5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Қазан айы бойы апта сайын екі мезгілде «Менің аулам – сенің аулаң!» сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің мақсаты жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, ауламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу. Мектеп аумағын тазарту үшін сенбілікке мектеп ұжымы мен 5-11 сынып оқушылары, техқызметшілер жұмылдырылды. Сенбілікке 125 -ке жуық оқушы, 18 мүғалім мен 20 тех.қызметшілер қатысты.Әр сыныпқа мектеп ауласының бөлек аумағы және мектепке тиесілі территория бөлінген болатын. Бөлінген аумақтарды сынып жетекшілердің қадағалауымен, барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып тазаланды.Сенбілік барысында оқушылар өздерінің белсенділіктерімен, еңбекқорлықтарымен ерекшеленді.Сенбілік барысында кездейсоқ қоқыстан көше тазаланып, барлық мектеп айналасы қамтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |