Жоғарыда айтылған жұмыс бағыттары негізінде перспективті жоспар құрастырылады.
Оптикалық дисграфияны түзету барысында қолданылатын жұмыс тәсілдерін құрастырайық.
1. Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданылатын тәсілдер:
бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж, т-г, р-в, т.б.);
әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.
Оптикалық дисграфия, дислексияда әріп бейнесін бекіту үшін әріпті бір ұқсас затпен сәйкестендіру (О — дөңгелекпен, З — жыланмен,т.б.) немесе тақпақтар жаттау сияқты тәсілдер қолданған тиімді. Мысалы: Мына әріпке қарашы,
Былай «Е», былай «Ш»
Сонымен, ЖСТБ-ы әртүрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарлы дұрыс құрастырып, оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылу керек:
қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технолгиялары мен көзқарастарды ескеру;
логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу.
Бағдарламада түзету жұмысының мақсаты мен міндеттері, мазмұны дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей міндеттерді атауға болады: