І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі



бет3/9
Дата09.06.2020
өлшемі60,5 Kb.
#63302
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі.

27 қыркүйек 3 қазан аралығында жалпы оқушыларға жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәрбие жұмысының рухани - адамгершілік бағытта тәрбиелеу мақсатында "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар" атты апталықты лицей шәкірттері аяулы ұстаздарына арнады. Апталықта оқушылар құттықтау видео, презентация, қабырға газеттерін шығарды. Апталықта оқушылар "өз-өзін басқару күнін" ұйымдастырып мұғалімнің бір күндік қызметін атқарудан бастап, мұғалім орнына сабақ берді. 11 сынып оқушыларынан құралған топ мұғалімдерге концерт қойды. Концерт голливудта «Оскар» сыйлығын алу стилінде өтті.

Халықаралық қарттар күніне орай мектеп- лицейімізде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Домбыра үйірмесіне баратын оқушылар « Тепенкөк» күйімен мерекелік кештің шымылдығын ашса, 2 а сынып оқушылары «Мен атам мен апамның жалғасымын» атты өлең шумақтарын бал тілдерімен айтып берді. Еңбек мұғалімдері Ашкенова Ш.А мен Жамбулова А.А ның оқушыларды ұйымдастыруымен шыны ыдыстардан қолдан бұйымдар жасалып, қарттарға табыс етілді. Риза болған қариялар ақ баталарын берді. Кеш соны естелік суретке түсумен аяқталды.

4- қазан күні 6 А сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жетпіспаева М.А Алефтина Ефимовна Рейнгард және Любовь Семеновна есімді қарта әжелер мен аталардың үйлеріне барып, олардың өмірбаяндарын тыңдап, ақыл- кеңес алып, көмек қол ұштарын берді. Қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы" атты іс- шараға белсене қатысып, әжелерімізбен асық ойнап, ән шырқап, көңілдерін көтеріп қайтты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет