысында біршама
өзгешеліктер
болғанымен, дисграфияның барлық түрінде ортақ бірқатар
маңызды жағдайларды ескеру қажет. Біріншіден, алдымен жазу процесіне
қажет операцияларды қалыптастыру қажет. Мысалы, акустикалық
дисграфияда бала ұқсас
дыбыстарды ажырата алмайды, сол себептен ол
Сөйлемнің байланысы
Септік жалғаулар
Сөйлемнің түрлері
Сөз тіркестері, сөйлем
352
әріптерді алмастырады. Бұл жағдайда алдымен дыбыстарды ажыратуын
дамыту қажет. Бұл жұмыс бағыты дисграфияның барлық түрінде
қолданылады. Екіншеден, жұмыс барысында сақталған анализаторға сүйену
қажет. Мысалы, бала
С-Ш дыбыстарын ажырата алмайды, өйткені есту
анализаторының функциясы жеткілікті дамымаған, онда алдымен баланың
көңілін артикуляциялық аппараттың қалпына, қимылына аудару керек. Яғни,
мұнда көру, қимыл, сезім анализаторын жұмысқа қосу тиімді.
Дисграфияның әр түріне қатысты түзету әдістемелеріне кеңінен
тоқталайық.
Аграмматикалық дисграфияны түзету.
Р. И. Лалаева аграмматикалық дисграфияға мынандай сипаттама береді:
«
Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының
(морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі... Жазуда сөйлем деңгейіндегі
аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау,
жұрнақтарды алмастырумен, септік жалғауды дұрыс қолданбауымен,
күрделі сөйлемдерді құрастырудағы қиыншылықтарымен, сөйлемдегі сөз
кезектілігін сақтамау, таспап кетуімен сипатталады
».
Түзету жұмысының негізгі міндеттері:
-
заттың атауын, іс-әрекетін, сипатын білдіретін сөздерді мағынасымен
сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
-
сөздің морфологиялық құрамы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту,
жетілдіру;
-
сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту, жетілдіру.
Аграмматикалық дисграфияны түзету логопедиялық жұмысының
мазмұны:
-
балалардың сөз қорындағы сөздердің мағынасын анықтау және әр түрлі
сөз таптарын жаңа сөздермен, сөзжасам дағдыларын менгерту арқылы
сөз қорын молайту. Түбірлес сөздерді біртіндеп менгерту;
-
сөз тіркестерін, сөйлем арасындағы байланысты, әр түрлі синтаксистік
құрылымдардың модельдерін менгеру арқылы сөйлеу тілінің
грамматикалық жағын анықтау, дамыту және жетілдіру;
-
байланыстырп сөйлеу тілін мына бағыттарда дамыту:
әңгіменің кезектілігін анықтау;
әңгіме құрастыруға қажет сөздік материалды іріктеу;
үлгі бойынша сөйлем құрастыру, қайта құрастыру дағдысын жетілдіру.
Оптикалық дисграфияны түзету.
Оптикалық дисграфияны түзету жұмысының негізгі міндеттеріне:
-
көріп қабылдауын, талдау, жинақтауын дамыту;
-
жазуда шатастыратын әріптерді ажырату жатады.
Логопедиялық түзету жұмысының негізгі мазмұны:
-
түр, түс, көлем туралы түсініктерін анықтау;
-
өз денесін, қоршаған ортаны бағдарлау;
-
әріптерді құрастыру, қайта құрастыру;
-
әріптерді табу, бөліп айту.
Логопедиялық түзету жұмысының негізгі бағыттары:
353
-
көріп қабылдауын және тануын (гносисын) дамыту;
-
көріп есте сақтауын анықтау және кеңейту;
-
кеңістік түсінігін, қабылдауын дамыту;
-
көріп талдау, жинақтауын дамыту;
-
шатастыратын дыбыс және әріппен жұмыс.
Ажырату жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:
-
жеке әріптерді ажырату;
-
шатастыратын әріптерді буында ажырату;
-
шатастыратын әріптерді сөзде ажырату;
-
шатастыратын әріптерді сөйлемде ажырату;
-
шатастыратын әріптерді мәтінде ажырату.
Жоғарыда аталған
жұмыс бағыттары негізінде
Достарыңызбен бөлісу: