IБөлім. Жарнама психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Жарнаманы қолданудың психологиялық тұжырымдамалары



бет7/8
Дата17.06.2018
өлшемі0,67 Mb.
#42514
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдіснамалық бөлім. Алғашқы социологиялық ақпарат жинағының әдістері. Ол- Сауалнама. Сауалнаманың түрі- анкеталық.

Зерттеу жүргізілген уақыт және орын, нұсқау аты:

Анкета: «Жарнаманың адам санасына әсері».
Анкета Қ.Спатаев атындағы техникалық-лицейдің 10 «Б» сыныбында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттері мен мұғалімдеріне сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындарына 1ақпан-31 мамыр аралығында жүргізілді.
Нұсқаудың мінездемесі: Барлық сұрақтар-22

Мазмұны бойынша:

Мінез-құлық фактысы бойынша-5 сұрақ №1,4,9,14,18.

Сана фактысы бойынша-14 сұрақ № 2,3,5,6,7,8,10,11,12,13,15,16,17,19.

Сұралушылардың ерекшеліктері бойынша-4 сұрақ №20,21,22.


Форма бойынша: жабық -22

Безендірілуі бойынша: сызықты-22
Іріктеме: 60 адамнан сұралды, олардың ішінде:


  • 20 адам 15пен17жас аралығында (40%сұралғандардың жалпы %)

  • 13 адам 18бен 25жас аралығында (26% сұралғандардың жалпы %)

  • 10 адам 26мен 47 жас аралығында (20% сұралғандардың жалпы %)

  • 10 адам 48бен 60жас аралығында (20% сұралғандардың жалпы %)

  • 7 адам 60тан жоғары (14% сұралғандардың жалпы%)

20 адам-еркек 40 адам -әйел

Іріктеме түрі стихиялы. Бақылауға алынған адамдар Шымкент қаласының тұрғындары. Сауалнама географиясы- ОҚО Шымкент қаласы.



Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдісі – қолмен.
Міндеттер:


  • Жарнама әсерінен адамдардың бір-біріне және айналадағыларға деген қатынасы өзгереді ме соны анықтау;

  • Адамға жарнаманың тұлға ретінде әсер етуін анықтау;

  • Адамдардың жарнамаға деген қатынасын анықтау;

  • Жарнаманың пайдаланушыға тауар сатып алу кезінде бағдарлануға көмектесетінін анықтау;

  • Тауар таңдау кезінде пайдаланушының жарнамаға тәуелділігін анықтау;


Өткізілген зерттеудің жұмыс жоспары.


Мерекелер.

Уақыты.

Жауапты.

Әдебиеттер тізімі, шетелдік және отандық әдебиеттерге терең талдау.

желтоқсан, қараша

Абильдабекова М.С.

Зерттеу нұсқаларына құрал-жабдықтарды дайындаулуы.

сәуір

Абильдабекова М.С.

Тираждалған анкета

наурыз

Абильдабекова М.С.

Зерттеудің жүргізілуі

сәуір

Абильдабекова М.С.

Алынған ақпараттың қорытындысы және анализі.

мамыр

Абильдабекова М.С.

Зерттеу қорытындысы бойынша отчетқа дайындық

маусым

Абильдабекова М.С.

Зерттеу қорытындысының презентациясы

маусым

Абильдабекова М.С.

Практикалық зерттеуге нәтиженің енуі.

8 маусым

Абильдабекова М.С.



Аналитикалық бөлім.
1. Зерттеу нәтижесі бойынша, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында жарнама тікелей әсер етпейді деуге болады. Тек 15-17 және 18-25 жас аралығында адамдардың жарнама роликтеріндегі актерларға еліктеуі байқалады. Болжам толығымен расталды жарнама әсерінен айналадағылармен қарым-қатынаста мінез-құлықтың өзгеруі тек 20 % мойындады.
Кесте-1. Жарнаманың әсерінен адамдардың бір-біріне немесе айналадағыларға деген қатынасының өзгеруі.
Айналадағыларға қатынасы (%)

Жасы

Өзгереді

Өзгермейді

Жауап беруге қиналамын

15-17

12%

30%

4%

18-25

2%

18%

6%

26-47

4%

12%

4%

48-60

2%

14%

4%

60тан жоғары

0%

10%

4%

2.Жарнаманың көбісі 15-17және 18-25 жас аралығындағы адамдарға көбіне әсер ететіндігі зерттеу өткізу барысында анықталды. Олар өздерін таңқалдыратын жарнаманы көруге тырысады, әлеуметтік және азаматық құндылықтарға көзқарасы өзгереді. Болжам толығымен расталды.


Кесте-2 Тұлға ретінде жарнаманың адамға әсер етеуі.
Жарнаманың адамға әсері(%)

Жасы

мойындайды

мойындамайды

Жауап беруге қиналамын

15-17

26%

10%

4%

18-25

14%

6%

6%

25-47

10%

6%

2%

48-60

2%

14%

4%

60 тан жоғары

4%

6%

4%

3. Пайдаланушылардың жарнамаға тәуелділігі олардың жас ерекшелігімен тікелей байланысты Пайдаланушылардың жасы ұлғайған сайын жарнамаға теріс қатынасы жоғарлайды. Демек, оң көзқарас азаяды немесе төмендейді яғни өз талғамдары бойынша тауарды таңдайды. Сұралғандардың 30 %-ы жарнамаға оң қатынаста, 78%-ы жарнамаға бәрібір яғни (нейтралды), ал 12 %-ы теріс көзқараста. Болжам толығымен расталды.


Кесте-3 Тұтынушылардың жарнамаға қатынасы.

(сұралғандардың саны %)




Жасы

Оң

Теріс

Бәрібір

15-17

10%

8%

20%

18-25

10%

2%

20%

26-47

11%

4%

10%

48-60

6%

8%

10%

60тан жоғары

3%

4%

4%

4.Анкетаға қатысушылардың көпшілігі жарнама оларға жаңа тауар, қызмет және технологиялар туралы білуге көмектеседі деп жауап берді. Сұралғандардың 70 %-ы нарықта жарнама тауар алуда бағдарлануға көмектеседі деп жауап берді



Кесте-4 Тауар алу кезінде жарнама бағдарлануға көмектеседі ме.


Жасы

Ия, көмектеседі

Жоқ, көмектеспейді

15-17

24%

14%

18-25

20%

6%

26-47

8%

12%

48-60

10%

10%

60тан жоғары

8%

6%

5. Пайдаланушылардың жарнамаға жабық тәуелділігі де бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, жарнама пайдаланушының өз бетінше тауар таңдауға мүмкіндігін азайтады.


Кесте-5 Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдағанда, сізге жарнама қаншалықты күшті әсер етеді.

(жас ерекшелік тобына байланысты сұралғандардың саны %)





Жасы

Әсер етеді

Әсер етпейді

Жауап беруге қиналамын

15-17

40%

36%

2%

18-25

18%

6%

2%

25-47

12%

8%

0%

48-60

12%

6%

2%

60 тан жоғары

4%

6%

4%

2 әдістеме



«Жарнама шараларын қолдану динамикасын анықтау» сауалнамасы.
Сауалнама: Авторлық
Мақсаты: Жарнама шараларын қолдану динамикасын анықтау.

Жасы ерекшелігі:

1) 20 адам -15 пен 17жас аралығында

2) 20 адам -18 бен 25жас аралығында

3) 20 адам -26 мен 47 жас аралығында

4) 20 адам -48 бен 60жас аралығында

5) 20 адам -60 тан жоғары

Жарнама шаралары.

1.Газет

2.Журнал

3.Теледидар

4.Радио

5.Көшедегі жарнама
Сұраққа 1 және 5 ұпай аралығында жауап беру. 1-төмен, 5-жоғары көрсеткіш.
Нұсқаудың мінездемесі: барлық сұрақтар-5

Форма бойынша: жабық
Жалпы әдістеменің нәтижесі бойынша, Адамдар үшін бұл жарнама шараларының ішінде ең тиімдісі теледидар оны адамдар есінде көп сақтайды, оның ықпалы тауар алуға бағдарлануға көмектеседі. Оның теріс жақтары, көп қайталанып адамды жалықтыруы және қызықты бағдарлама арасында көп берілуі, бағдарламаны үзе беруі. Одан кейін көшедегі жарнама оны адамдар көп көреді және онша мән бере бермейді, ол қаланың безендірілуіне әрине әдемі. Оның кемшілігі ұлттық-этникалық ерекшеліктерді ескере бермейді өйткені, ол шет ел жарнамаларына сүйенеді. Үшінші кезекте журнал ол оқырманның есінде көбіне түрлі түсті көп қолдануымен есінде қалады. Төртінші, ол радио, оны адамдар көп тыңдамайды, қазіргі заман талабына сай оны жастар тыңдауда ол жарнаманы әуенмен береді. Бесінші ол газетті көбіне үлкен жасқа келген маман иелері және қарттар оқиды.

Әдістеме нәтижесін: Қосымша Г, Д, Ж, З, Е көре аласыздар.


3 әдістеме.


Әдістеме атауы: «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі.
Мақсаты: Адамның қазіргі таңдағы нарықтық қатынаста, бәсекелес елдер қатарына енудегі көзқарасын анықтау және жетілдіру.
Әдістемеде сұраушыларға өз көзқарастары бойынша сөйлемді аяқтауы ұсынылады. «Жарнама әсер етеді...» Онда

Жарнама туралы оң көзқарасы

Жарнама туралы теріс көзқарасы
Салыстырмалы факторлар:

1.Экономикалық

2.Құндылықтар және мәдениет

3.Эстетикалық

4. Жеке және интеллектуалды дамуы.
Сауалнама ОҚО Шымкент қаласы тұрғындарының әртүрлі саладағы маман иелеріне жүргізілді.

Бұл әдістемені қорытындылай келе адамдардың көзқарасы олардың мамандықтарына, өмірлік тәжірибесіне тәуелді екені анықталды. Тауарды жарнамалағанда адамдар көбіне өз мамандықтарына сәйкес қабылдайды. Сонымен қатар, жарнамаға деген көзқараста екі жақты пікір бар Яғни жарнаманы сынаушылар және жақтаушылар.



Оны жақтаушылар- жарнама шаруашылық іс-әрекетке өте қажет, тауарды сатуға негіз болады, тұтынушыға шешім қабылдауға тәуелсіздік береді, тұтыну деңгейінің өсуін реттейді, қоғамның маңызды қажеттіліктерін анықтайды дейді.

Сынаушылар жарнама экономикалық жоспарда үлкен шығын келтіреді, адамдарда жасанды, пайдасыз, тіпті зиян қажеттіліктер туғызады.

Адамдар жарнамаға әртүрлі көзқараспен қарайды, ол олардың тәрбиесіне, біліміне, түрлі әлеуметтік жағдайына байланысты.



«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесінің кестесі.
Кесте-6


Салыстырмалы факторлар

Сауалнамаға жауап берушілерге сөйлемді аяқтау ұсынылған: «Жарнама әсер етеді...» Жарнама туралы оң немесе теріс көзқарастары.

Экономикалық

Экономикалық мәселе және адам өмірі... Оң көзқарас, Жарнама тауар ақша айналымын тездетеді сонымен бірге қоғамның материалдық және рухани дамуына көмектеседі. Жарнаманың көп болуы елде экономикалық процестің жүруіне, жаңа тауардың туындауына, бағаның төмендеуіне, өнім өндірушілердің жаңа түріне, жалақының жоғарлауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына әкелетін бәсекелестің жұмыс істейтінін көрсетеді.

Теріс көзқарас, жарнама біздің өмірімізді қиын және қауіпті ететін мәселе тудырады, ол адамды алдайды қалтадағы ақшаларын қағып алады. Жарнама кампанияларымен өткізілген және сатылған тауарлар жарнамаға ақша бергеннен қымбат. Тиімді батыс жарнамасы отандық экономикаға зиян келтіреді. Жарнама бай адамдарға арналған, ол жағдай төмен адамдарда агрессия тудырады, кедейлерге көптеген экономикалық жетістіктерге жетпегенін айтады және қоғамның тең емес екені туралы еске түсіреді.

Құндылықтар және мәдениет

Адамдардың мәдени өмірі... Оң көзқарас, қымбат жоғары сапалы тауарларды жарнамалау, адамның талғамын, білімін дамытады, бұрын білмеген заттары туралы тегін ақпараталады. Қоғамның жоғары құндылықтарына қымбат тауар ұсынады адам тек қолданбайды қазіргі техниканы біледі. Теледидардың арқасында шетел киноларын және басқа да видео өнімдерді көреді, оларға осы уақытқа дейін таныс емес әлемнің терезесі ашылады, олар өздерінің саяси және басқада көзқарастарын көпке айтуға мүмкіндік алады. Оқырманның өзі кумирлері туралы көп нәрсе біле алады және жарнама презентация уақытысында интерактивті шаралардың көмегімен сұрақтар қояды.

Теріс көзқарас, он не мыңжылдықта қалыптасқан құндылықтарды бұзады. Мысалы, жаңа үй техникасы не кіржуғыш ұнтақтары туралы ақпаратқа қарағанда, ғылымның ашылуы туралы ақпараттар адамның болашағына әсер етеді олар оны қызық және маңызды деп қабылдайды. Бүгінде балалар жарнама сөздеріне қарағанда өлеңдерді қиын есіне сақтайды және олардың арасындағы айырмашылықты көрмейді. Теледидардағы жарнама фильм көргенде оны бөледі, психологиялық қанық бағдарламалар теріс эмоционалды реакциялар тудырады және жүйкенің бұзылуына әкеледі. Мұндай жарнама адамды сезіну қабілетінен айырады.

Эстетикалық

Эстетикалық құндылықтар... Оң көзқарас, біздің өмірімізді безендіреді әсіресе жарнамадағы дизайн эстетикалық қажеттіліктерді дамытады жоғары өмірлік стандартқа талпындырады, шығармашылықты жоғары деңгейге көтереді оның көмегімен адам сәнмен бірге жүреді талғамы дамиды, жоғары безендірілген сыртқы жарнама әдемі емес қаланы көркейтеді. Адамды білімді мәдениетті етеді.

Теріс көзқарас, адамды сурет талғамынан айырады, төмен қолданылатын сыртқы жарнама қаланың сыртқы көрінісін төмендетеді. Жарнамада аз суреттілген жасандылар жасалады және жағымсыз адамдардың бейнесін көп қолданады. Жарнамалаушы зейін аударту үшін эротика, агрессия сияқты психологиялық ықпал ету тәсілін қолданады. Ол адамның әсіресе, жеткіншектердің психикасын бұзады.

Жеке және

интеллектуал- ды даму

Адамның индивидуалды интеллектуалды дамуы...

Оң көзқарас, жарнама нарықта пайда болған жаңа тауар туралы оның сапасы, бағасы, қасиеті, тиімділігі туралы ақпарат береді. Адамның ғылыми, мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық сұрақтары туралы көзқарасын кеңейтеді, таңдаудың қиын тапсырмаларын шешуді ойлауға адамды мәжбүрлейді. Әлеуметтік мысалдармен адамдардың көпшілігін ниеттендіреді олар өзінің талантымен, бизнес, спорт, ғылым, өнермен айналысуымен ақша жағынан көтерілген.

Теріс көзқарас, кез-келген ғылыми публистикалық, мәдени және басқа дамытатын бағдарламаларға қарағанда жарнама көп көлемді алады. Көрерменнің көзқарасын дамытатын танымдық бағдарламаларға қарағанда, дөрекі ойын-сауық бағдарламаларды көруге мәжбүр болады. Жалған ақшаны қолданатын алаяқтар көбейді. Сапасыз технологияның химиялық синтезінің нәтижесінде алынған өнімдерді жарнамалайды. Алкогол жарнамасы адамның денсаулығына зиян келтіреді олардың санын көбейтеді. Жеткіншектердің ішімдікке, темекі шегуге ниетін ынталандырады.



Қорытынды
Бұл дипломдық зерттеу жұмысында жарнаманы қолданудың психологиялық аспектілерінің ерекшеліктері сөз болды. Теориялық зерттеу бөлімінің өзі үлкен маңызды мәселелерді қозғайтын үш бөліктерден тұрады.

Жарнама іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері, жарнамада қолданылған суггестивті психотехнологиялар сонымен қатар жарнаманың адам санасына әсері туралы және жарнаманы қабылдауда таным процестерінің рөлі туралы анықталады. Ресейлік, шетелдік психолог-ғалымдар, өзге ғылымдар өкілдерінің құнды ой-пікірлері айқындалады.

Дипломдық зерттеу жұмысы мазмұнын жарнамадағы суггестивті психотехнологиялар, жарнамадағы мотивация, жарнама шаралары, жарнама бейнелерін қалыптастырудағы психикалық процестердің рөлі жайлы теорияларда толықтыра түседі.

Жарнама іс-әрекетінің психологиясы жайлы жазған атақты психолог А.Н. Лебедев, Р.И. Мокшанцев, Сэндидж Ч. Фрайбургер В. Ротцолл Феофонов О. Көзқарастары толығымен ашылып, Жарнаманың жалпы керектігі және оны қолдана білуде адамдардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру керектігі дәлелденді.

Жарнама психологиясы жайлы Қазақстанда әлі ешкім зерттемеген. Соңғы уақытта Қазақстанда жарнама іс-әрекеті қызу өрістеуде. Жарнаманы өндіруде, зерттеуде әлеуметтік, әлеуметтік- психологиялық, қабылдаудың ұлттық этникалық (әдет-ғұрып, өнеге және діни салттар) ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларды ескеру қажет. Бізде пайдаланып жүрген жарнамалар Ресей мамандарының жұмысына сүйенеді. Жарнама өнімдері қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін ескермей жасалғандықтан, тиімділігі төмен болып жатады.

Жарнама өз мақсатына толық жету үшін жарнама мәтінін, бейнесін, түсті таңдауда адам психикасының ерекшеліктерін есеру керек. Жарнаманың психикалық әсеріне- зейінді тарту, қызығу туғызу, тілектерді ояту, интеллект пен эмоцияға жағымды әсер ету сияқты жағдайлар жатқызылады. Адамға жарнаманың әсерін әлеуметтік- психологиялық ішкі дайындықтың жиынтығы ретінде түсіндіретін негізгі компоненттерге- когнитивті, мінез-құлықтық және эмоционалды компоненттерді жатқызуға болады.

Жарнама мына жағдайда керек: жаңа ешкімге таныс емес фирма пайда болғанда; пайдаланушыға әлі таныс емес тауар ұсынғанда; нарық бір типті тауарлармен толғанда және сатушы дәл өзінің өніміне зейін аудару керекті болғанда; сату көлемі төмендегенде; сатушы сатудың көлемін тез кеңейтуді жоспарлағанда, жаңа клиенттерді өзіне қаратқанда, жаңа нарық территориясын «иемдену» керек кезінде.

Жарнама мен тұтынушының мінез-құлқының арасындағы арақатынасты түсіну үшін біріншіден, адам мінез-құлқының көп жақтылығы, оған әсер ететін факторларды, екіншіден маркетингпен айналысатындар мінез-құлық тенденцияларына қарай қалай топтастырады, әсер ететін факторлардан қалай капитал жинайды деген сұраныстарды нақтылау керек.

Жарнама әсерінің психологиялық тиімділігін дұрыс түсінбеу осы бағыттың методологиялық дамуына зиянын тигізеді. Тиімділікті жарнамамен тауар сатудың арасындағы тура байланыс деп түсінеді, яғни жарнаманың тұтынушының тілегіне әсер ете алатын қабілетін ғана бағалайды. Ең негізгісі-жарнама тұтынушыға түсінікті болу керек, зейінді аудартатындай, жеңіл есте қалатындай жағымды эмоция туғызатындай жасалуы тиіс. Осы бағыттағы психологиялық теория мәселелері жарнаманы қабылдаудың психологиялық құрылымы және соған сәйкес жарнамалық әсерлердің психологиялық аспектілері жатады.

Жарнаманы кәсіби сараптау мәселелері де көп зерттелінбеген, психо-семантикалық ықпалды қажет етеді. Жарнамалық агенттікте істейтін психологтар үшін көптеген практикалық қолданбалы зертттеулер жүргізу, шығармашылық ізденіс қажет. Тапсырыс берушінің де тұтынушының да талаптарын ескерген жарнама тиімді болып табылады. Психологтар осы екі жақтың арасындағы диологты қамтамасыз етуге ұмтылу керек. Жарнама-объективті, кәсіби абайлы болуы керек. Жарнама тек технологиялық ғана емес психологиялық факторлар аймағында да жүзеге асырылуы керек.

Сонымен қорыта келе, адамдардың жарнамаға тәуелділігі олардың жас ерекшеліктеріне байланысты болатындығы, сонымен қатар жалпы жарнама қоғамға керек екендігі зерттеу жұмысында дәлелденді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет