II Бөлім Жарнамалы шаралар психотехнологияларының
Қолданбалы мәселелері.
2.1 Кері байланыссыз жарнамалы шараларды қолданудың психотехнологиясы.
Жарнама шараларын кері байланысты және кері байланыссыз деп бөлуге болады. Біріншісі нарық шараларын құрайды бұл- газеттер, журналдар, радио, теледидар, тақта, плакаттар, хабарландыру тақтасы, тікелей корреспонденция. Екіншісі бұл- сауалдар, жеке хат, телефон бойынша жарнама.
Жарнама клиенттерінің психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет және міндетті түрде, нарықпен сәйкес келуі керек. Мұнда өзекті мәселе кім сатып алушы болады оның жынысы, жасы, білімі ерекшелігі қандай. Мұны жарнаманы тарату кезінде емес оны құру кезінде де білу керек. Жарнама компаниясының процесінде де қандай жарнама шаралары негізі болады, ал қайсысы қосымша болатынын анықтау маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |