І-ТОҚСАН БОЙЫНШАЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары 10.1.1.2 Жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу, 10.1.1.6 Сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану , 10.1.1.8 Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану , 10.1.1.9 Қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау , 10.1.1.10 Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы Жүйелік және кездейсоқ қателіктер көзін анықтайды
Кинематика теңдеулерін есептер шығаруда қолданады ; Салыстырмалық принципін есептер шығаруда қолданады ; Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайды ; Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтайды ;
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
2 нұсқа
Тапсырмалар
Суретте мензурканың бастапқы және тас сазылған кездегі су көлемі мәндері белгіленген.
Бастапқы және тас сазылған кездегі су көлемі мәндерін қателікті ескеріп жазыңыз
Бастапқы көлемі__________________мл
Тас салынған судың көлемі__________________мл
[2]
Суретте үш дененің қозғалыс бағыттары көрсетілген. Қозғалмайтын бақылаушыға қатысты бірінші және екінші дененің жылдамдық модульдері сәйкесінше υ1 = 5 м/с, υ2 = 4 м/с тең. Модуль бойынша үшінші дененің жылдамдығы екіншісіне қатысты υ3 = 3 м/с-қа тең. Үшінші дененің жылдамдығын:
а) қозғалмайтын бақылаушыға;
б) бірінші денеге
қатысты анықтаңыз.
[2]
3. Автобус түзусызықты қозғалыспен жүреді. Графикте автобус жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.
(а) Алғашқы 5 с уақытта жүрілген жолды анықтаңыз
. [1]
(b) 5 -7 с уақыт аралығындағы жүрілген жолды анықтаңыз.
[1]
(с) Автобустың келесі уақыт аралығындағы қозғалысын сипаттаңыз.
(1) 0 с пен 5 с уақыт аралығы; [1]
(2) 7 с пен 10 с уақыт аралығы; [1]
(3) Минимал үдеу модулі неге тең? [1]
4.Желдеткіш тұрақты жылдамдықпен айналады және екі минут ішінде 2400 айналым жасайды. Желдеткіштің айналу жиілігін, айналу периодын және желдеткіш қалақшасының шетінде айналу осінен 10 см қашықтықта орналасқан нүктенің сызықтық жылдамдығын анықтаңыз.
[3]
5. Дене 10 м/с бастапқы жылдамдықпен көкжиекке 30⁰ жасай лақтырылды. Ауа кедергісі ескерілмейді.(g=10 м/с2)
Дененің :
(а) Ұшу ұзақтығын ;
(b) Максимал көтерілу биіктігін;
(с) Максимал алыстау қашықтығын анықтаңыз.
[3]
Жалпы балл:15