I. Түсіндірме беретін жазба



бет3/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#4350
1   2   3   4   5   6   7

Тест сұрақтары:
1. Әлемдік тәжірибеде президентті сайлаудың қандай түрлері бар?

A) тікелей, жанама

Ә) бір партиялық

Б) негізгі және қосымша

В) саяси және әлеуметтік

Г) барлық жауап дұрыс

2. Сайлаушының сайлауға немесе дауыс беруге әдейі қатыспауы -

A) абсентеизм

Ә) конкордат

Б) цензура

В) кокустар

Г) филиация

3.Қандай жолдармен Конституция қабылданады?

A) өкілдік сайлау корпусы актісімен

Ә) құрылтай жиналысы парламент

C) сайлау корпусы арқылы қабылдау

D) Президенттің актісімен қабылдау

E) барлық жауаптары дұрыс болады

4. Өкілдік құру қай мемлекеттердің конституциясы қабылданған?

A) АҚШ, Франция

Ә) АҚШ, Германия

Б) Франция, Япония

В) Түркіменстанда

Г) еш жауабы жоқ

5. Сайлау корпусы қай мемлекеттерде конституция қабылданған?

A)Франция, Югославия

Ә) Германия, Үндістан

Б) Европа елдерінде

В) Орта Азия елдерінде

Г) дұрыс жауабы жоқ

6.Атқарушы үкімет басшысы актісімен конституция қабылданған:

A) Франциада

Ә) АҚШ-та

Б) Ұлыбритания

В) Испанияда

Г) Италияда

7. Конституцияны қадағалау органы қызметті жүзеге асырады?

A) нормативтік-құқықтық актілердің

Ә)конституцияның заң талаптарына

Б) халықаралық келісім шарттардың

В) актілердің дұрыс орындалуын

Г) барлық жауаптары дұрыс емес

8.Органдардың жалпы тәртібі қандай актілермен реттеледі?

A) сайлау муниципалиттер

Ә) Президент жарлықтары

Б) Конституцияларыменен

В) жергілікті басқару заң

Г) территория туралы Заң

9. Көп дғрежелі сайлау неше түрлі болады және қандай?

A) үш түрлі: президентті парламент

Ә) екі түрлі : сайлау жғне таѓайындау

Б) үш түрлі: тікелей , жанама сайлау

В)референдум арқылы сайлауларлар

Г) ешқандай дұрыс жауаптары жоқ

10. Саяси партиялардың оң жақ флангісінде қандай партиялар орналасқан?

A) консервативті

Ә) лейбористік

Б) азаматтық

В) орталықтық

Г) дұрыс жауап жоқ



6-тақырып.Шет елдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.

  1. Шетелдердегі тұлға, қоғам мен мемлекет. Азаматтылық пен бодандық. оны алу және тоқтату тәртіптері.

  1. Шетелдердегі адам мен азаматтардың конституциялық құқығы.

  1. Азаматтардың міндеттері. Шетелдердегі құқықтар мен бостандақтарды қорғауды қамтамасыз ету тәртібі.

Конституцияның маңызды ерекшеліктерінің бірі – адам мен азаматтарының құқықтық мәртебесін жариялауы болып табылады.Біз көптеген елдердің конституцияларының мазмұнын салыстырмалы-құқықтық талдау әдісімен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария, ҚХР, ФРГ, Түрікменстан, Бельгия елдері, Украина, Қырғызстан Республикасы, т.б.) жазба конституциялардың бәрінде де, әдеттегідей, адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетініне көзімізді жеткіздік.Мәселенің шындығын айтар болсак, Өзбекстан Республика­сы Конституциясының 25-бабында (1992 ж.): "Әркімнің бостандыққа құқы бар және дербес құқыққа ие" - делінсе, 43-бабында: "Өзбекстан халқының тарихи, рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат қорғап, сақтауға міндетті"- делінген, Пакистан Ис­лам Республикасы Конституциясының II бөлімінің 9-тармағында (1956 ж.): "Моральдық немесе көпшіліктік тәртіпті сақтау мақсатында занда қарастырылған әрбір ақылға қонымды шектеулерді сактай отырып, барлық азамат бейбіт, қарусыз топтасуға құқығы бар" - делінген.

Испанияның 1978 жылы қабылданған Конституциясының 15-бабында: "Әркімнің өмір сүруге, физикалық және моральдық тұрғыдан тұтасты болуына құқы бар және еш уақытта да қинап, қорлауға, адамдық қасиетін таптайтын жазалауға жол берілмейді. Тек соғыс кезіндегі ерекше жағдайда болмаса, әскери-қылмыстық заңдарда қарастырылған, өлім жазасына тыйым салынады".Ресей Федерациясы Конституциясынын (1993 ж.) 25-бабында: "Соттың шешімінсіз немесе федеральдық занда қарастырылған жағдайлардан өзге кезде ешкім біреудің үйіне, еркіне қарсы, басып кіруге құқы жоқ" - деп жазылса, ал Словакия Конституциясында (1992 ж.): "Міндеттерді тек құқық пен бостандықтың негізін сақтай отырып тек заң негізінде, тек соның шеңберінде бекітуге болады" - делінген.Дегенмен де, мынандай жәйтті де ескерте кеткеніміз жөн. Конституцияларда адам мен азамат мәртебесі құқығы арасында айырмашылық белгілері де болады. Мұны ажырату қиынға соқпайды. Өйткені әрбір заң шығарушы бұл үшін мәтінде консти­туция баптарына сәйкес тұжырымдарды пайдаланады. Мысалы, адам кұқы мәртебесіне қатысты: "Әрбір адам", "бәрі", "бірде-бір адам" "ешкім", т.с.с, ал азамат мәртебесі құқына қатысты: "азаматтың құқы бар", "азамат міндетті", "азаматтарға кепілдік береді" сияқты т.б. тұжырым, түсініктер пайдаланылады. Осында тағы бір нәрсені айту маңызды. Мысалы, ФРГ, Испания, Мек­сика елдерінің негізгі зандарында: "азамат", "азаматтар" түсінігі орнына ұлтқа қатыстылығы: "неміс", "испан", "мексикалық" деп көрсетіледі. Әлбетте, ұлтына сілтеме жасау, оның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық тиістілігін көрсетеді, яғни, әңгіме оның азаматтығы жайлы болып отыр. Енді нақты мысалдарға жүгінейік. ФРГ-нің негізгі заңының (1949 ж.) 16-бабында: "... неміс азаматтығына ие болғандардың бәрі немесе 1937 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі Германия империясы аумағында тұрғандардың барлығының шетелдегі жұбайы не ұрпақтарының әрқайсысы, неміс ұлты ретіңде басқа жерге күштеп жер аударылған әрі босқын болып баспана тапқан неміс ұлтындағылардың бәрі, неміс болып табылады", - деп жазылған. Испания (1978 ж.) Конституциясынын 12-бабында: "18 жасқа жеткен испандықтар кэмелетке толады" - десе, Марокко корольдігі Конс­титуциясынын 5-бабында (1972 ж.): "барлықмарокколыктар заң алдында тен", - деп жазылған.

"Конституциялық құқық, бостандық, міндеттер әдетте төмендегі негізгі үш топқа бірігеді:

1 Жеке (азаматтық) құқық, бостандық, міндеттер (мысалы, жеке адам құқына қол сұқпаушылық, хат-хабар құпиялылығы, өз еркімен көңіл білдіру бостандығы, заңдарды сақтау міндеті, т.б.).

Саяси (мысалы, пассивті және активті сайлау құқы, жиналыс еркіндігі, отанды қорғау міндеті, т.б.).

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени (мысалы, еңбек ету қүқы, кәсіп таңдау еркіндігі, шығармашылық еркіндігі, салық төлеу міндеті, табиғатты қорғау, т.б.

Конституция әрдайым теңдік, бостандық және міндеттер құқығы тендігі принциптерін жариялайды. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 6-бабында: "Ресей Федерациясының әрбір азаматы оның аумағында барлық құқықтар мен бостандыққа ие болып әрі Ресей Федерациясы Конституциясында көрсетілгендей барлық міндеттер теңдей жүктеледі", - деп жазылған. Сондай-ақ, Конституцияда мемлекет тарапынан кұқық пен бостандықты шектеу мүмкіндіктері де айтылады. Мысалы, Хорватия Конституциясының (1990 ж.) 16-бабында: "Құқықпен бостандық тек заң арқылы ғана, басқа адамдардың бостандығы мен құқын, құқық тәртібін, қоғамдық мораль мен денсаулықты қорғау мақсатында, шектелуі мүмкін", - деп нақты көрсетілген. Ресейдің, Болгарияның, Өзбекстанның және т.б. елдердің Конституцияларында төтенше жағдайларда (соғыс, стихиялы бакытсыздық, жаппай тәртіпсіздік, т.б.) құқық пен бостандықтың кейбір тұстарына шектеу енгізу жақтары айтылған.Әлбетте, мұндай құқық пен бостандық шектеулері ақылға сыйымды да қисынды әрі жалпыға бірдей адам құқы декларациясы нормаларына сәйкес келеді. Осыған орай бұл декларацияның 29-бабының 2-тармағында: "Әрбір адам өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруда демократиялық қоғамдағы жалпы әл-ауқат пен қоғамдық тәртіпті, моральдің әділетті талаптарын қанағаттандыру, басқалардың кұкығы мен бостандығын танып, оны құрметтеуді қамтамасыз ету мақсатында ғана занда көрсетілген шектеулерге тартылуы мүмкін", - деп жазылған.Жазба конституциялардьщ бәрінде де мемлекет құқық пен бостандықты жариялай отырып іс жүзінде кепілдік береді. Әрине, мұндай маңызды мәселе казіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігінде (мысалы, АҚШ, Франция, Ресей, Англия, т.б.) соттарға жүктелген.

Әсіресе, адам құқығы жайлы парламенттің өкілетті институ­ты (омбудсмен, комиссар, медиатор, төреші, т.б.) аса үлкен маңызға ие. Қазіргі кезде мүндай институттар әлемнің 40-тан астам елдерінде (соның арасында Ресейде бар) құрылып, жүмыс істеуде. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 103-бабына сәйкес, бұл адам қүқығы жөніндегі өкілетті орган болып табылады. Оған арнайы, "Парламент" жайлы әңгіме еткенімізде, кеңірек токталамыз.Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығының тағы бір беретін кепілдігі - маманданған заң көмегін пайдалану құқығы Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілік тағайындайды. Біздің ойымызша кұқық пен бостандық жайлы нағыз кепілдіктерді мемлекеттің қарастыруы адам мен азамат құқы мәртебесін институттандыру құрылымының (мемлекеттердің негізгі заңдары) негізгі мәні - тек кана мемлекеттің азаматтық қоғам алдындағы белгілі бір міңдеттерін құжаттандыруды қарастыру ғана емес, сонымен катар адам мен азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігін ең аддымен мемлекеттің озбырлығынан шындап қорғаудың сенімді кепілдігін қалыптастыруы болып есептеледі. Міне, осы тұрғыда ерекше езекті Заң- І789 жылы Францияда қабылданған адам мен азамат құқығының Декларациясы Бұл Декларация әлі күнге дейін күшін жоғалтпай отыр. Декларация тек кез келген мемлекеттің басты мақсаты болып табылатын ажырамас әрі табиғи адам құқын қамтамасыз етуді жариялап қана қоймай, сонымен бірге көрсетілген кұқықтың басты құрамдарын: бостандық, жекеменшік, кауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық сияқты т.б. нормаларды біржақты тұжырымдап берді.

Бұл Декларацияның сонымен қатар, американдық конституцияның мазмұнды да қуатты болып әрі жетіле түсуіне жағымды ықпал еткенін атап өтпеуге болмайды. Өйткені, 1787 жылы кабылданған АҚШ Конституциясында алғашқыда адам құқығы сөз болмаған еді, тек кейін, біраз жылдар өткеннен соң, 1791 жылы (құқық жайлы Билль) АҚШ Конгресі Конституцияға он түзету енгізіп бекіткен болатын.Әрине, белгілі бір мемлекет азаматтығына тиістілігіне қарай әрбір адам құқық, бостандық және міндет шеңберінде бағынышты болады.Сөйтіп, азаматтық-адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық тиістілігін білдіреді. Соңдықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен бостандық беріп, елден тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасайды. Азамат та өз кезегінде мемлекеттің барлық ережелерін сақтап, ондағы қаралған зандарды мүлтіксіз орындайды.

Мысалы, Қырғыз Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес Қырғыз Республикасына адамдардыңтиістілігі және оның мәртебесі азаматтығымен анықталады. Қырғыз Республикасының азаматтары Конституцияны, республика заңын және басқалардың құқығын, бостандығын, абыройы мен ожданын сақтауға міндетті.Қырғыз Республикасы азаматы болып танылғандардың бас­ка мемлекеттің азаматтығына тиістілігі танылмайды. Қырғыз Республикасының бірде бір азаматын өз азаматтығынан айыруға және өз азаматтығын өзгерту құқына тыйым салынады. Қырғыз Республикасы шеттегі өз азаматтарын қорғап, оларға қамқорлық жасайды. Осы іспетті ережелер, басқаша түрде берілгенімен Эстония, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Польша және тағы баска көптеген елдердің конституцияларында да бекітіліп берілген.Шетелдіктер деп, басқа бір белгілі мемлекеттің аумағында тұрғанымен, бірак ол елдің азаматтығын алмағандарды айтады. Сөйтіп, шетелдіктерге баска елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.Азаматтық мәселелерін реттеу әрбір мемлекеттің ішкі конституциясына жататынын ерекше айту қажет. Гаага конвенциясының азаматтық жайлы зандар коллизиясына жататын (1990 ж.) тұжырымының өзінде-ақ: "Кім езінің азаматы боларын әрбір мемлекет өздерінің зандарына сәйкес анықтайды" деп жазылған. Сондықтан да әр түрлі мемлекеттердің азаматтық жайлы заңдарында әр түрлі қарама-қайшылықтар (коллизия) кездесіп қалады. Оны олар мемлекетаралык дәрежеде екі тарапты немесе көп тарапты келісімдер жасау арқылы шешіп отыруға тырысады. Мысалы, кос азаматтықты болдырмау және азаматтығы жоқ жайлы келісімдерді айтуға болады. Осы тұрғыдағы келісім ретінде 1995 жылғы Кдзақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халыкаралық-құқықтық актілерді: "Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келетін Қазакстан Республикасы азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарына азаматтық алуды жеңілдету жайлы", сондай-ақ "Ресей федерациясы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Ре­сей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебесі жайлы" келісім-шарттарды атауға болады. Мұндай халықаралық-құқықтық актілер қос азаматтықтың пайда болмауын алдын алады, сөйтіп Ресей мен Қазақстан азаматтарына осы аталған екі аумакта тұрақты тұру жайларын нақты анықтап, құқыктық мәртебе береді, әрі тіркеу барысында азаматтық алу тәртібін жеңілдетеді. Ресей Федерациясымен жасалған бұл келісім Ресейге, т.б. елдерге орыс тілді тұрғындардың жаппай қоныс аударуын тежейді. Әлбетте, бұл саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда ТМД республикаларындағы әлеуметтік шиеленісті бәсендетуде қолайлы жағдай туғызады.Мысалы, тек 1995 жылдың 9 ай мерзімі аралығында Қазақстаннан тысқары жаққа 251809 адам кетті. Мұның көпшілігі Қазақстанның Ресей Федерациясына эмиграция жасады.



Азаматтық алу-бұл болса да, азаматтық "қан құқы" немесе "тек құқы (негіз құқы)" принциптері негізінде алынады. Мұның алғашкысында туылған жеріне қарамай (мысалы, Эстония Респуб­ликасы Конституциясының 8-бабына сәйкес әрбір бала, ата-анасының бірі Эстония азаматы болып табылса, туылғаннан соң Эстония азаматы құқығына ие бола алады) ата-анасының азаматтығын алады, ал екіншісінде - ата-анасының азаматтығына қарамай, нәресте қайсы мемлекет аумағында дүниеге келсе (мы­салы, Мексика), сол елдің азаматы бола алады. Туылу жеріне орай азаматтық алуды шет еддерде - филиация, ал шетедціктерді азаматтыққа алуды-натурализация дейді. Бірақ, соңды жағдайда бірнеше шарттар сакталуы тиіс. Кейбір елдерде натурализация жасалынатын азаматтардың құқық шеңбері шектелуі де мүмкін. Мысалы, АҚШ Конституциясына сәйкес осы елдің Президенттігіне тек АҚШ-та туылған азамат сайланады, ал сенатор болу үшін 7 не 9 жыл АҚШ азаматы болу талап етіледі (яғни, Палата өкілдігіне мүшелікке немесе сенатор болып сайлану ушін АҚШ азаматтығы танылуы осы көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс).Азаматтықты қалпына келтіру үшін азаматтар бұрын белгілі бір мемлекеттің азаматы болуы тиіс.Азаматтықты таңдау (оттация). Бір мемлекеттің аумағынан екінші бір мемлекет аумағына өткенде ғана жүзеге асырылады.Азаматтықтың тоқтатылуы мына кездерде жүзеге асырыла­ды: азаматтықтан шыққанда, азаматтығын жоғалтқанда, азаматтықтан айырғанда, басқа елдің азаматтығын таңдағанда (оттация) және т.б. себептермен.Азаматтығы жоқтық және көп азаматтылық. Азаматгығы жоқтық деп қандай бір мемлекетке тиісті азаматтығын көрсететін ресми құжаттарды ұсына алмауды айтады.Көп азаматтылықтың жиі кездесетін түрі қос азаматтық (бипатризм). Бұл жағдайда адам екі мемлекеттің азаматы болып есептеледі. Қос азаматтық, мысалы Австрия, Мексика, Польша, Канада, Испанияда орын алған. Мысалы, Испания Конституциясының 11-бабында: "Мемлекет Испаниямен ерекше байланыста болған не болып отырған Латын Америкасы немесе тағы басқа да елдермен кос азаматтық беру жайлы келісім-шарт түзе алады. Бұл елдерде испандықтарды өздерінің алғашқы азаматтығын жоғалтпай-ақ, тіпті бұл елдер өз азаматтары деп санамағанның өзінде де, екі тарап келісілген негізде қол астына алуларына болады".Литва Республикасы Конституциясының 12-бабында қарастырылған заң бойынша кейбір жағдайларда адамдарға бір мезетте Литва Республикасының және басқа да мемлекеттің азаматы болуға жол беріледі.Қазіргі кезде көптеген елдер кеп азаматтыққа әлі де теріс қарайды. Өйткені, бұл азаматтардың бұл жағдайда саяси құқықтары мен бостандығы шектеледі деп санайды. Қос азаматтық туралы пікір 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылғаны белгілі. Алайда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қос азаматтық шығарылып тасталды.Көп елдерде шетелдіктердің құқықтық мәртебесі негізінен өз азаматтары мәртебесіне теңестіріледі. Дегенмен, белгілі бір шектеулер де жоқ емес. Мысалы, шетелдіктер әскери қызметке шақырылмайды, сайлау құқын пайдаланбайды және т.б. Айталық, Болгария Конституциясының 26-бабында: "Болгария Республикасына келуші шетелдіктер, болгар азаматтығын жүзеге асыруды талап ететін конституция мен заңдардағы құқықтар мен міндеттерден басқа жағдайларда, Конституцияда көрсетілген барлық құқықтар мен міндеттерге ие" делінген.Құрама Мексика штаттары Конституциясының 33-бабында шетелдіктерге елдегі саяси істердің кез келгеніне араласуға тыйым салынған. Кейбір елдердін конституциясында саяси себептер нәтижесіне қарай шетелдіктерге баспана беру қарастырылған. Мұндай ережелер, мысалы, Ресей, Молдова Республикасы, Польша, Өзбекстан, Италия конституцияларында және Германияның Негізгі заңында көрсетілген. Алайда, саяси баспана беру деген сөз, тоқтаусыз азаматтық береді дегенді білдірмейді. Бұл екеуі мүлдем бөлек, өзара байланыссыз мәселелер әрі әр түрлі тәртіппен шешіледі.Кейбір елдердің конституциясы өз азаматтарын және өз аумағында заңды түрде тұрған шетелдіктерді жер аударуға тыйым салады. Сол секілді, халықаралық келісім-шарттарда қарастырылмаған болса, конституциялары бойынша басқа мемлекеттерге өз азаматтарын да, шетелдіктерді де беруге (экстрадиция) тыйым салынады. Мысалы, Беларусь Республикасы Конституциясының 10-бабы бойынша, Беларусь Республикасы халықаралық келісімдерінде қарастырылмаған болса, Республика аза­маттарын шетел мемлекетіне беруге тыйым салынған. Осы іспетті ережелер Болгария, Түрікменстан, Украина, Қырғыз Республи­касы, Испания, Дания, т.б. елдердің конституцияларында да қарастырылған. Ал, енді Мексика Конституциясына (33-бап) келеек, онда федеральдық атқарушы үкіметке (тіпті ескертусіз, алдын ала сот істерін жүргізбей-ақ) шетелдіктердің кез келгенін, ел ішінде болуын қаламаса, елден қуып шығуға құқық береді.

Тест сұрақтары:

1.Конституциялық құқықтың субъектілеріне жататындар:

A)азаматтар басқару органы

Ә) азаматтығы жоқ адамдар

Б) қос азаматтығы бар адам

В) Президент орынбасары

Г) үкімет мүшелерімен

2.Францияда «Адам құқықтары декларациясы» қашан қабылданған?

А) 1789 ж.

Ә) 1780 ж.

Б) 1787 ж.

В) 1889 ж.

Г) 1778 ж.

3.1789 жылы «Адам құқықтары декларациясы» қайда қабылданды?

А) Франция

Ә) АҚШ


Б) Англия

В) Америка

Г) Жапония

4. Адам құқықтары туралы кіммен және қашан қабылданды?

А) Б.Ұ.Ұ 1966 ж.

Ә) Еуропа 1966 ж.

Б) Б.Ұ.Ұ 1990 ж

В) Одағы1966 ж.

Г) Б.Ұ.Ұ 1960 ж.

5. Еуропалыұ Одақ қандай құжат негізінде?

А) 1992 ж Маахстрихтік шарт

Ә) 1991 ж. Тәуелсіз Декларация

Б) 1990 ж. Еуропа келісіммен

В)1993 ж. Адам декларация

Е) 1995 ж. Еуропалық жарғысы

6. Конституция дегеніміз не ?

А) қоғамдық күштердің еркін .

Ә) мемлекеттің рәміздерін құжат

Б) Президенттің жарғысымен

В) Парламенттің қаулылары

Г) мемлекеттің басқару нысаны

7.Constitutio

термині қандай мағына береді?

А) «құрылым»

Ә) «құрылым»

Б) «заңдар»

В) «басқару»

Г) барі дұрыс

8. Азаматтардың мәдени-рухани бостандығын көрсет.

А) дінін таңдау

Ә) азамат алу
Б) дауыс беру

В) кәсіпкерлікпен

Г) Отанын қорғау

9. Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенция қашан қабылданды?

А) 1950 ж .

Ә) 1960 ж.

Б) 1940 ж.

В) 1995 ж.

Г) 1965 ж.

10. Конституциялық құқықтың субъектілері болып кімдер табылады?

А) азаматтар, депутаттар,

Ә) қоғамдық құрылымдар

Б) қоғамның мүшелері

В) Президент, Парламент

Г) Тек қана азаматтар

7-тақырып. Шетелдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі
1. Мемлекет басшысы. Түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны.

2. Президент. Президенттің құқықтық тәртібі. Президентті сайлау тәртібі.



3.Шетелдердегі мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жік телуі.
Көптеген шетелдердің Конституциясында мемлекет басшысы институты бекітілген. Мемлекетбасшысы деп, басқарудың ешбір нысанына қарамастан, белгілі бір елдің мемлекеттік билік жүйесіндегі заңды түрдегі жоғары лауазымды тұлғаны айтады.Монархия нысанында басқарылатынелдің мемлекет басында монарх (император, король, т.б.) отырады. Монарх билігі мирасқорлықты: тақ мирасқорлығы тәртібі конституциямен не басқа да бір заңдармен беукітіледі. Айталық, Жапония Конституциясы бойынша императорлық тақ әулеттік болып саналып, Парламент бекіткен «Императорляық әулет» заңына лайықты регенттік (шетелдерде монарх билігі жеке регент не регенттер кеңесі арқылы жүзеге асырылады) басқару белгіленсе, онда регент император атынан елдің Конституциясында қарастырылған іс - әрекеттерді ғана жүзеге асыра алады.Марокко Корольдігінің Конституциясы бойынша тәж бен тақ және олардың конституциялық құқығы мирастыққа жатады әрі атадан балаға «тікелей еркек кіндіктен таралатын желімен және Ұлы Мәртөбелі Король Хасан П – ден бастап, тұңғыштық тәртібімен белгіленеді». Ал, тікелей еркек кіндіктен таралатын желімен мирасқор болмаған жағдайда, ер жағынан ең жақын (бүйір) еркек кіндік туыстарына мирасқа иа болу құқығы беріледі. Ал, егер де корольдің жасы әлі кәмелетке толмаса (18 жас), онда тәж бен тақтың конституциялық құқығын регент кеңесі жүзеге асырады. Бұл орган король 22 жасқа жеткенге дейін король қасындағы кеңес құрамы корольдің ең жақын туыстары, Жоғары соттың төрағасы, өкілдер палатасының төрағасы және корольдің жеке өз ұйғарымы бройынша король тарапынан тағайындалған 7 адамнан тұрады.Қазіргі кезде басқарудың монархиялық нысандағы елдерде мемлекет басшысы қызметін, әдетте, монарх жеке өзі жүзеге асырады. Дегенмен, мемлекеттер тәжірибесінде монрх сайлдауы да болатынын айтып өткеніміз орынды. Мысалы, 1984 жылы Малайзияда мемлекет басшысына (монарх болып) Туанку Искандр әл – Хадж Ибни әл – Мархум султан Исмаил (Джохор штатының сұлтаны) сайланды.Конституция монархтың иммунитеті мен индемнитетін анықтай отырып, оның жеке басына қол сұқпауды қарастырып қана қоймай, кейде (тіпті жиі) оны қасиетті санайды; сол үшін мемлекет басшысына көптеген құрметті құқықтар мен шексіз құдіреттіліктер, айрықша титул , сондай – ақ жауапкершіліксіздік мәртебесі беріледі.Енді осы жайларды анықтай түсу үшін конституцияларға жүгінейік. Мысалы, Испания конституциясының 56 – бабында: «Корольдің жеке басына қол сұғылмайды, ол ешқандай жауапкершілікке алынбайды. Оның актілері әрдайым контрассигневтелген». Осы елдің Конституциясының 64 – бабында корольдің актісі тағы да контрассигневтелген (быцлайша айтқанда, қол қою арқылы бекітіледі, яғни үкімет төрағасының қолы қойылады және қажетті жағдайда, ведомстік қатыстығына қарай, актіге тиістіминистр қол қояды). Корольдің Сенатты және үкімет басшысын тағайындайтыннемесе оны отставкаға шығаратын, конституция бойынша қарастырылған актілерін кангресс төрағасы контрассигневтеуге тиіс. Король актілерін контрасивтеген адам ол үшін заңмен де,саяси жауап береді.Контрассигневтеу институты көптеген елдерде, оның ішінде басқарудың республикалық нысандағы елдерде де кең етек жайғанын айта кеткен жөн. Басқарудың Республикалық түріндегі контрассигневтеу институты жайында осы тараудың соңынақарай арнайы айтылады.Сонымен бірге конституциясыда мемлекет басшысы лауазымындағы мирасқор монархты орнынан алып тастау жағы заң жолымен қарастырылмағанын айта кеткеніміз жөн. Алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты, мысалы, монархты тақтанбас тартуға мәжбүрлеу, мемлекеттік төңкеріс, лайықсыз монархты күштеп жоқ ету сияқтыкүштеп жоқ ету сияқты, т.б реттердің болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар көп елдердің басынан өткені де белгілі (Албания, Болгария, Ауғанстан, Венгрия, Италия, Египет, Ирак, Румыния, Эфиопия, Югославия, т.б).Басқарудың республикалық нысаны елдерінде мемлекет басшысы президентті сайлаудың үш жүйесі бар:

Президентті тікелей сайлау президенттік републикаларда жүргізіледі. Президенттік републикаларда мемлекет басшысы бұл орынға (президенттік) парлмент қатысуынсыз отырады (мысалы, Ресей, Мексика, Өзбекстан, Венесуэлла Республикасы, Тунис Республикасы, Колумбия Республикасы, Коста – Рика Республикасы, т.б). Президенттіксайлауға заң бойыншадауыс беруге арналған тізімге енгізілген барлық сайлаушылар қатысады; дауыс беру нәтижесі мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша анықталады.

Президентті жанама сайлауда президенттік республикаларда жүргізіледі. Бұл сайлау түрінде сайлаушылар әдетте, дауыс берушілер коллегиясын сайлайды, олар кейін президенттісайлайды. Мысалы, АҚШ президенті дауыс берушілер коллегиясы арқылы сайланады. Осы елдің Конституциясының 11 – бабына сай әрбірштат осы штаттың заң шығарушы жиналысы белгілеген тәртіп бойынша дауыс берушілерді тағайындайды. Олар АҚШ конгресіне штат жіберге құқықты, сонда сенаторлар мен өкілдік палатасымүшелігіне берілген орындарға тепе – тең болуы тиіс. Тек мұнан бір округ ғана босатылады. өйткені, бұл, АҚШ өкіметі тұратын жер болғандықтан үш дауыс берушілерді тағайындайды. Мұндай құқық бұл округке 1961 жылы конгресс қабылдап Конституцияға енгізген ХХІІІ түзету бойынша берілген.

Көпдәрежелі сайлаулар. Президентті сайлаудың мұндай жүйесі парламенттік республикаларда (тек Австрия Республикасы, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасынан басқаларында, яғни, бұл елдерде президенттік тікелей сайлау жүйесі жүргізіледі) қолданылады.

Осы қарастырылған парламенттік үш республиканың президентсайлауында мемлекет басшысының парламенттен мандат алатынына көзіміз жетті, яғни, президент билігі туынды сипатта. Ал, керісінше, егер парламент (президенттік республикада) президентті сайлаудан шектетілсе, онда мемлекет басшысы көп өкілетті билікке ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет