I. Түсіндірме беретін жазба



бет1/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#4350
  1   2   3   4   5   6   7
МАЗМҰНЫ
I. Түсіндірме беретін жазба................................................................................

ІI. Пәннің мазмұны..............................................................................................

ІІ.1. Кіріспе...........................................................................................................

ІІ.2. Негізгі бөлім.................................................................................................

1-тақырып. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі..........................................................................................................

2-тақырып Шет елдердің Конституциялары...................................................

3-тақырып. Шет елдердегі басқару нысандары................................................

4-тақырып. Шет елдердегі саяси партиялар және саяси жүйелер..................

5-тақырып. Шет елдердегі сайлау құқығы және cайлау жүйелері.................

6-тақырып. Шетелдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері................................................................................................................

7-тақырып. Шетелдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі.......

8-тақырып. Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі............................................................................................

9-тақырып. Шетелдердегі Үкімет......................................................................

10-тақырып. Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері............

11-тақырып. Шетелдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары.............................................................................................................

12-тақырып. АҚШ-тың конституциялық құрылымы......................................

13-тақырып. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері........

14-тақырып.Әкімшілік-аумақтық құрылымдар және жергілікті жерлердегі билікті ұйымдастыру

15-тақырып.Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің конституциялық құқық ерекшеліктері

III.Тесттер.

ІV. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі...................................................................
Түсіндірме беретін жазба
Қазіргі кезде шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде өзінің қарқынды дамуымен сипатталады.

Қазақстан Республикасында дсмократиялық құқықттық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту барысында түрлі мемлекеттердің көптеген демократиялық құқықтық институттарын белсенді түрде енгізу қажеттілігі анық. Қоғамның мемлекеттік-құқықтық институттарының ұйымдастырылуы мен қызметін құқыктық реттеу Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады, конституциялық заңнама ең алдымен мемлекеттің экономикалық саяси, әлеуметтік, мәдени негіздерін нығайтуға негізделген.

Шет елдердің конституциялық құқығы шет елдердің конституциялық құрылымы негіздері мен мемлекеттік құр тәжірибесін кешенді түрде зерттеуді мақсат етіп кояды.

«Шет елдердің конституциялық құқығы» курсы мемлекет және құқық теориясы, саяси-құқықтық ілімдер тарихы, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы халықаралық құқық сияқты пәндермен тығыз байланысты. Шет елдердің конституциялық құқығы мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы сияқты пәндерден бастау алады. Шет елдердің конституииялық құқығы саласындағы терең білім алудың міндетті шарты ҚР-ның конституциялық-құқықтық институттарының мәні мен мазмұнын, түрлі мемлекеттердегі мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерін ұғыну болып табылады.

«Шет елдердің конституциялық құқығы» пәнінің алдына қойған міндеті -тәлімгерлерді шет елдердің конституциялық құқығы ғылымының негізгі теоретикалық жақтарымен, адам және азаматтың құқықтық жағдайының негіздерімен, өзге елдердің мемлекеттік билік органдары жүйесімен, сайлау құқығы мен сайлау жүйесінің негізгі ережелерімен, азаматтық институтының құқықтық негіздерімен таныстыру.

Тәлімгер оқу материалын біліп қана қоймай, сонымен қатар шет елдердің конституцияларымен, монографиялық материалдармен, заң баспаларының мақалаларымен танысуы керек.

Шет елдердің конституциялық құқығының негізінс шет елдердегі мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуы мен әрекет етуіне, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, олардың қамтамасыз ету кепілдіктеріне қатысты нормативтік актілер жатқызылған.


КІРІСПЕ
Әлемдегі жаңа экономикалық, саяси, әлеуметтік нақтылығын сипаттайтын шет елдердің конституциялық құқығының қалыптасуы демократия мен азаматтық қоғамның дамуы мәселелеріне арналған жаңа ғылыми зерттеулердің қажеттілігін тудырады.

Қазіргі уақытта конституциялық құқығы ғылымында конституциялық құқықтық пәні мен әдістері, конституционализм мен парламентаризм теорияларының сұрақтары жан-жақты зерттеліп, құқықтық. әлеуметтік мемлекеттің арнайы белгілері талқылануда, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелері, оларды қамтамасыз ету кепілдіктері жаңа тұрпатта қарастырылуда.

Аталмыш курс Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық заңнамасын жетілдіру үшін аса қажет болатын өркениетті мемлекеттердің конституциялық-құқықтық даму тәжірибесін талдау аясындада маңызды

Конституциялық заңнаманың қарқынды дамуын, конституциялық құқықтық қатынастардың күрделілігі мен сан қырлылығы ескеріле отырып, дәрістік және семинар сабақтарының тақырыптық жоспарларында тәлімгерлермен шет елдердің конституциялық құқығының маңызды мәселелерін теоретикалық тұрғымен қатар тәжірибелік тұрғыдан да зерттелуі қарастырылған.

Конституииялық құқықтығы нормаларын терең зерттеу, олардың әрекет етуінің механизмі мен ерекшеліктері» ұғыну болашақ заңгерлердің қызмет ету саласына байланыссыз аса қажет. Сондықтан шет елдердің конституциялық құқығы «Заңтану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттерімен оқылады.

Шет елдердің конституциялық құқығы ғылымы Қазақстан Республикасында айтарлықтай кең таралған. Мәселен, шет елдердің конституциялық құқығының жекелеген мәселелеріне қазақстандық авторлардың мақалалары арналған (Л.Шоманова, Л.Морозова, А.Тастенова: Система государственного управления Японии//Юрист. 2006. №1; осы авторлардың: Система госуправления в США //Юрист. 21X16. №2; тағы да солардың: Система государственного управления в Канаде //Юрист. 2006. №3і; Мухамеджанон Э.Б. Избирательное право зарубежных стран. 1997 ж.; Парламент Республики Казахстан и законодательные органы зарубежных стран: Общие вопросы. 1997; Башимов М.С. Институт омбудемена (уполномоченного по правам человека). 2003; Лупарев Г.П. Правовое положение личности и зарубежных странах. 2001. шет елдердің конституциялық құқығы бойынша Л.К.Абельдиновтың. Ө.Конабаевтың, А.Божқараұлының оқулықтары жарық көрген.


ІІ.2. Негізгі бөлім.
1-тақырып. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.
1. Конституциялық құқық ұғымын түсіну және оның құқық ғылымы саласындағы алатын орны.

2. Шет елдер мен ҚР конституциялық құқығының айырмашылықтры.


1.Әрқашан да конституциялық құқық заң салаларының негізгі бір тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие. Өйткені, конституциялык құқық негізгі заң нормаларының өте маңызды белгілерін, атап айтқанда, адам мен азаматтардың занды мәртебесін, мем-лекеттік органдардын ұйымдастырылуы мен саяси құрылымдық жүйесін және өзін-өзі басқарушы органдарды, сондай-ақ белгілі бір елдің тұтас құрылысын анықтайды.Белгілі бір мемлекеттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерек­ше орын алады. Конституциялық құқық кешенді түрде: адамдар мен адамдар (азаматтар) арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерін жүзеге асырады.Конституциялық құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп керсететін әдіс құқықтық реттеу әдісі. Ол саяси тәртіптердің мәні мен сипатын тереңірек түсінуге жол ашады.

Конституциялық құқықтың институттары. Белгілі бір мемлекеттің негізгі қоғамдық қарым-қатынасын құрайтын субъектілер сол елдің конституциясы арқылы айқындалады (мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес карым-қатынастың негізгі субъектілеріне: Қазақстан Республикасының азаматтары, Парламент, Үкімет, Президент, т.б. жатады).

Конституциялық құқық нормалары. Бұл ең алдымен мемлекеттің өзі үшін және қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне арналып мемлекет тарапынан бекітілген (жалпыға міндетті) қағида-ережелер.

Конституциялық құқықтың негіздеріне- құқықтық нормативтік актілер; соттық преценденттер; құқықтық дағдылар; халықаралық және мемлекет ішіаралық келісімдер жа­тады.

Құқықтық нормативтік актілер өз кезегінде: заңдарға, атқарушы өкіметтің нормативтік актілеріне, сот органдары мен конституциялық бақылау (қадағалау) органдарының нормативтік актілеріне, парламент регламенттеріне, жергілікті өзін-өзі басқарушы актілерге бөлінеді.

Заңдар өз алдына: негізгі (конституция), конституциялық, органикалық және әдеттегі болып бөлінеді.

Конституция, яғни, мемлекеттің негізгі заңы өз кезегінде- адамдар мен азаматтардың құқық мәртебесін;

басқару нысаны мен мемлекеттің құрылым түрін; саяси жүйесін; конституциялық органдарды ұйымдастыру мен қызметі принциптерін;қоғамдық қарым-қатынастардың ең маңыздыларын реттейді.

Конституциялық заңдар. Қазіргі дәуірдегі әр түрлі еддердің конституциясына көз жүгірткенімізде олардың алуан түрлі сипатта әрі әр түрлі мәнде екеніне көз жеткіземіз. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 108-бабы бойынша бұл елдегі федеральдық конституциялық зандар конституцияда белгіленген тәртіп бойынша қабылданды. Бұл федеральдық конституциялық заңдар Федерация Кеңесі мүшелерінің жалпы санының төрттен үш бөлігінен кем емес және Мемлекеттік Дума депутаттарының жалпы санының үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берілгенде ғана қабылданады. Қабыдданған заңдар, Конституцияның 4-бабына сәйкес, бүкіл Ресей Федерациясы территориясында ең жоғарғы (үстінен қараушылық) күшке ие болады. Ал, Қырғыз республикасында Жоғарғы Кенес (Парламент) депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыс бергенде конституциялық заңдар қабылданады. Жай заңдар, Кырғызстан Республикасы Конституциясының 66-бабына сәйкес, депутаттардыц басым көпшілігі дауыс берсе қабылдана береді. Біздің республикамызда да осы іспетгі түрде зац кабылдау рәсімі өткізіледі.

Органикалық заңдар. Кейбір елдерде мемлекеттік органдардың мәртебесін конституциясының бланкетті баптары негізіңде органикалық (байланыстырғыш) заңдар белгілейді. Мысалы, Франция Конституциясы бойынша органикалық зандар парламенттің екі палатасының да өкілеттігін, олардың санын, сайлау шарттары мен акы төлеуді белгілеп береді. Сол үшін де бұл елде парламент қаржыға тиісті зандарды тек органикалық заңдарға сай қабылдайды. Ал, енді Марокко корольдігінде органикалық зандар шектеулі зандар, декрет зандар, дахирлерге (король актілері) қарағанда қоғамдық карым-қатынастардың ете маңызды тұстарын реттейді.

Жай заңдар. Мұндай нормативтік актілер өз елі ішінде Конституциялық не органикалық зандар қодданбаған жағдайда қолданылады. Мысалы, Өзбекстан Республикасының Эстон Республикасының және т.б. елдердін зан шығарушылық тәжірибесінде Конституция бойынша тек жай зандар шығару қалыптаскан.

Кейбір елдердің нормативтік құқықтық актілері парламент кызметін уакытша аткарып, заң күшіне ие болады. Мысалы, Кубаның Мемлекеттік Кеңесі декреттері, Вьетнам Ұлттық жиналысы, Испания өкіметінін заң шығару актілері, сол сиякты біздің елімізде де Президент, Конституцияда карастырылғандай, заң күшіне ие жарлыктар мен зандар жариялай алады.Атқарушы өкіметтің нормативтік актілеріне мемлекет басшысының Жарлықтары мен шешімдері және т.б. құжаттары, өкімет пен онын ведомстволарынын бұйрықтары мен декреттері, т.б. жатады.Парламент палаталары регламенті негізінен олардын қызмет тәртібін, ішкі құрылыс-жүйелерін, депутаттардын ахлактық (этикалық) ережелерін, т.б. анықтайды. Өзін-өзі басқару органдарының актілері көпшілік алдындағы билікті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық карым-катынасты жиі реттеп отырады.Сот преценденті, белгілі бір іс бойынша сот шешімі үлгі ретінде танылып әрі екіншіден осы іспетті істерді қарағанда басшылыққа алынады. Англия, АҚШ, Үндістан, т.б. елдерде консти-туциялық құқықтың негізі есебінде қаралады.Көп елдерде конституциялық құқық негізі ретінде құқықтық дағдылар (әдет-ғұрып) алынады. Бірақ, бұлардың бәрі мемлекет тарапынан санкцияланып, жалпыға міндетті ережелерге айналуы тиіс (мысалы, Англия мен Индияда өкіметтік жүйені түзуде конституциялық келісімдер, т.б. жасалады).Әрине, халықаралық келісімдер (сол мемлекеттің өз консти­туциялык заңдарын басшылыққа ала отырып) сол елдің сыртқы саяси принциптері мен мақсаттарына сай жасалады.Мысалы, Ресей, Эстония, Болгария сияқты және т.б. елдердің негізгі ұлттық заңдарынан осы елдер бекіткен халықаралық шарттардын басымдылығы анық.

Ал, 1995 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Ата Заңында (4-бап, 4-тармақ): "Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша, оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан баска реттерде, тікелей қолданылады" - делінген. Сейтіп, бекітілген халықаралық шарттар респуб­лика зандарынан басым келеді.Франция Республикасының 1958 жылғы Конституциясы бойынша да: "Шарттар мен келісімдер өзіне лайықты бекітілгеннен немесе куатталғаннан кейін, екі жақ ол шарт не келісімді қолданатын жағдайда, жарияланған кезден бастап ішкі заңдардан гөрі басымдық күшке ие болады" (55-бап). Мемлекет ішіндегі келісім-шарттар, әдетте, федеративті мемлекеттер конституциясында субъектілер арасындағы құқыктық қатынастарды бекіткеніне жүгінеді. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 66-бабына сәйкес облыс не елке құрамына енетін автономиялық округтердің өзара қарым-қатынасы сол автономиялық округтердегі (өлкедегі) мемлекеттік билік органдары арасындағы келісімдермен реттеледі.

Шетелдік заң әдебиеттері сонымен қатар атақты заңгер ғалымдардың еңбектерінде Конституциялык құқық негізіне (мы­салы, Англия, т.б. елдер) жатқызады. Ал, Ресейдің заң ғылымдарының доктринасы бұл елде Конституциялык кұқықтың негізі ретінде емес, қайта дәлелдемеге қосымша толықтырғыш ретінде қарастырылады. Енді өз елімізді алсақ, біздер атақты Төле,Казыбек, Әйтеке секілді билердің доктринасын конституциялык құқықтың негізіне жатқызамыз.Сол сиякты кейбір елдер (мысалы: Алжир, Ватикан, Сауд Арабиясы, Иран, т.б.) конституциялык кұкық негізіне діни кағидалар жинағын да кіргізеді.Шетелдердің мемлекеттік тәжірибесінде онан да өзге зандардың конституциялык құқықтар негізі ретінде алынатыны жасырын емес.

2.Оқу пәні ретінде шетелдердің конституциялык құқығы Қазақстандағы барлық заң институттарында оқытылады.Бұрын, кеңес өкіметі түсында, жоғары заң оқу орындарында жеке пән ретінде "Буржуазиялық және өркендеп дамыған елдердің мемлекетгік құқығы" және "Шетелдік социалистік елдердің мемлекеттік құқығы" деп арнайы белек оқытылды. Алайда, соңғы жылдардағы тарихи өзгерістер бұл пәндердің, теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да, мәнін жойды.Біз бұл оқулықта таяу және алыс шетелдердің конституция­лык кұқықтарын жаңа көзқараспен карап, тұжырымдар жасаймыз. Өйткені, дамыған өркениетті елдердің конституциялык құқықтарымен катар Қазакстан Республикасына ұқсас елдердің мемлекеттік құрылымдарын білудің де пайдадан басқа зияны жоқ. Оның үстіне, бұл елдермен карым-қатынастарымыз күн санап арта түсуде, осыған орай олардын конституциялық заңда­рын білу елдік зиялылығымызды білдіреді. Біз бұл оқулықта шетелдердің конституциялык құқықтарын өз республикамыздың конституциялык құқығымен салыстыра қараймыз. Ондағы мақсатымыз-Республикамызда құқықтық-демократиялық мем­лекет орнықтыру барысына кажет көптеген пайдалы мәселелердің басын ашу.

Тест сұрақтары:
1. Заңдардың түрлерін ата?

А) негізгі, конститутциялық.

Ә) конституция Және заң

Б) органикалық және жай заң

В) жай заңдар конституциялық

Г) негізгі заңмен, жай заңдар

2. Конституциялық құқықты бөліп көрсететін әдіс.

А) құқықтық әдісі

Ә) міндеттеу әдісі

Б) мәжбірлеу әдісі

В) бақылау әдісі

Г) дұрыс жауап жоқ.

3. Конституциялық құқық нормалары дегеніміз не?

А) Қағидалар ережелер.

Ә) Парламент заңдар.

Б) Үкіметтің қаулылары.

В) Құқықтық актілер

Г) Барлық жауап дұрыс

4. Конституциялық құқықтың субъектілері болып кімдер табылады?

А) азаматтар, депутаттар,

Ә) қоғамдық құрылымдар

Б) қоғамның мүшелері

В) Президент, Парламент

Г) Тек қана азаматтар

5. Конституциялық құқықтың субъектілері неше топқа бөлінеді?

А) 2


Ә) 3

Б) 0


Г) 5

6. Конституциялық құқықтың негіздерін (қайнар көздерін) ата.

А)Құқықтық әдет-ғұрып

Ә) шетелдердің заңдары

Б) соттардың шешімдері

В)құқықтық-і актілер

Г) Барлық жауап дұрыс

7.Конституциялық құқықтың неше қайнар көзі бар?

А) 5

Ә) 3


Б) 2

В) 4


Г) 1

8.Құқықтық-нормативті актілер неше түрге бөлінеді?

А) 5

Ә) 0


Б) 2

В) 4


Г) 3

9. Құқықтық-нормативті актілердің қанша түрі бар?

А) 5

Ә) 3


Б) 2

В) 4


Г) 1

10. Құқықтық-нормативті актілердің түрлерін көрсет?

А) Заңдар, сот органдары

Ә) Шетелдердің заңдары

Б) Соттардың шешімдері

В)Бұқықтық- актілер

Г) Барлық жауаптар дұрыс
2-тақырып.Шет елдердің Конституциялары.
1. Конституцияның мазмұны мен мәні.

2. Конституциялық реттеудің обьектілері.

3.Шетелдердің конституцияларының еліміздің Ата Заңынан айырмашылығы.
Қазіргі кездегі көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердін негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзара қабысқан жиынтығы саналып, ең жоғары заң күшіне ие болады. Сондай-ақ, бұл заңдар қоғамдық қарым-қатынастарды, саяси жүйелер мен саяси режимдерді негізге ала отырып, мемлекеттік және өзін-өзі басқару оргаіщарьш институттандыру принциптерін көздейді.Сайып келгенде, Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдық ететін қогамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдіцң қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, құрылымын, сонымен қатар әр түрлі қоғамдық органдардың қызметін көрсетеді.Мемлекеттік құқықтық әдебиеттерді зерттеу барысында мына елдердің: АҚШ (1787 ж.), Франция (1791 ж.) негізгі заңдары- мемлекеттік конституциялары алғаш қабылданғандар қатарына, ал кейінгі қабылданғандарына: Норвегия (1814 ж.), Бельгия (1831 ж.), Аргентина (1853 ж.), Люксембург (1868 ж.), Швейца­рия (1874 ж.) едцерінің конституциялары жатады. Екінші дүние жүзілік соғыс алдында қабылданып, қазірге дейін күшін сақтаған конституцияларды атасақ, олар: Австралия, Мексика, Ли­ван, Ирландия, т.б. елдерге тән. Ал енді, Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне келсек, олардың басым көпшілігі дүние-жүзілік колониальдық жүйенің күйреуінен кейін қабылданған конституциялар.

Мемлекеттану ғылымы ұғымында конституция екі негізгі мағынада қаралады:

Әуелгісі- заңдық конституция (мемлекеттің негізгі заңы ретінде бекітілген тәртіппен түзіліп, қабылданады) - сол елдің мемлекеттік сипатын, саяси жүйесін, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының ұйымдасуы негізі мен қызметін анықтай Вестник Межпарламентской Ассамблеи, 1994, №1,40-бет.отырып, адамдар мен азаматтардың құқықтық жаиларын тәртіптеп береді. Былайша айтқанда, зандық конституция белгілі бір мемлекеттегі қоғамдық карым-қатынас жүйелерін қағидалап тұжырымдайды.Әлбетте, зандық конституция процесі түзілген кездегі тәжірибеде барлық құқыктық тетіктер жинақталып, дәл саралана алмауы мүмкін. Мұндай жағдайдың өзінде де коғамдық қатынас-тарды басқаратын құқықтық тетік мемлекеттану ғылымында нақтыланып конституция деп санала береді. Бірақ, күнделікті ағымдағы қажетті өзгертулер зандық конституцияға енгізіліп отыруы тиіс.

Конституция уақытша және тұрақты болады. Уақытша конституция әдетте белгілі бір мерзімге қабыдданады, Мысалы, Таиланд Конституциясы 1959 жылы тұрақты конституцияны кабылдағанға дейін күшінде бодды. Көп едцердің конституция­сы тұрақты конституция болып табылады. Алайда, бұл тұрақтылық ол конституцияға өзгертулер, толықтырулар енгізуге, тіпті кайта қарауға бөгет бола алмайды.

Конституциялар демократиялық және авторитарлық деп те бөлінеді. Демократиялық конституциялар еліндегі азаматтардың әр түрлі бірлестіктеріне еркіндік пен кең кұқықтар беруімен кезге түседі. Ал, авторитарлық конституциялар негізінен азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігін шектеп, тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді.Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен, көптеген конституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:

а) конституция халықтық өкімет принциптерін жариялайды. Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясының 25-бабын-да: "Барлық билік халықтан келіп шығады." делінсе, Италия Республикасының Конституциясының 1-бабында: "Италия -демократиялық республика... Тәуелсіздік тек халыққа тиісті"- дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады. Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992 ж.) 7-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық болып табылады", - деп жазылған. Тунис Республикасының Конституциясының (1959 ж.) 3-бабыңда: "Тәуелсіздік құқық тек тунис халқына тән әрі оны Конституцияға сай жүзеге асырады"- деп жазылған.

б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын реттейді. Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол "Құқық Декларациясы" деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953 ж.) "Жеке және коғамдық құқықтар мен міндеттер" деген бөлім болса, ал Өзбекстан Конституциясында: "Адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтары, еркіндігі және міндеттері" атты тарау бар.

в)Конституция билікті бөлу принциптерін бекітіп береді. Мұндай кағидалар, мысалы, АҚШ, Ресей, Жапония, Эстония, Дания және т.б. елдердің конституцияларында бар.

г)Конституция басқару түрлерін орнықтырады (республика немесе монархия). Мысалы, Боливияның саяси конституциясында (1967 ж.): "Боливия унитарлық республика болып табылады" деп көрсетілсе, Испания конституциясы (1978 ж.): "Испан мемлекетінің саяси нысаны - парламенттік монархия болып саналады" - деп жазылған. Ресей, АҚШ, Израиль, Беларусь, Украи­на, Өзбекстан, т.б. мемлекеттер республика деп жарияланған.

д) Конституция мемлекеттік құрылым түрлерін (унитарлық немесе федерациялық) орнықтырады. Мысалы, ФРГ, АҚШ, Индия, Мексика федерациялық мемлекеттер болып жарияланған.

е) Конституция сайлау жүйесін бекітеді.

Сонымен көп мәселелерді, әртүрлілігіне қарамастан, консти­туция лар реттейтіні анықталды.

Конституция - сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтықтұрғыдан реттеуші жүйелерді аныктайтын мемлекеттік негізгі заң болып есептеледі. Ал, қалған зандар мен заң күшіндегі актілер, әдетте, конституциялық институттар арқылы белгіленген конституциялық реттер бойынша қабылданады. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болу сипаты оның қалған барлық нормативтік құқықтық актілердің конституция нормаларына дәл де сәйкес болуын талап етуімен айқындалады. Әрине, конституцияның үстіден караушылық қуатын ондағы нормалардың өздері камтамасыз етеді. Сөйтіп, Ресей Федерациясының Конституциясы (4-бап) Ресей Федерациясының барлық территориясында үстіден қараушылық қабілетіне ие. Жапония Конституциясының 98-бабында Конституция елдің үстінен қарайтын заң күшіне ие екендігі, қалған заңдар мен жарлықтар, рескриптер немесе тағы да басқа мемлекеттік актілер, егер олар конституция ережелерінің бөлімдеріне не тарамдарына қайшылықты келсе, онда ешқандай заң күшіне ие болмайтыны айтылған.Біз Конституцияны төмендегіше жіктейміз: қабылданган негізгі заңның мәтіндерін зангерлердің дайындау тәсіліне қарай; конституцияны өзгерту (қайта қарау) реті бойынша.

Қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсілі бойынша

Конституция екі топқа бөлінеді:


  1. жазылған; 2 жазылмаған.

Жазылған конституция бірыңғай құжат түрінде құрылады. Оған мысалы, Германияның Негізгі заңы, Испания Конститу­циясы, Мексиканың саяси Конституциясы, Ресей Федерациясының Конституциясы, Кырғызстан Республикасы Конститу­циясы кіреді. Жазылған конституция (ерекшелік сипаты) бірнеше мемлекеттік-құқықгық актілерден түрады (Канада, Израиль, Сауд Арабиясы, Швеция). Литва Республикасының 1992 жылғы Конституциясының 150-бабына сәйкес, бұл Конституция құрамына 1991 жылдың 11 ақпанындағы "Литва мемлекеті жайлы конституциялық заң" және 1992 жыддың 8 маусымындағы "Лит­ва Республикасының постсоветтік Шығыс одағына қосылмауы туралы" конституциялық акті кіреді.

Жазылмаған конституция тек Англия мен Жаңа Зеландияда ғана бар. Дегенмен, жазылмаған конституция нормалары нақты көптеген елдердің мемлекеттік-құқыктық актілерінде де кездеседі.

Өзгерту (қайта қарау) реті бойынша да конституцияларды екі топка: бейімді және қатаң деп бөлеміз.

Бейімді Конституция өзі қабылданған, өзгертілген, толықтырылған жай парламент зандары іспетті принциппен өзгертіле береді.

Қатаң Конституция болса негізгі заңның өзінде қарастырылған ерекше тәсілмен өзгертіледі.

Жазылған конституция: преамбула, негізгі бөлім, қорытынды, өтпелі, т.б. ережелерден (қосымшалардан) тұрады.

Преамбула, әдетте, конституцияны салтанатты жариялаудан, сондай-ақ кейбір нормативтік сипаттағы емес мәлімдеу ережелерінен тұрады. Кейбір елдердің (Бельгия, Италия, Латын Америкасының көптеген елдерінің) конституциялары преамбуласыз.Конституцияның негізгі мәтіні адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайлары жайлы нормаларының, мемлекеттің саяси жүйесі мен конституциялық негізгі институттарыньң, мемлекет түрі мен өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік саясат пен қоғамдық қатынастарды баскарудың маңызды жақтарын реттейтін нормалардан тұрады.Қорытынды және өтпелі ережелер нормалардың күшіне ену тәртібін немесе қабылданған конституцияны өзгерту реттерінің орнықтырылуы жайын, сондай-ақ әрекеттегі зандардың жаңартылу мерзімі мен басқа да көптеген жеке мәселелерді карастырады.Конституцияға қосымша негізінен басты мәтіндерде кеткен ақаулықтарды толықтырып не болмаса конституцияның басты мазмұнының (фабуласының, мысалы, Үндістан Конституциясына қосымша) қүқыктық жүгін нақтылайды.Жазылған Конституцияны қабылдаудың әлемде әр түрлі жол-жоралары бары бізге мәлім. Осылардың арасынан төмендегі жалпы мойындалған үш негізгі жол-жораларға тоқталайық:

1) Конституцияны өкілдік құру арқылы (құрылтай жиналысы немесе парламент) кабылдау.

Былайша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одакқа бірлескен 13 тәуелсіз штаттың 12 штатынын өкілдігінен небәрі 55 де­легат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарда құрылтай жиналысы сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат қажет болғанымен, оны 11 штат колдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ Конституциясы ресми күшіне енген болатын.1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда король тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардын үшінші тобы (сословия) ұйымдастырған құрылтай жиналысында бекітілгенді. Құрылтай жиналысы мақұлданған конституция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді. Бірақ, бұл акті жанама сипатта болды. Өйткені, конституцияның рес­ми күшіне ену күні король Людовик XVI-ның конституцияға қол қойған 14-қыркүйек күні емес, 1791 жыддың 13-қыркүйегі, яғни, конституцияны құрылтай жиналысының мақұлдаған - оның қабылданған күні саналады.Сондай-ақ, құрылтай жиналысы тарапынан: Италия (1947 ж.), Индия (1974 ж.), Греция (1975 ж.), т.б. елдердің конституцияла­ры қабылданды. Сайлау корпусы тарапынан да конституция кабылданды. Мұндай жағдайда конституцияның қабылдануы, мысалы, 1958 жылы Францияда болды. Сайлау корпусы сол секілді Италияда (1947 ж.), Югославаияда (1945-1947 ж.), Болгария мен Румынияда (1990-1991 ж.) конституциялар қабылдады.Атқарушы өкімет басшысы актісімен (октроирование) конституция кабылдау. Конституция жобасы тек қана өкімет ап­параты тарапынан дайындалады. Кейін оны окімет басшысы бекітеді. Алғаш рет мұндай тәсіл Францияда, Король Людовик XVIII-нің тарапынан қабылданып, ол 1814 жылғы Хартияны бекіткен болатын. Мұндай тәсіл 1831 жылы Бельгияда, 1867 жылы Канадада, 1963 жылы Кувейтте және т.б. елдерде қолданылды.Бұл тәжірибені патшалық Ресей де колданған болатын. 1906 жылы 27 кекекте "Ресей империясының негізгі мемлекеттік заңдарының" мәтіні жарияланды. Шындығын айтсақ, бұл ең алғашқы жоғарыдан ендірілген орыс конституциясы еді. Бұл зандар Ресей империясының мемлекеттік құрылымын, мемлекеттік тілді, жоғарғы биліктің мәнін, заң шығарушылық тәртібін, орталық ұйымдар: Мемлекеттік Кеңес пен Мемлекеттік Дума принциптерінің, Министрлер кеңесі мен министрліктердің, Ресей азаматтарының құқығы мен міндеттерін, православие шіркеуі жағдайын күшейтті, мемлекет елтаңбасының сипаттамасы жазылып, сондай-ақ мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелері сөз болды.

Кез келген конституцияның корытынды ережеде көрсетілген кезден немесе арнайы мемлекеттік-құқықтық актімен күшіне енетіні белгілі. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясының Қорытынды және өтпелі ережелерінде көрсетілгендей осы елдің Конституциясы халықаралық дауыс беру нәтижесіне сай ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.Күшіне енген Конституция заң бойынша мемлекеттің барлық территориясында ыкпалды. Кейде конституция белгілі бір территорияда ғана күшінде болса, кейін басқа бір территория аумағында да күшіне енуі мүмкін. Мысалы, ФРГ-нің 1949 жылы қабылдаған Негізгі заңының әуелде тек батыс Германия жерінде күші болса, кейін ГДР-дің ФРГ құрамына кіруі нәтижесінде ФРГ-нің Негізгі заңы ГДР территориясында да күшіне енді.Жазылған конституцияны өзгертудің әр түрлі тәсілдері емірде белгілі.

Бейімді деп аталатын конституцияларды езгерту, жоғарыда айтып өткеніміздей, лайықты заңдар қабылдау нәтижесіңде жүзеге асырылады. Осындай тәсілдер арқылы Англия, Израиль, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Швеция конституциялары өзгеріске түсті. Ал, қатаң конституцияларды өзгерту мұнан гөрі күрделірек тәртіппен жүзеге асырылады. Мысалы, АҚШ-тың конституциясын өзгерту үшін түзету жобасын Конгрестін әрбір палатасы мүшелерінін үштен екісі дауыс бергенде, не болмаса заң шығарушы жиналыстардын төрттен үш штаттары қолдағанда ғана заңды болады. Дегенмен, осы күнге дейін АҚШ конститу­циясына 26 түзетулер енгенін айта кеткеніміз жөн.Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның абсолюттік көпшілік дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ-да да Негізгі заңды өзгерту үшін парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі. Ал, Австралияда Парла­мент бекіткен конституцияға енгізілген түзетулер жобасы ре-ферендумда бекітілуі қажет.Төтенше жағдайларда, айталық, Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Франция және т.б. елдерде, кон­ституцияны қайта қарауға тыйым салынатынын ескерте кеткіміз келеді.Сонымен катар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда, мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей Федерациясы Президенті, Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі, Ресей Федерациясының заң шығарушы (өкілетті) субъ­ект органдары, сол секілді Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізу жайлы ұсыныстарды саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады. Кейде Негізгі заңға түзетулер жобасын даярлау үшін конституциялық комис­сия құрылады (мысалы, Швеция мен Финляндияда).Сонымен катар кейбір елдерде негізгі зандарды қайта құру үшін халық ықыласын жүзеге асыру жолы да қарастырылады. Мысалы, Италияда конституциялық заң жобасы кем дегенде 50 мың сайлаушылар ұсынысымен ғана қайта қаралатын тәртіп орнаған. Швейцарияда конституцияны толық не жартылай карау үшін халық ықыласын жүзеге асыру ескерілген. Сондай-ақ, халық ынтасымен конституцияға түзетулер енгізу Латвия Республикасының Негізгі Заңында қарастырылған. Мұндай ұсынысқа 300 мыңнан аз емес сайлаушылар қол қоюлары тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет