Шаршы топ алдында шешен сөйлеу - шешен мен
аудиторияның жанды қарым-қатынасы.
Ендеше, бұл іспеттес
қарым-қатынас үстінде алдын-ала жоспарланбаған, кездейсоқ
импровизациялық мезеттердің болуы заңды. Шешендік тәжірибеде
күнілгері жан-жақты талқыланып әзірленген жоспарға мезетте
түбірлі өзгеріс жасау аса сирек кездесер жағдай. Көпшілік ретте бұлай
44
45
істеудің қажеті шамалы. Импровизация, жоспарланған бағыттан сәл
шегініс жасау сөзге қозғалыс, жандылық береді. Тыңдаушылардың
назарын тиянақтауға көмектеседі. Шешеннің аудиториямен бай
-
ланысын дамытады. олардың сезіміне күштірек әсер етеді. де
-
генмен де шешеннің интуитивті, кездейсоқ пайда болған тұстарға
беріліңкіреген, негізгі тақырыптан тым алысырақ кетіңкіреген, им
-
провизациясы сөздің рациональдық, логикалық, мазмұндық жағынан
басымырақ түсіп жатқан сөйленген сөзін сәтті деуге болмайды. Шар
-
шы топ алдындағы жақсы сөйленген сөзде импровизация тек қана
даярлықтың мұқияттылығы мен тереңдігін, жоспардың сайлығы
мен екшелгендігін бөле-жара айқын аңғартуы тиіс.
Сөйлеуге даярлық сатысындағы аса маңызды мәселенің бірі-
сөздің композициялық құрылымын жасақтау. Сөздің ішкі құрылымын
аңғартатын жоспардан айырмашылығы сөйлеу композициясы –
бұл оның нақты тілдік сыртқы құрылымы. Бұнда сөйленетін сөз
бөлімдерінің мақсатына, рациональды, эмоциональды мезеттердің
өзара жымдасуына, көлеміне, стилистикалық ерекшеліктеріне
сәйкестілігі көрініс табады.
Композиция элементтерінің классикалық моделіне мыналар жа
-
тады: кіріспе, нақты нысанды анықтау, баяндау, бекіту, қайшылық
туғызу, қорыту.
Логика іліміне сүйене айтар болсақ /психологиялық позиция
-
да алғашқы және соңғы элементі/, сөйленер сөздің басы мен аяғы
аса маңызды. Жалпы басты ойдың дұрыс әрі дәл қабылдануы үшін,
тыңдаушыларды мәселенің тақырыбына, қойылымына терең бой
-
лата алу жөн. Бұған сөз басы қызмет жасамақ. Қорытынды бөлім
ойды түйіндеуі, сөз басы мен аяғын байланыстыруы, айтылғандарды
тиянақтауы тиіс. Сөйленер сөз қашан да жинақы, ықшам және тепе-
теңдік сақталған қалыпта болуы тиіс. Бұл арада Леонардо да винчи
ережесін ескерсек, сөздің басы мен аяғының көлемі барлық сөйленер
сөздің үштен біріндей мөлшерінен аспауы тиіс. Шаршы топ алдын
-
да сөйленер сөздің әр түрлі композициялық бөлімдерінің жымдаса
үйлесуі туралы заңдылықтарды бейнелі нақыл үлгісінде Платон:
«Кез келген сөйленген сөз жанды құбылыс іспеттес, ол бас-аяғы
бар дене секілді және де тұтас кеуде тұсы мен аяқ жағы бір-бірімен
үйлесімді де сәйкесімді әрі біртұтастықта өрілген болып келеді», -
деп түйіндейді [5,203].
Ендігі кезекте алға межелеп қойған мақсатқа жету үшін ше
-
шен тұжырымдамасының бөлімдері мен басты амалдарын жүйелей
бірізділікпен қарастырып көрелік /
5-сызба
/.
46
47
Шешен сөзі кіріспесінің басты мақсаты- тыңдаушылардың
қызығушылығын туғыза отырып, олардың ықылас-назарын өзіне
аудару, өзара түсіністік пен сенімділікті қалыптастыру,оларды сөзді
қабылдауға ыңғайлау, икемдеу. М.в.Ломоносовша айтсақ: «Кіріспе –
тұтас сөздің бір бөлімі ғана, бұл арқылы ритор өз тыңдаушыларын
ілгергі негізгі сөзге ерекше ықыласпен, ынтызарлықпен әрі түсіне
құлақ қоюға әзірлейді» [4,77].Сәйкесінше, бұл орайда қолданылар
негізгі амалдар мыналар: аудиторияны қызықтыратын, еліктіретін,
ынтықтыратын мәселелерге, ерекше танымал оқиғаларға,
алдыңғы кезекте сөйлеген шешен сөзіне, танымал ақпарат көздері,
мәліметтері мен беделді адамдардың пікіріне, сондай-ақ аудиторияға
бағытталған сауалдарға, юморлық түрдегі ескертпелер сияқты тағы
басқа тұстарға баса мән беру. Нәтижеде кіріспеге қойылар басты та
-
лаптарды төмендегіше топтауға болады:
кіріспе - ерекше назар аударатын басты іс-әрекеттің бірі.
cебебі қозғалыстағы нысанның даму қалпын демеуден гөрі, сол
нысанды бастапқы кезеңде қозғалысқа түсіру әлдеқайда қиынырақ;
кіріспенің солғын, сондай-ақ тым жайылыңқы болмауы жөн;
баяндау стилі түсінікті де ұғынықты болуы тиіс. Сөздің кіріспе
бөлімде қысқа да ықшам айтылуы тиімді;
тәжірибелі шешендерге кіріспені соңғы кезекте, көбіне сөйленер
сөз тұтастай даяр болғаннан кейін әзірлеу тән.
Ал сөздің негізгі бөлімі тақырыптың кең тұрғыда ашылуы
ретінде көтерілген мәселе туралы баяндауды, дәйектеуді, қайшылық
туғызуды қамтиды. Тап осы арада шешеннің басты мақсаты - белгілі
бір ақпаратты хабарлау, өзіндік көзқарасты баяндау және оны
дәлелдеу /егер қажет болса, оппоненттің көзқарасын жоққа шығару/,
аудиторияны сендіру, оларды нақты іс-әрекетке құлшындыру жүзеге
асырылады. Ал осы межелі мақсаттың нәтижелі болуы үшін, шешен:
1) айғақтама теориясын жақсы меңгеруі тиіс; 2) логиканың тезиске,
айғақтамаларға, көрнекіліктерге қояр негізгі талаптарын білуі жөн;
3) жанды сөзді қабылдау психологиясының заңдарына сүйенуі тиіс.
Жинақтай айтар болсақ, бұл орайдағы шешендіктану ілімінің басты
талаптары мыналар:
- Сөйленер сөз тезисі ерте жүйеленуі жөн. Тезис кіріспеде
жинақталып, негізгі бөлімде кең көлемде ашылуы тиіс. дәлелдеу
үрдісінде тезистің өзгеріссіз қалуы міндетті;
- Бірден-бір қатысты деректерді ғана келтіру;
- Айғақ-дәлелдердің нақтылы болуын ескеру;
- Айғақ-дәлелдердің шынайы да жеткілікті болуы;
- Айғақ-дәлелдерді өз пікіріңмен алмастырмау;
- Айғақ-дәлелдердің жүйелі орналасуын қамтамасыз ету, «го
-
мер тәртібіне» сүйену (классикалық риторикаларда дәлелдемелерді
орналастырудың озық тәртібі ретінде әуелі күшті айғақ-дәлелдерге,
кейін орташа мәнді дәлелдеулердің мол бөлігіне, ең соңында орасан
күшті айғақ-дәлелдің біріне кезек беру «гомер тәртібі» делінген);
- Көрнекіліктер ұсынуда тақырып ерекшелігін, нақты матери
-
ал сипатын ғана емес, аудитория ерекшеліктерін есепке алу;
Аксиомалардың /дәлелдеуді қажет етпейтін құбылыс түйіні/
теоремаларға қарағанда меңгерілуі әлдеқайда күрделірек болатынын
есте сақтау.
Шешендік сөз түрлерінің көпшілігінде /саяси, академиялық,
іскерлік, сот шешендігі/ рациональды айғақ-дәлелдер басты рөл
атқарады /теориялық тұжырым, статистикалық дерек, оқиға,
мерзімдік мәліметтер, т.б./. Бірақ бұлар логикалық түйіндеулердің
жандылығын арттыра түсетін эмоциональды айғақтамалардан бас
тарту дегенді білдірмейді.
Айғақтама біржақты және екіжақты болуы мүмкін, аудиторияның
даярлық деңгейі жоғары болған сайын, ол өркениеттірек әрі сыни
тұрғыда болмақшы. Бұған қоса сөйлеу сәтінде өзіндік айғақтарды
және қарсылас жақтың пікірін қолдану қажеттірек болмақшы. Егер
де шешен мен тыңдаушылардың пікірі негізінен сәйкес келсе, онда
біржақты айғақтамамен шектелуге болады. Ал егер де олар алшақ
кетіп, ілгеріде кереғар түйіндермен қайшы келу мүмкіндігі аңғарылар
болса, онда екіжақты айғақтамаға ден қою орынды.
Алдыңғы ретте айтылғандай, сөз сөйлеудің қорытынды бөлімі
айтылғандардан туындаған әсерді бекітуге, сөйлеген сөздің басты
түйінді ойын жақсы меңгеруге мүмкіндік туғызуға арналған. Бұл
үшін төмендегілерді есте ұстау аса қажетті:
- Түйіндеу сөз басынан маңыздырақ. ол айғақтаманы
тұжырымдап жинақтайды. Тыңдаушыларды белгілі бір сенім мен
нақты іс-әрекетке икемдей отырып, бұнымен бір мезгілде күшті эмо
-
циональды ұшқын туғызуы тиіс;
- Баяндау дәлдігі мен стильдің алуандылығын талап етеді;
- Тілдік штампылар, ескірген ұрандар сияқты жаттанды амал
-
дардан аулақ болған жөн;
- Сөз түйіні барлық айтылғандардан логикалық тұрғыда өрілуі
тиіс. Сонымен бірге оның кездейсоқ, ашық та анық, әсерлі болғаны
жөн;
Сөз түйіні сәйкесінше көңіл-күй туғызуы тиіс. Сөз соңын
48
49
жағымсыз эмоцияда аяқтамаған жөн. Сөздің жақсы қабылдануы
үшін, соңғы фразалар жағымды эмоциональды қалыпты қамтамасыз
ететіндей болуы тиіс.
демек, жоғарғы жасалған түйіндер сөз сөйлеудің логикалық
және психологиялық аспектілерінің өзара тығыз жалғастығын, сөздің
барлық құрамды бөліктерінің оның мақсатына және аудитория талап
-
тарына қатаң байланысты екендігін анық аңғартады. Жалпы «тезис»
- сөйленер сөз тарамдарының күллісі тарқатыла өрілетін бас ой үзігі.
Әрбір ұғым, сөз, тіпті әріп атаулы соған келіп тоғысуы тиіс. Басқалай
жағдайда сөз құрылымы олпы-солпы, себепсіз енгізілген басы артық
нәрселерге толы болады. Ал сөйленген сөздегі артық іліктер алғы
мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтірмек.
Достарыңызбен бөлісу: |