І-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


І-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет3/3
Дата13.10.2023
өлшемі449,93 Kb.
#185330
1   2   3
Байланысты:
1 бжб Кинематика

І-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.1.1.2 Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу, 10.1.1.6 Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану , 10.1.1.8 Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану , 10.1.1.9 Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау , 10.1.1.10 Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Жүйелік және кездейсоқ қателіктер көзін анықтайды
Кинематика теңдеулерін есептер шығаруда қолданады ; Салыстырмалық принципін есептер шығаруда қолданады ; Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайды ; Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтайды ;
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
3 нұсқа
Тапсырмалар

  1. Суретте мензурканың бастапқы және соңғы су көлемі мәндері белгіленген.


Бастапқы және соңғы су көлемі мәндерін қателікті ескеріп жазыңыз
Бастапқы көлемі__________________мл
Соңғы көлемі__________________мл
[2]
2. Суретте үш дененің қозғалыс бағыттары берілген. Олардың жылдамдықтарының модульдері сәйкесінше қозғалмайтын бақылаушыға қатысты: υ1 = 5 м/с, υ2 = 4 м/с, υ3 = 2 м/с. Жылдамдықты қосу заңын қолдана отырып,
а) бірінші денеге;
б) үшінші денеге
қатысты денелердің қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз.

[2]
3. Автобус түзусызықты қозғалыспен жүреді. Графикте автобус жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.
(а) Алғашқы 2 с уақытта жүрілген жолды анықтаңыз
. [1]
(b) 2 -4 с уақыт аралығындағы жүрілген жолды анықтаңыз.
[1]

(с) Автобустың келесі уақыт аралығындағы қозғалысын сипаттаңыз.


(1) 0 с пен 2 с уақыт аралығы; [1]
(2) 4 с пен 6 с уақыт аралығы; [1]
(3) Минимал үдеу модулі неге тең? [1]


  1. Радиусы 30 см шкивтің айналу жиілігі 120 айн/мин. шкивтің айналу периодын, бұрыштық жылдамдығын және айналу осінен ең алыс шкив нүктелерінің центрге тартқыш үдеуін анықтаңыз.

[3]
5. Дене 15 м/с бастапқы жылдамдықпен көкжиекке 60⁰ жасай лақтырылды. Ауа кедергісі ескерілмейді.(g=10 м/с2)

Дененің :
(а) Ұшу ұзақтығын ;
(b) Максимал көтерілу биіктігін;
(с) Максимал алыстау қашықтығын анықтаңыз.
[3]
Жалпы балл:15



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет