төртінші деңгейіндегі балалардың
сипаттамасы.
366
Әдетте, ЖСТД балалардың мектепалды даярлық тобына келіп түсуі
алдында, өткен жылдарда сөйлеу тілі кемістіктері түзелген болса да, сөйлеу
тілі компоненттерінің (фонетика, лексика, грамматика) дәл сол берілген
уақытта белгіленген шамаға келмеуіне байланысты балалармен сөйлеу тілін
дамыту жұмысы келесі топта жалғастырылады.
Сөйлеу тілінің мұндай кешеуілдеуі кейінгі уақытқа дейін жалпы
сөйлеу тілі дамымауының көмескі түрі деп аталып келді.
Сөйлеу тілінің бұл
түрін ресейлік автор Т. Б. Филичева және Қазақстандық автор М. С.
Грушевская зерттеген.
Қазіргі уақытта мұндай сөйлеу тілі дамымауын «ЖСТД 4-деңгейі» деп
белгілейтін болды. (Т. Б. Филичева).
Бұл деңгейдегі балалар ең алдымен, өз ойларын түйіндеп айта алмаумен
сипатталады. Берілген тақырып, сурет, сюжетті суреттер сериясы бойынша,
тіректі сурет схемасы бойынша әңгіме құрастыру кезінде, жүйелі логикалық
ой бағыты бұзылып, ортасында тоқтап қалып, негізгі түйінін айтпай кетеді
және жеке эпизодтарды қайталай береді.
Әңгімелеуінде балалар аз ақпарат беретін жәй және жайылма сөйлемдерді
қолданады. 4-деңгейдегі балалар өз ойларын жоспарлай алмайды, тіл
құралдарын іріктеуде қиналады.
Осы деңгейдің барлық балаларын Т. Б. Филичева (1999) екі топқа бөледі
Бірінші топ (шамамен балалардың 70-80 %) – фразалық сөйлеу тілін
пайдалануды меңгергендер. Олар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді,
сурет бойынша қысқаша әңгіме құрай алады, жеңіл мәтінді айтып береді.
Сөйлеу тілі нәтижесін терең талдау барысында – оның жоғары дәрежеде
емес екені байқалады.
Сөйлеу тілінің дыбыс айту жағы қалыптасқан, бірақ жеке дыбысты
айтудың бұзылыстары орын алады, аз таныс, көп буындық және дауыссыз
дыбыстар қатар келген сөздерді қайталап айтуда қиындықтар кездеседі
(
бисопед
– велосипед, миницарер – милиционер, құлышы – құрылысшы
),
жалпы бұрмалау, дыбыс айтудың анықсыздығы.
Ересектер тобында оқу барысында балалар бір буындық сөздерге (тас)
талдау жасап, тік буынды талдап жинақтауға, сөздегі дыбыстың орнын
табуға үйренеді. Сонымен қатар балалар әлі сөйлеу тілі қалыпты дамыған
балалардың даму деңгейіне жетпейді.
Толық фразалы сөйлеу фонында сөйлеу тілі жүйесінің әр
компонентінің дамуында жеке ауытқулар байқалады. Сурет бойынша әңгіме
құрып, сөйлем құрастыру, өз бетімен әңгімелеу едәуір қиындықтар
тудырады. Балалардың сөйлеу кезіндегі сөйлемдері бастауыштан,
баяндауыштан және толықтауыштан тұратын, жәй және жайылма сөйлемдері
болып келеді. Сөз таптарының ішінен сын есім, сан есім, үстеулер,
есімшелер, көсемшелер сирек кездеседі.
Бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің құрамы жеңілдетілген. (
Әсет асық
ойнайды, Асан машина ойнайды)
.
Бастауыш немесе
зат есім сөзін мүлде
айтпай кетеді де, аздап қарсылықты және талғаулы жалғаулықтар азнаулақ
кездеседі, бағыныңқы құрмалас сөйлем жалғаулықтары жете меңгерілмеген.
367
Сөйлеу құралдарын қолдануларының шектеулігі сөйлеу тілінде,
әсіресе сөз өзгерту және сөзжасамға берілген тапсырмаларды орындағанда
анық көрінеді.
Бұл балалар синонимдерді іріктегенде қиналады да,
антонимдерді болымсыз етіспен, «
емес»
- сөзінің көмегімен құрайды (
таза
– таза емес (кір, лас), жылы – жылы емес (суық), кәрі - кәрі емес (жас),
кейбір антонимдерді бір сөзбен алмастырып пайдаланады, (үлкен деген сөз
биік, жоғары, ұзын, жалпақ сөздерінің орнына жүреді) бұл да сөйлеу тілінің
көмескі түріндегі балаларға тән қасиет
(Г. Б. Ибатова, 2010)
.
Төртінші деңгейдегі балалар сөздерге көптік жалғауын дұрыс жалғай
алмайды, (
ағашдар – ағаштар, көйлектар – көйлектер, киімдар – киімдер,
шалбардар – шалбарлар
). Сөйлеу тілінде кеңістікке қатысты сөздер аз
қолданады:
жан-жағында, артында, арасында, алдында, ішінде, жанында;
дұрыс қолданатыны бұрын үйретіліп бекітілген үстінде, астында деген
сөздер.
Екінші топты (20-30 %) тіл құралдары аса шектеулі балалар құрайды.
Оларда бірінші топқа қарағанда, көбінесе сөйлеу тілінің дыбыс айту жағы
бұзылған, сөз қоры сапалық және сандық жағынан төмен. Мысалы, олар сөз
жасауды жақсы меңгермеген, түбірлес сөздерді, синоним, антонимдерді
іріктеуге берілген тапсырмаларды қиындықтармен орындайды.
Балалардың өз бетімен сөйлеу әрекеті ересек адамның көмегін қажет
етеді, сөйлем құрамы бұзылған (басыңқы және болмашы мүшелерін тастап
кету) байқалады, жалғаулықты сөздер сөйлемдерге кірмейді. Мысалы:
«Мен
бармадым немесе «Мен барған жоқпын», «Мен алған жоқпын» деп айтудың
орнына балалардан: «Мен бардым жоқпын», «Мен алдым жоқпын»
- деген
жауаптар естуге болады.
Бұл топ балалары жалпылама сөздерін аз пайдаланады (киім, аяқ киім,
көлік, азық-түлік, мамандық және т.б.)
Сөйлеу тілінің мағыналық жағын жетік меңгермеген. Өсімдіктердің,
әртүрлі мамандық иелерін, дене мүшелерін білдіретін сөздердің қатарын
келтіруге болады (бақташы, бағбан, бірқазан, кактус, самай, иек, шынтақ,
мойын, тізе). Балалардың сөйлеуінде, тұрақты болып зат есімнің
кішірейтіліп алынған жұрнақтары қолданылмайды немесе балалар қате
айтады (үйшік – кішкентай үй), тәуелдік жалғаулары сын есіммен
байланыстырылмайды (қасқырның ұзын құйрық (қасқырдың ұзын
құйрығы)).
Сөйлеу тілі дамуының 4-деңгейіндегі балалар идиоматикалық
айтылудың ауыспалы мәнін түсінуде қиналады: «
алтын күз», «алтын
алақан», «ыстық жүрек»
т.с.с.
Аталған қателер бірнеше рет тиянақты, сапалы түрде тексеру және
лексикалық материалды кеңінен қолданғанда ғана айқындалады. Төртінші
деңгейде лексикалық-грамматикалық дамудың ерекшелігі қалыпты дамумен
салыстырғанда анық көрінеді.
Балалардың сөйлеу тілінің даму барысындағы оң өзгерістерге
қарамастан, балалардың байланыстырып сөйлеу тілін меңгерудегі
айтарлықтай өзгерісті байқай отырып, логопедиялық тәсілдерді пайдалану
368
дифференциалды түрде болып, жұмыс барысын осыған орай құру қажет
болады.
ЖСТД көмескі түріндегі (4-деңгейдегі) мектеп жасына дейінгі
балалардың мектепке дайындығын тексеру нәтижесінде көру – моторлы
координациясының, естіп және көріп-есте сақтауының жеткіліксіздігіне,
қолдың ұсақ моторикасының, сукцессивті функциялардың бұзылғандығына
көз жеткізуге болады. Әрине, осының барлығы ертең баланың мектептегі
үлгерімінің төмен болуына әкелетіні сөзсіз. Сондықтан осының барлығын
логопед түзету жұмысын ұйымдастырғанда ескеруі қажет.
Көптеген авторлар (Р. Е. Левина, Б. М. Гриншпун, Т. Б. Филичева)
сөйлеу тілі дамымаған балалардың коммуникативті дағдыларының
қалыптасуындағы қиындықтар орын алатынын дәлелдеген. Қарым-қатынас
жеткіліксіздігі өз алдына танымдық және сөйлеу-ойлау әрекетіндегі
қиындықтарға алып келеді. ЖСТД балаларға қарым-қатынас жасау
қажеттілігінің төмендігі, диалогтық және монологтық сөйлеу тілдерінің
қалыптаспауы, қатынас жасауға қызығушылығының жоқтығы, қатынас
жағдайында бағдарлау білігінің аздығы тән.
Баланың өз бойындағы кемшілікке теріс көзқарасы, оның қарым-
қатынасқа тез түсуіне кедергі болады.
Баланың жетілмеген сөйлеу тілін дамытуға бағытталған логопедиялық
жұмысты ұтымды ету мақсатымен, түзете - оқыту жұмысы мазмұнында
мектеп жасына дейінгілердің коммуникативтік білігін өсіруді алдын ала
қарастырған жөн
.
Достарыңызбен бөлісу: |