7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.
Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру бағытында олардың ой-өрістері мен интеллектуалдық қабiлеттiлiктерiн кеңейту мақсатында күзгі каникулда жүргізілетін іс-шаралардың жоспары жасалып, өткізілді. Оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру үшін, табиғат сұлулығын сезіне біліп аялау мақсатында "Алтын күз-2018" мерекесі өз мәресіне жетті. Мерекеде ең әдемі күз ханшайымы мен ең батыл да ер жүрек ханзаданы анықталды. Оқушылар тоқсанды жақсы аяқтап каникулға шығып, көңілді күймен тарасты.
Бейінді сыныптар арасында Искакова О.С «Сен білесің бе?» атты қызықты танымды іс-шарасын жүргізді.Каникулда балалар жақсы көретін спорттық іс-шаралар жоспарланып, іске асуда. 8-10 сыныптар қыздар арасында арасында шағын - волейбол бойынша жарыс өткізілді. Ойын барысында қарсыластардың рухын сезінетін, көңілді атмосфера болды.
Дарынды білімді оқушыларды анықтау мақсатында 8-11 сынып білім алушылары үшін мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлығы 107 оқушы қатысты. Көптеген оқушылар қалалық пәндік олимпиадаға жолдама алды.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп білімге басты мән берген. Дана халқымыз «Өнер - ағып жатқан бұлақ, ғылым –жанып тұрған шырақ» деген нақылмен өскелең ұрпақты өнер –ғылымға баулыған.
6 Ә сынып оқушысы Алтыбаева Гаухар «Балдәурен» ән байқауына қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп 2 турға жолдама алды.
Достарыңызбен бөлісу: |