Реферат тақырыбы: «Дисграфия»



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі25,87 Kb.
#120972
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
реферат арай


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Дисграфия»
Орындаған: Эргашова А.
Тобы:1901-29
Қабылдаған: Аширбаева А.Б.


Шымкент-2021ж.


Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары

Дисграфияның әр түрлері әр түрлі себептермен ерекшеленеді, сондықтан түзету жұмысында да ерекшеліктері болады. И.Н.Садовникова (1997), Р.И.Лалаева (2001), Л.В.Венедиктова (2001), т.б. жазбаша сөйлеу тілін түзету логопеиялық жұмысы ақаулықтың түріне, механизміне байланысты жүргізілетіні негізделген.


Акустикалық сипаттағы жазудың бұзылуын түзету жұмысында балалардың фонематикалық қабылдауын және дыбыстық талдау мен жинақтаын дамытуға бағытталған тәсілдерді қолдану қажет.
Л.Г.Парамонованың (2004) пайымдауынша артикуляторлы — акустикалық дисграфияны түзету жұмысы дыбыс айтуын түзету мен осы дыбыстарды анық етіп ажыратудан бастау керек. Сонымен қатар фонематикалық талдау, жинақтауын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет деп есептейді. Ал, аграмматикалық дисграфияны түзету жұмысында жазбаша жаттығуларды кеңінен қолдану арқылы баланың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру қажет деп санайды.
Дисграфияның түріне байланысты түзету жұмысында біршама өзгешеліктер болғанмен, дисграфияның барлық түрінде ортақ бірқатар маңызды жағдайларды ескеру қажет. Біріншіден, алдымен жазу процесіне қажет операцияларды қалыптастыру қажет. Мысалы, акустикалық дисграфияда бала ұқсас дыбыстарды ажырата алмайды, сол себептен ол әріптерді алмастырады. Бұл жағдайда алдымен дыбыстарды ажыратуын дамыту қажет. Бұл жұмыс бағыты дисграфияның барлық түрінде қолданылады. Екіншіден, жұмыс барысында сақталған анализаторға сүйену қажет. Себебі, бала С-Ш дыбыстарын ажырата алмайды, өйткені есту анализаторының функциясы жеткілікті дамымаған, онда алдымен баланың көңілін артикуляциялық аппараттың қалпына, қимылына аудару керек. Яғни, мұнда көру, қимыл, сезім анализаторын жұмысқа қосу тиімді.
Дисграфияның әр түріне қатысты әдістемелеріне кеңінен тоқталайық.
Аграмматикалық дисграфияны түзету.
Р.И.Лалаева (1) аграмматикалық дисграфияға мынандай сипаттама береді: «Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының (морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі… Жазуда сөйлем деңгейіндегі аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау, жұрнақтарды алмастырумен, септік жалғауды дұрыс қолданбауымен, күрделі сөйлемдерді құрастырудағы қиыншылықтармен, сөйлемдегі сөз кезектілігін сақтамау, тастап кетумен сипатталады».
Түзету жұмысының негізгі міндеттері:

  • заттың атауын, іс — әрекетін, сипатын білдіретін сөздерді мағынасымен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;

  • сөздің морфологиялық құрамы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;

  • сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту, жетілдіру.

Аграмматикалық дисграфияны түзету логопедиялық жұмысының мазмұны:

  • балалардың сөз қорындағы сөздердің мағыасын анықтау және әр түрлі сөз таптарын жаңа сөздермен, сөзжасам дағдыларын меңгерту арқылы сөз қорын молайту. Түбірлес сөздерді біртіндеп меңгерту;

  • сөз тіркестерін, сөйлем арасындағы байланысты, әртүрлі синтаксистік құрылымдардың модельдерін меңгеру арқылы сөйлеу тілінің грамматикалық жағын анықтау, дамыту және жетілдіру;

  • байланыстырып сөйлеу тілін мына бағыттарда дамыту:

  • әңгіменің кезектілігін анықтау;

  • әңгіме құрастыруға қажет сөздік материалды іріктеу;

  • үлгі бойынша сөйлем құрастыру, қайта құрастыру дағдысын жетілдіру.

Оптикалық дисграфияны түзету.
Оптикалық дисграфияны түзету жұмысының негізгі міндеттеріне:

  • көріп қабылдауын, талдау, жинақтауын дамыту;

  • жазуда шатастыратын әріптерді ажырату жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет