Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет22/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Екіншіден,
әдеби тіл – жүйелі тіл. 
Бұл орайда: 1) жазба тілдің ілгері даму барысында халық тілінің сөз 
байлығы, грамматикалық құрылысы ықшамдалады, сұрыпталады, 
нормаланады; 2) жазу мәдениеті арту арқылы халықтың тіл мәдениеті 
артады; 3) сөйлеу тілінде көптеген сөзді әркім әр түрлі айтатын болса, 
түрліше қолданатын болса, әдеби тілде олар жұрттың бәріне бірдей, 
бірқалыпты жұмсалады. Сөзсіз, ондай бірізділік орфографияда да, 
орфоэпияда да, терминологияда да, грамматикада да, яғни, тілдің 
барлық тармақтарында белгілі жүйе – норма болуға тиіс. Тілдің нор
-
малану дәрежесі неғұрлым айқынырақ болса, тілдің әдебилік қасиеті 
солғұрлым жоғары. Нәтижесінде нормаға түспеген әрі-сәрі тіл әдеби 
тіл деп есептелмейді. 
Үшіншіден,
әдеби тіл – стильдік тармақтары 
бар тіл. Әр қоғамның ресми мемлекеттік тілі болатындықтан, оның 
қызметі де барынша кең болуы тиіс. осы ретте түрлі тілдік стиль
-
дер пайда болады. Стильдік тармақтар әдеби тіл қызметінің артуы, 
тілдің дамуы нәтижесінде жасалады. Тілдің стильдік тармақтары 
неғұрлым сараланған болса, әдеби тілдің солғұрлым буыны қатып, 
бұғанасы бекігендігі болып есептеледі. Жинақтай айтсақ, сөйлеу 
тілі беттесіп қарым-қатынас жасаудың құралы болса, әдеби тіл, 
бұған қоса, өнердің, мәдениеттің, ғылымның, оқу-ағарту, тәрбие 
жұмыстарының, саясаттың, кеңсенің, баспасөздің тілі. 
Кейбір халықтар тарихының белгілі бір кезеңдерінде әдеби тіл 


52
53
есебінде оның өз ана тілі емес, басқа тілдің, яғни экономикалық және 
саяси үстемдігін жүргізген елдің тілі (мәселен, Африка мен Азия 
мемлекеттерінің бірсыпырасында қолданылатын ағылшын, испан 
және француз тілдері) қолданылатынын ескерсек, біздің елде де әлі 
күнге шейін көпшілік жағдайда іс қағаздары, сауда мен сот істері, 
мектептердің бір бөлігі орысша болуының өзі соны аңғартады. 
Ұлттық тіліміздің әдеби тілінің қарқынды дамуының баяу болуы да 
осының салдары. 
Шешендіктанудың тарихында белді шешен-билердің орны ерек
-
ше. олардың сөздерінің тілдік материалдары негізінде шешендік 
өнердің даму, қалыптасу үдерісін айқындауға болады. Шешендік 
өнердің тарихы қоғамдық ой-сананың даму тарихымен байланыс-
ты. демек, жанды организм іспеттес болғандықтан, қоғамда болып 
жатқан өзгерістерге сәйкесті тіл де өзгеріп, дамып, түлеп отырады. 
Өмірдің алуан салалары өзгерістерге түсіп, жаңадан пайда болып жа
-
туына орай, тілде де сөйлеудің әр түрлі стильдерінде көрініс беретін 
жаңа құбылыстар пайда болды. 
6-сызбада
қазіргі қазақ тілінің негізгі 
функциональды стильдері келтірілген. Бұлардың барлығына да қатаң 
түрде белгілі бір қарым-қатынас саласында ғана қолданылатын 
өзіндік ерекшеліктері, арнайы тілдік құралдардың жиынтығы тән. 
Стильдерді зерттеумен алғашқы кезекте жазбаша сөйлеу өнерімен 
байланысты стилистика ғылымы айналысады. дегенмен де, ше
-
шен іс-әрекетінде ауызша сөйлеудің жанды сөз формасы пайдала
-
нылады. Ал оған өзіндік ерекшеліктер (бұл топқа стилистикалық 
ерекшеліктер де енеді) тән. Бұл қандай ерекшеліктер? Жазбаша 
сөйлеуге қарағанда ауызша сөйлеудің артықшылығы неде?
Алғашқы кезекте айтсақ, ауызша сөйлеу ерте пайда болған, 
сол себептен де жазбашаға қарағанда үйреншіктірек, қолайлырақ. 
Психолог-ғалымдардың дәлелденуінше, адамдардың басым көпші-
лігі оқып-жазғаннан гөрі, тыңдауды және ауызша сөйлеуді жөн 
көреді. дыбысталу – тілдің өмір сүруінің нағыз табиғи формасы. 
Ауызша сөйлеу – кеңістіктегі уақытша кедергісіз жанды қарым-
қатынас. оған дәл бағыт, жүзеге асыру кеңдігі, диалогтық сұрақ-жауап 
үлгісінде емін-еркін сөйлеу тән. ол әрдайым нақты пікірлесушіні 
қажет етеді. ол бірден-бір әсер ету мүмкіндігін туғызады. 
Жазбаша сөйлеуге қарағанда ауызша сөз сөйлеу шешен
-
ге импровизация жасауға (суырып салып айтуға), өз сөзін 
нақтылауға, тыңдаушылармен олардың реакциясын (қабылдауын), 
қызығушылығын ескере отырып, үздіксіз байланыс ұстанып, әрі оны 
дамытып отыруға мүмкіндік береді. 
Ауызша сөйлеу үстінде жазбаша сөйлеудің қатаң нормаларынан 
ауытқып, шегініс жасауға мүмкіндік болады. Ал бұл сөйленер сөзді 
барынша жарқын, эмоциональды, яғни мейлінше жанды да әсерлі 
етуге мүмкіндік береді. Егер де жазбаша сөйлеу өз құрамына интел
-
лектуальды ақпараттарды көбірек қамтыса, ал ауызша сөз эмоцияны, 
өзара қатынасты, көңіл-күй ауанын білдіруге, аңғартуға сай келеді. 
Ауызша сөйлеуге әр түрлі функциональды стильдердің тоғысуы, 
өзара бірігуі, кірігуі тән. Шаршы топ алдында сөйлеу негізі әдеби-


54
55
кітаби лексикадан құралады. Сөйленер сөздің көптеген түрлері (сая
-
си сөз, лекция, баяндама) ғылыми және ресми-іскерлік стильдерге 
ыңғайлас келеді. дегенмен де шешендіктің кез келген жанрындағы 
сөйленген сөздің ұтымды үзігі, әрі сәттісі публицистикалық, көркем 
әдеби және ауызекі әңгіме стильдері элементтерінің белсенді де мо
-
лынан қолданылуынан көрінеді. Бұларсыз шешен сөзінің эмоцио
-
нальды әрі сенімді шығуы мүмкін емес. Қысқасы, қазіргі ауызша ше
-
шен сөйлеу тіліндегі құрылымдық формалар /мәселен, пікіралмасу, 
лекция, кеңес, пресс-конференция, баяндама, әңгіме сәтіндегі 
сөйленген сөздердегі/ көбінесе алуан қалыптағы кезектесулер мен 
алмасулардан, ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби тілдің элементтерінің 
өзара иық тірестіре бірігуі мен кірігуінен құралады.
Бұл сияқты стильдің алуандылығы шешенге өз ойын дәл білді-
руге кең мүмкіндіктер туғызады. Сондай-ақ бұл шектеулік сезімді 
басшылыққа алуды, ауызекі сауатты сөйлеуді шаласауаттылық пен 
вульгаризмнен айыратын шекараны анық көре білуді міндеттейді. 
Кейбір ғалымдар шешендік сөзге тән арнайы стилистикалық 
ерекшелік ретінде ауызекі әңгімеге жақындықты, яғни сөйлеу тіліне 
тән кезеңдіктердің кең түрде қолданылуын, сөйлем құрылысындағы 
шартты еркіндіктің болуын, сегментті және байланыстырғыш 
синтаксистік құрылымдардың, айқындауыш сөйлемдер мен 
қаратпалардың молдығын, көсемшелік және есімшелік тіркестердің 
жалаң сөйлемдермен алмасуының көбірек ұшырасуын бөле атайды. 
Шешендіктанудағы стиль мәселесінің өзге де қалтарысы бар. 
Тілдің нақты іс-әрекет үстіндегі стильдер жүйесіне қоса, әрбір 
шешеннің жеке өзіне тән, яғни оның өзіндік белгілерін айқындайтын, 
танытатын, сөйлеу дағдысын аңғартатын стилі болады. ол сөз сөйлеуге 
мұқият, тер төге, ойлана жасалған жұмыс нәтижесінде, шешендік 
сөздердің үздік үлгілерін оқып-үйрену үстінде қалыптасады. Бұны 
М.в.Ломоносовша айтсақ, «шешен тұлғаларға еліктеу» дейміз. 
Тек қана нашар шешендер ғана бір-біріне ұқсайды. озық та үздік 
шешендерді сөз сөйлеуді өзіне ғана тән қайталанбас мәнермен құра 
білетіндігі, тілдік құралдарды екшеп ала білуі, сөйлеу үдерісінде 
аудиторияға әсер ете алуы айқын аңғартады. Өзіндік жеке стильді 
қалыптастыру – шешеннің басты да маңызды міндеті. Тілді жақсы 
білу оңай да шаруа емес. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, 
сол даму, жетілу үдерісінде үйренуге тиіспіз. Тіл өнерінің жүйрігі 
атануға болар, бірақ тіл байлықтарын түгел меңгердім, тіл өнерінің 
шыңына шықтым деп ешкім айта алмасы сөзсіз. 
Қазақ халқы ежелден шешендікке әуес, тіл өнеріне жетік ел. 
Халқымыз сөз өнеріне ерекше ұқыпты қарап, оның өте орамды 
сөйлем құрылыстарын, нақыл сөздерін, мақал-мәтелдердін, сөз 
байлықтарын сөйлеу тілінде, фольклорда көп сақтаған. Халықтың 
тіл өнерін өзге өнерден кем санамайтынына «Өнер алды – қызыл 
тіл», «Айтылған сөз атылған оқпен тең», «Сөз сүйектен өтеді, таяқ 
еттен өтеді», «Сөйлей білмес жамандар, сөзді өзіне келтірер», 
«Сөзі мірдің оғындай», «Қаһарлы сөз – қамал бұзар», «Тіл тас жа
-
рады, тас жармаса, бас жарады», «Тіл қылыштан өткір» сияқты т.б. 
мақал-мәтелдер дәлел. Ендеше, халықтың тіл өнерінің алуан әсем 
кестелерін, орасан мол тіл байлықтарын терең игеру, мұрагер болу – 
ана тілін ардақтайтын азаматтың парызы. 
Адамның жақсы қасиеттерінің бірі сөйлеу мәдениетіне байла
-
нысты екендігі даусыз. Бұған қазақ зиялылары А.Байтұрсынұлы, 
Қ.И.Сәтбаев, М.о.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, 
Б.Майлин, І.Жансүгіровтердің тағылымды өнегелері дәлел. 
Шешендіктану сабағы барысында бұлардың әрқайсысының өмірінен 
мысалдар келтіру, әрбіреуінің сөйлеу мәдениеті, шешендігі туралы 
айту орынды әрі керек іс те. Тіл мәдениетіне әуес шәкірт атаулы осы
-
лардай өнегелі де тағылымды тұлғалардан үлгі алса артық емес. 
Алдымен шешендік өнер саласында қалам тербеп, зерттеу жа
-
сап жүрген ғалым С.Негимовтың пікіріне сүйенсек, шешен адамға 
тән қажетті қағидалардың бірер тізбегі төмендегіше: а) қыран 
қанаттылық; ә) сұңғыла ойлылылық; б) терең ақылдылық; в) теле
-
гей білімділік; г) көрегенділік-білгірлік; ғ) судан тұнық сөз; д) да
-
уыс саздылығы; е) сұңқар үнділік; е) келісімді келбеттілік; з) сұлу 
тұлғалық; и) сыртқы түрінің мәдениеттілігі т.б. (18). ойланбасыңа 
қоймайтын, үлкенге де, кішіге де керекті кеңес. Жасамыс «күнім 
өтті» деп жасымастан, жас шәкірт «ондай болмақ қайда» деп қол 
сілтеместен бойды түзеп алған жөн. «Болмасаң да, ұқсап бақ» деген 
емес пе. Мәселен, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың шешендік қалпы, 
сыртқы түр мәдениеті үздік үлгі, толымды тағылым бола алады. 
Қ.Сәтбаев қасиеті хақында ой тармақтай келіп, әлемге әйгілі 
Әуезов ғұламаның алуан мамандық иелерімен өз тілдерінде үндесе, 
ұғыса білетіндігін былайша баяндайды: «Сан сала білімнен көп 
дерегі, білімі бар. Қаныштың бір үлкен ерекшелігі – ол химикпен де, 
биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, фило
-
логпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі» [19].
Атақты саз зергері Ахмет Қуанұлы 1942 жылы болған кино, 
театр, саз өнерінің қайраткер-мамандарының бас қосу мәжілісінде 
Қ.Имантайұлының сөз сөйлегені туралы былайша ой өреді: «ол 


56
57
өнердің түрлі салаларының үстіміздегі уақытта қандай роль 
атқаратынын, мақсатын, халықты рухтандырудағы оның орнын 
өте байсалды, ақылды түрде айтып берді. отырғандардың бәрі де 
Қанышекеңнің аузына қарап қалды. Әсіресе, эвакуация арқылы 
орталық қалаларымыздан келген үлкен режиссерлер, актерлар 
Қанышекеңнің әрбір сөзін жібермей, әрпін санағандай аңырысты ... 
Мен ішімнен: “Па, шіркін, келбетің мен ақылың, білімің сай келген 
екен! Жасай бер, қазақ халқының бақытына!” деумен отырдым» [19].
Ал академик Қажым Жұмалиев Қаныштың шешендік қалпы 
хақында: «ол алып денесін баяу қозғап орнынан тұрды да, тіп-тік 
қалыпта… тамағын кенеп алып, сөзіне кірісті»,-деп жазады. одан 
әрі шешен сөзі туралы: “Жазып келген еш нәрсесі жоқ екен. Әйтсе 
де, ол қысылған да, қымтырылған да жоқ. Таныс аудиторияға лекция 
оқыған кәнігі профессорларша жай бастап, жалпақ алдыра сөйледі. 
Қаныш Имантайұлы сөйлеген сайын жұрт ұйып тыңдады. оның 
тілінің тазалығына, логикасының мықтылығына, ойының терең, әр 
сөзінің мағыналығына сұқтана қарасты. Үлкен зал үнсіз. Шыбынның
ұшқаны естілердей... Бүкіл залда тек Қаныш Имантайұлының 
ғана қоңыр дауысы естіледі”,-дейді. Әдебиетші ғалым мұндайда 
жай адамдарда жиі ұшырайтын тыңдаушыларды өзіне бағындыру 
мақсатымен қолын ербеңдету, бетін құбылту ол кісіде болмағанын, 
аудиторияны ол сөздерінің мәнділігі, салмақтылығы, логикасының 
күштілігімен ұйыта білгенін қозғай келіп: “Айтатынын күні бұрын 
жазып алып, әбден тәкіралап оқыған адам да Қаныш Имантайұлының 
тап қазіргісіндей сөйлей алмас еді. Бір не артық, не кемі жоқ – бәрі де 
орнында”, - деп түйіндейді [19]. 
Бұл келтірілген үзіктерден бір ғана Қ.Имантайұлына тән ақыл-
ойлылықты, білгір-білімділікті, келбет-тұлғалықты, қысқасы, шы
-
найы шешенге лайық қалып-қасиеттерді аңғару әсте қиындық 
туғызбайды. Әрине, өзге де қазақ феномендері туралы осы орайлас 
сөз қозғауға болар еді. Ұғарымыз: халықтың қашан да «шын бағалы 
ардақтысын мақтан ете білетіндігі» (М. Әуезов). 
Әрине, елді аузына қарататын шешендердің өзге де үлгі 
тұтарлық қасиеттері жетерлік. олардың шешендік шеберліктерін 
үйрену қашан да артық емес. Ғалымдар пікіріне сүйене жинақтай 
айтсақ, осы орайда төмендегіше қағидаларды ескеру жөн: 
- Тыңдаушылар білетін мәселені тәптіштеп айтудан сақтану. 
Шешен сөзінің өзгеге білім беретіндей, тыңдаушының жүрегін 
қозғайтындай нәрі болуы тиіс. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген 
жақсы. 
- Тыңдаушыңды қадірлей білу. Тыңдаушыларын қадір тұта 
сөйлеген адамның сөзі тартымды. Өзін өзгеден артық санап, дандай
-
сып мақтана сөйлеген жанның айтқаны далаға кетеді; отырғандар он
-
дайды жөнді тыңдамайды; сөзіне күле қарайды. Өз тұсында айтулы 
шешендер шаршы топ алдында барынша қарапайым, сынық мінез 
әрі жайдары дос, қамқоршы әке сияқтанып сөйлегендігі мәлім.
- Шешен сөзінің анық, дәл, айқын естілетін болуы. ол 
үшін: а) дауысың булығып шығып, бір сыдырғы әуенмен, жігерсіз, 
баяу сөйлейтін болсаң, айтқаның қаншама қызықты болғанымен, 
тыңдаушыларды тез жалықтырарын, олардың көңілі басқаға ауып 
кететіндігін ескеру; ә) сөйлеушінің дауысы құбылмалы, әрі жайда
-
ры болуға тиіс; б) сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, 
қайрат сезілетін болу; в) құр шіңкілдеп, айқайлап кетудің де, ынжық, 
күңкіл дауыспен ақырын сөйлеудің де керегі жоқ; г) дауыс тоны 
аудиторияның үлкенді-кішілігімен, тыңдаушылардың аз-көптігімен 
өлшенуге тиіс. 
- Шешен сөзінде мимиканы, ым, ишаратты қолдануы. 
Сөзіңнің мағынасына, сөйлеміңнің мазмұнына үйлесімді ырғақ тау
-
ып, қол қимылдатудың, бас шұлғудың мәні зор. олар тиісті жерінде, 
ой жетегінде жұмсалса, сөзді жандандыра түседі. 
- Тыңдаушыларға үнемі назар аудара сөйлеу. Екі көзін 
қағаздан алмай сөйлейтін кісіні жұрт онша ұнатпайды. Жазылған 
сөзге үңіліп, кейде қақалып-шашалып, ыңқылдап оқып-сөйлеген 
кісімен тыңдаушылар арасында тығыз байланыс болмайды. Байла
-
ныс болмаған соң, айтылған сөз айдалаға атылған оқ сияқты болады. 
Жұрт алдында сөйлеуші бір нүктеге қадалып қатып қалмай, алдында 
отырғандардың жеке тобына, жеке кісілерге көз тастауы жөн. Сонда 
тыңдаушы да саған назар аударады, сөзіңе зейін қояды. 
- Шешен ойының әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден 
басталмауы. онда сөзің тартымды болмайды, өзгелер ықыласпен 
тыңдамайды. Шаблон – барлық өнердің, әсіресе, сөз өнерінің 
жауы. Өз ойыңды: а) өз сөзіңмен әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі, 
қызықты етіп жеткізуге тырыс; ә) сөз арасында мақал-мәтелді, 
кейбір өлең жолдарын, нақыл сөздер мен тұрақты тіркестерді 
келтіріп отырсаң, оларың нысанаға дәл тиіп жатса, мазмұнды сөзіңді 
өзгелер тамсана құптайды. Ұзақ сөз дәмді болғанымен: 1) кісіні 
жалықтырады; 2) кісінің тыңдау, айтқанды қабылдау қабілеті на
-
шарлайды. ондайда елеусіз юмор, аздап тақырыптан ауытқып көңіл 
көтеру, тыңдаушыларды күлдіріп алудың еш артықтығы жоқ, тіпті 


58
59
керек те. Нәтижеде: 1) аудитория сергіп, жадырап, бір көтеріліп 
қалады; 2) сөзіңді қайтадан ынта қойып тыңдайтын болады. Әйтсе 
де тақырыптан ауытқу жөнімен әрі қысқа болуға тиіс. 
- Шешен сөзінің қысқа әрі тұжырымды болуы. Аз сөзбен 
айтуға болатын ойды керексіз көп сөздермен езгіліп, өзгенің уақытын 
алып отыратын, тыңдаушысын әбден ығыр қылатын адамды қазақ 
«көкмылжың» дейді. Мейлінше аз сөзбен көп нәрсе айтуға тырысу 
жөн. Халық айтады: «Көп сөз – көмір, аз сөз - алтын» деп. Қазақтың 
Қабдоловы айтады: «Көп біліп, аз сөйлеген – шешен, аз біліп, көп 
сөйлеген – мылжың» деп. Қол қоятын қағида. Шешендікке берілген 
қысқа тұжырым. 
- Шешен сөзінің жүйелі болуы. Шешен сөзінде жүйе болмаса, 
онда ешқандай береке жоқ. Бір ойды айтып, екінші ойға көшерде 
берік байланыс болмай, әр нәрсенің басын бір шалып айтқан сөзде 
де табан тірер тиянақ болмайды, ондайды тыңдау да қиын.
Бұл жоғарыда қысқаша айтылғандар – шешен сөйлеу 
мәдениетінен өрбір шаршы топ алдында сөйлеу шеберлігінің бірер 
басты шарттары. осы айтылғандарды қабылдаған шешен өз келе
-
шек кәсібінің үлкен өнер екенін және жауапты да қиын өнер екенін 
аңғаруға тиіс. Айналып келгенде, бұл сияқты шеберліктің түпкі 
мақсаты – тыңдаушыларға сөзбен әсер ету. Ендеше, әрбір шешен 
шеберлігінің өзі сол аудиторияға барынша жақсы әсер ете білуді, 
сөйтіп ол үшін белгілі шындықты мүмкіндігінше анағұрлым сенімді, 
оңай түсінетін, есте қалатын ете білуінде.
демек, шаршы топ алдында шешен сөйлеу мәдениеті сан 
қатпарлы. Мәселен, «Айтылған сөз атылған оқпен тең» мақалының 
мағынасы тереңде. Сөзді сапырма, сақтанып сөйле деген сөз. Сөз 
жаралайды, сөз өлтіреді деген мағына бар. 
Шешен адам, тіпті радио, теледидар арқылы сөйлесе 
де, көпшілікке сан қилы білімдік мәліметтер берумен қатар
жұртшылықты тіл мәдениетіне, сөйлеу мәдениетіне де баулитыны 
сөзсіз. Ендеше, оларға тілдің ойды білдіру мүмкіншіліктеріне, тіл 
мәдениетіне қанық болумен бірге, тілді өткір де әсерлі, икемді де 
бай ету қамын ойластыру міндетті. 
Шаршы топ алдында сөйлеу қашан да жауапты, оңай шаруа емес. 
«Сөйлей-сөйлей шешен болған» жандар да кейде аудитория алдына 
келгенде, алуан күйге түсіп, жүрегі алып-ұшып тұрады. Мұндағы 
басты себеп – шешенді айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта 
аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанағаттандыра ма деген 
уайым қыстауы. оның үстіне, аузына қадала қарап жәудіреген көп 
көздердің әр сөзіңді сынай қабылдайтыны белгілі. ондай мәдениетті 
аудиторияның үнсіз сұсы сөйлеушіге әсер етпей қоймайды. 
Мұндай сәтсіздікке ұшырамау үшін жұртшылық алдында өзіңе-
өзің берік болу, ұстамды болу, қандай да бір қиыншылыққа душар 
болсаң да, сасқалақтамауға тырысу керек. 
Тыңдаушылар алдында өзін-өзі дұрыс ұстай алмаған кісінің сөзі 
де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, 
сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі. 
Үнемі есте болар қағидалардың бірі ретінде шаршы топ алдында 
ұстамды болудың алғы шарты-күні бұрын даярлықтың болуы. Ал 
әзірліксіз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге 
алдын-ала ұқыпты түрде дайындалған кісі не айтатынын нақты біледі, 
қалай айтатынын жобалайды, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдала
-
натынын әбден көңіліне тоқып алады. Ал ондай кісі қысталаңның 
құлы болмайды: өзін-өзі жақсы ұстайды; еркін сөйлейтін болады; 
тыңдаушыларын бірден өзіне тарта, еліктіре алады. Тыңдаушыларды 
еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара алу – ше
-
шен міндетінің нәтижелі болуының шарты. демек, шаршы топ ал
-
дында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты да – даярлық. даярлан
-
бай сөйлеген адам аңдамай сөйлейді. «Аңдамай сөйлеген – ауырмай 
өледі». Мәселен, лекцияның мазмұны, формасы, құрылысы алдын 
ала жоспарланып, қағазға жазылып дайындалуы тиіс. Жазылғанды 
әдеби қалыпқа түсіру, редакциялау лекцияның, баяндаманың тілін 
ширақ етудің, стилін шынықтырудың тек бастамасы ғана, күннен-
күнге жетілдіре түсу міндетті іс. 
Үлгі ретінде айтсақ: 1) әдетте алдымен шешен сөзінің (лекция, 
баяндаманың) жоспары жасалады. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер 
ретімен тақырып күйінде көрсетіледі; 2) жоспар бойынша лекцияның 
(шешен сөзінің, баяндаманың) тезисі жасалады. онда айтылуға тиісті 
жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалып жазыла
-
ды. Мұнда өте-мөте маңызды, керекті пікірлердің, мысалдардың, 
дәлелдердің айтылғаны жөн; 3) жоспар бойынша баяндауға керекті 
материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін кон
-
спект жасалу керек. Конспект – болашақ баяндаманың, лекцияның 
ықшамды түрі. Бұл орайда: 1) конспект жазу үстінде шешен ойын қысқа 
айтудың, аз сөзбен көп мағына білдірудің стильдік тәсілдеріне төселеді; 
2) конспектіде оқыған кітап және басқа материалдардан өзіне керекті 
мағлұматтарды, қағидаларды өз сөзімен қысқартып жазып алуға бола
-
ды; 3) лекцияға (баяндамаға, шешен сөзіне) дайындалу барысында әр 


60
61
түрлі көшірме, картотека, керекті әдебиеттің тізімі, жекелеген ойдың 
сипаттамасы айтылу формасы сияқты материалдар да дайындалады. 
осының бәрінде материалдар кімдер үшін, қандай аудиторияға арнала
-
тынын естен шығармау жөн [20].
демек, жоғарыда айтылғандардан жасалар түйін – шәкірт ата
-
улыны шешен сөйлеу мәдениетіне баулу мәселесінің күрделілігі. 
«Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген» деп халық дәл айтқан. 
Сөзсіз, шешендік-шеберлік. Аталмыш мақал шешен сөзін нысанаға 
дәл тиетіні жағынан анықтауда терең мағыналы. Халық түсінігінде 
шешеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ 
ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет болатындай терең 
мағыналы әрі көркем болуға тиіс. 
Тіл өнерінің салтанатты думаны шешендік алаңында қызады 
да, сонда оның от ауызды, орақ тілді шеберлері көзге түседі. Қазақ 
халқы шешен деп тілдің терең сырына, мол байлығына қанық, оны 
сілкілескенде сілтей білетін, аса дарынды кісілерді атаған. «Жүзден 
біреу шешен, мыңнан біреу көсем» дегеннен шешендікте үлкен 
талғам болатыны аңғарылады. 
Кезінде ерекше шешендік қабілеті бар кісілер елді аузына 
қаратып, өзгелер оларды ұйып тыңдаған /«отағасы», «биағасы», 
«ауыл ақсақалы», «ру басы»/. Елге беделді шешендер ел билеу 
ісінің тұтқасы болса, батыр ел қорғау ісінің тұтқасы болған. Соған 
орай «шешен сөз бастар, батыр қол бастар» делінген. Қазақтың бір 
мақалында: «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып қас ше
-
шендер сөз айтар» десе, енді бірінде «үйде шешен, дауға жоқ, үйде 
батыр, жауға жоқ» делініп, соңғысында шешендік өнерін өмірмен 
ұштастыра алмағандығын ұғындырады. 
Ертеде қазақтың шешендік өнері, бұл күндегідей публицистика-
лық стильдің емес, сөйлеу тілі стиліне қатысты болғаны мәлім. 
Бүгінде шешендік өнердің қатысты емес саласы жоқ, яғни шешендік 
өнерді қажетсінбейтін мамандық саласы жоқ. 
Қазақтың «сөйлей-сөйлей шешен боларсың» дегенін сөзшеңдік-
тен шешендікке бір-ақ секіруге болар деп түсінбеу жөн. Егер көп 
сөйлеген кісі шешен бола берсе, мылжыңдар және тілі мен жағына 
сүйеніп, аузымен орақ оратындар бұл жағынан алдына жан салмаған 
болар еді. 
М.Балақаев: «Шешендік – дарындылық. ол – тілі ғана емес, 
ойы да жүйрік кісілерге, тілдік сезімі күшті адамдарға тән қасиет. 
ондай қабілеті бар адам, басқа өнерді үйреніп білетіндей, тіл өнерін 
де оқып, үйреніп, ізденіп жүріп игереді»,-дейді [16,70].
Сондай-ақ, ғалым шешендік өнерді, бұрынғыларша, 
схоластикалық ережелерге бағындырып үйретуге болмайтынын, тіл 
өнеріне, сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар шешендік өнеріне 
де қойылатынын, шешендік тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең 
жоғарғы сатысы екендігін айтады. 
демек, шешендік өнер – тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің 
шыңы. Шешендік өнері алдымен ауызекі тілге тән. Жұрт алдында 
қағазға қарамай сөйлейтін кісілер сол өнеріне сүйеніп айтатын ойын 
да, айтар сөздерін де табан астында «суырып салып» сөйлейді. Со
-
лай сөйлеуге аса шебер кісі деп қазіргі тұста кімдерді атауға болады? 
Бұл саптан алғы кезекте Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, әйгілі ақын-жазушыларымыз 
Әбіш Кекілбаев, Фариза оңғарсынова, Шерхан Мұртаза, Мұхтар 
Шахановтарды атар едік. Қуанарлығы бұл тізімді әлі де соза түсуге 
болатындығы. Бірақ шексіз емес.
Өз кезінде сыншы ғалым в.Г.Белинский шешендікті рито
-
рикашылдардан емес, шешендерден үйрену керектігін айта келе: 
«Кімде-кім мемлекеттік шешен болғысы келсе, ол мемлекет 
қайраткерлерінің сөздерін үйренсін, тыңдасын, мүмкін болғанынша 
солардың арасында болсын, кімде-кім шешен адвокат болуға тырыс
-
са, сот мекемелерінен шықпау керек, ол адвокаттар арасында болуды 
көздеу керек; егер ол да, бұл да сол мамандық орайында жиі-жиі өз 
күшін байқай берсе, бәрінен де сол жақсы», -дейді [21,501].Бұған 
қоса: «Адам нені жан-тәнімен сезсе, ұғынса, соны ол жетер жеріне 
жеткізіп айта алады. Өзі жақсы білмейтін жайды уағыздағанда ғана 
кісі сөз таппай қалады. Адамды ой жетектей алса, ол анық сөйлейді, 
егер адам ойын жетектей алса, одан да анық сөйлейді», -деген түйіні 
де ойлы [21,524].
Көркем әдебиетте шешендік сөздің үлгілерін авторлық ба
-
яндаудан, көбінесе, кейіпкерлерді сөйлету кестелерінен де көп 
кездестіреміз. Шешен сөйлеуге баулуда бұл сияқты үлгі-тапсырмалар 
да керекті іс. 
Шешен сөйлеу мәдениетіне баулуда шешеннің сөйлеу мәнерін де 
қалыс қалдырмау жөн. «Аузынан сөзі түскеннің, қойнынан бөзі түсер» 
деп халық тауып айтқан. Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері құлаққа 
жағымды болады. Себебі ол ойын анық, дәл айтуға керекті сөздерден 
қайтсем дұрыс сөйлем құраймын, қалай айтсам өзгеге түсінікті, на
-
нымды, әсерлі болады деп ойлайды. Нәтижесінде әрбір ойын лайықты 
әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазына келтіріп сөйлейді. 


62
63
Тәжірибеде кейде «әңгіме не айтылғанында емес, қалай 
айтылғанында» дейтін де кез кездеседі. Ән сияқты дұрыс айтылған 
сөз де «құлақтан кіріп бойды алады». Қазақ халқы келістіріп сөйлей 
алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, 
кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. ондай 
қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп 
отыр» деп сынайды. демек, сөзді қалай болса, солай айта салмауға 
тиіспіз. Сөйлеу, сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ, әуен тауып, 
дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс 
ырғағының құбылмалы қасиетін ескеріп, жазуда ол құбылыстарды 
тиісті тыныс белгілерімен таңбалайтынымыз көп мәселеден хабар 
береді. Сондай-ақ бірқатар дыбысталу, интонациялық ерекшелігі бар 
құбылыстарды тыныс белгілермен таңбалауға болмайды. Мәселен, 
сөйлем ішіндегі бір сөзге ой екпінін түсіру үшін, оны басқа сөздерден 
гөрі басым әуенмен айтатындығымыз. 
Қазіргі таңда бізде тікелей шаршы топ алдында, не радио, 
теледидар арқылы сөйлеу – күнделікті өмір қажеттілігі. Күн сай
-
ын, сағат сайын, ертелі-кеш баяндамалар жасалып, хабар, мақала, 
өлең, әңгімелер оқылып, тыңдаушыларға кеңес беріліп, алуан сала 
тәжірибелері айтылып жатады. Сөзсіз, олардың көбі мазмұнды, 
өткір, тілі орамды болып жатса, құба-құп. Мазмұнды сөзді адамның 
ақыл-ойын билейтіндей әуенмен, жарқын да айқын ырғақпен әрі 
тиісті ынта-жігермен оқып не айтып жатса, нұр үстіне нұр. Солай 
оқылған хабарды, мәселен, радиохабарды құлағыңды тосып, елеңдеп, 
ұйып тыңдайтының даусыз. Өкініштісі, кісіні еліктіретіндей етіп 
оқу, сөйлеу әлі кем, аз ұшырасады. десек те, соңғы кезекте радио
-
торабы арқылы эфирге жылы сөз тарататын дикторлардың басым 
көпшілігінің қазақша сөйлеуі өз тыңдаушыларын еліктіріп жүргені 
де рас. 
Ал көркем сөздің үні өз алдына бөлек мәселе. Ендеше, шешеннің 
оқу шеберлігіне қалай-солай қарауға болмайды. Сөз шеберлерінің 
қаламынан шыққан әрбір шынайы шығарманың жеке сөйлемдері, 
сөз өрнектері белгілі мақсатқа лайық құрылатыны даусыз. Талапты 
ақын-жазушының қолынан шыққан шығармаларда артық сөз, қалай 
болса, солай құрай салған сөйлем болмауға тиіс. Әдетте көркем 
шығарманың тігісі жатық сөздер тіркестерінен құралған сөйлемдері-
терең мағынаның, образ жасаудың, көркем суретті, эстетикалық әсер 
етудің де формасы. Қыбын тауып құрастырған ондай жеке сөйлемнің 
айтылу сазы, ырғақты әуені, жеке сөздердің өздеріне лайықты үні 
болады. Сөйлемнің мағынасын түсініп, оның көркемдік әсерін 
сезіну, не басқаға сездіру үшін, оны нақышына келтіріп, өз әуенімен 
келістіріп оқи білу керек. Сонда ғана көркем сөздің басқаға етер 
әсері күшті болмақ. 
М.Балақаев: «Сөз өнері деген ұғымға сөздерді дұрыс таңдап, 
сөйлемдерді шебер құру ғана жатпайды, солардың әрқайсысының 
қиюын тауып, өз әуеніне келтіріп айту мен оқу да жатады»,-дейді 
[16,77].
Ертеректе сауатты кісілердің немесе дастан-жырды келістіріп, 
жатқа айтатын жыршылардың бірқатары тыңдаушыларын «жылан
-
ша» арбаған. Сондай жыршылар алқа қотан отырып, мүлгіп тыңдаған 
жұрттың еңсесін түсіріп еңкілдеп жылауға да тірейтін. Мұндағы 
ерекше «сиқырлық» толғауы мол көркем сөздің әсерлі күшінде, оның 
жан тебірентерлік лебізбен, нәзік сезіммен, құлаққа жағымды қоңыр 
дауыспен айтылуында. Бұл сөзсіз, асқан шеберлік. 
Бұл сияқты шеберлікті театрлардан да көреміз. Талантты ар
-
тистер біреулердің іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарын бейнелеу 
үстінде тыңдаушыларын еліктіріп, «Бал тамған тілден у да тамар» 
дегендей, бірде күлдіріп, бірде жылатып отырады. Сондай қабілеті 
бар сахна шеберін мақтағанда, олардың басқа шеберлігімен қатар, 
сөйлеу шеберлігіне риза болып мақтайды. Бұған қоса мектептегі 
драма үйірмесінің шәкірттің сөйлеу шеберлігін дамытуда орны ерек
-
ше. Ғылыми жетекшісі сауатты маман болса, ол мектептің «сахна 
шеберлерін» дұрыс бағытқа жетелейді. 
Ақын-жазушылардың өз араларында, шаршы топ алдында, теле
-
дидар мен микрофон алдында және басқа жиын-топта өлең, әңгіме, 
очерктер оқуы сияқты жақсы әдет жалғасын табуы тиіс. 
демек, көркем шығарманың, жай баяндаманың мазмұнға 
ортақтасқан сөзі, сөз тізбектері, сөйлемдері лайықты үнмен, 
әуенмен, екпінмен айтылмаса, кейде олардың ойнақы сазы естілмесе 
болмайды. Өлең оқығанда, бірқалыппен таңдайды тақылдатқаннан 
тыңдаушы еш ләззат алмақ емес. Бұл орайда: 
- асыл сөздің даңғырына емес, құлаққа жағымды нәзік үні 
тыңдаушыны еліктіретіндей сөздің дыбыстық құрылысына да үлкен 
мән берген жөн;
- сөйлем құрамындағы сөздерді дыбыстық еліктеу дағдысында 
айту тиімді де әсерлі.
Сөзсіз, көркем шығарманы қызықты да тартымды етіп оқу 
өнеріне қойылатын бұл талаптар ондай өнерге төселу қабілеті бар 
адамдардың алдына қойылады. олардың дауысы, дикциясы жақсы 


64
65
болумен қатар, әдебиетті түсіне білетін, көркем сөздің үнін есіте 
білетін, сөз пернесін дұрыс баса алатын мәдениетті, сауатты болуға 
тиіс. Бұларды үйрену, оқу арқылы білуге болады. 
Жалпы дұрыс оқу, дұрыс сөйлеу өнеріне, оның жоғарғы сатысы 
шешендік өнеріне, үйренетін орынның бірі – мектеп, университет 
қабырғасы. Білім ордаларындағы шешендікке баулу бірлестіктері 
мен үйірмелерінде, театр мен кинода, радио мен теледидарда, 
басқа да жиындарда артистерді, дикторларды, ақын-жазушыларды, 
тақпақшыларды, лекторлар мен үгітшілерді жазылған сөзді дұрыс 
оқу, дұрыс сөйлеу өнеріне баулу – мәні зор міндеттің бірі. 
Шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда тіл тазалығына 
ерекше назар аударған жөн. Таза сөйлеу – ой айқындығының белгісі. 
орынды айтылған халық мақалдарының бірі «Адам аласынан сөз 
аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» болып келеді. 
Аңғартар астары – алуан. Түйіндер түбірі – тұңғиық.
Әрбір мәдениетті, білімді адамның ана тілін жақсы білуі-парыз. 
Ана тілін жақсы білген кісі сол тілде ойлап, сол тілде таза сөйлейді. 
Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын 
пайдаланып, «бөгде» сөздерді араластырмай сөйлеу. Бұл арадағы 
«бөгде сөз» дегеннің түсінігі өте шартты. Өйткені өзге тілден сөз 
қабылдамаған «таза тіл» болмайды. Егер өзге тілдерден ауысқан 
сөздер сол тілге сіңіп, сол халықтың тіл байлығына айналса, олар 
«бөгде сөздер» болып есептелмейді. Көптеген шетел халықтары 
тілдерінің сөздері бұл күнде қазақ тілінің «қанына сіңіп», әбден жым
-
дасып кетсе, оларды қолданып қазақша сөйлеушілерді кінәламауға 
тиіспіз. Абайдың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы. ол ақынның 
білімсіз бишарасы» үзігіндегі «бөтен сөзді» халық қабылдамаған, 
тілдік дәстүрде жоқ, әдеби тілге енбеген сөздер деп ұғыну жөн. 
Тілдің тазалығы жолындағы күрес үздіксіз жүргізілуі тиіс. 
Жөн-жорықсыз, тіпті, керегі жоқ жерде өзге тілдің сөздерін пай
-
далану, өзге тілдің грамматикалық құрылысын сақтап ана тілінде 
сөйлеу – ойды түсініксіз етеді /мысалы, он күндік - “декада” т.б./. 
Сөзге орашолақ кісілердің бір жаман әдеті - әр тілдегі сөздердің 
құтын қашырып, тілді шұбарлап сөйлеуі. Мысалы, бүгіннен бастап 
автобус это... (қымбаттады ма дегенді айтқысы келгені) (Алматы 
көшесіндегі әңгіме) т.б. Тіл тазалығы үшін күрес – тіл мәдениеті
сөйлеу мәдениеті үшін күрестің бір бөлігі. 
демек, шешен сөз қолдану мәдениетіне аса сергек қарауы тиіс. 
Ғ.Мұстафинше айтсақ, “Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемділігіне 
теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған 
прототиптерді тіл жасаған ұлы образдар тірілтіп көз алдыңа әкеледі. 
Жалғанда не терең? Сөз терең. Не сұлу? Сөз сұлу. Не өткір? Сөз 
өткір. Сөз құдіреті ғажап: алтынды мыс, мысты алтын етіп көрсете 
алады. Тас жүректі қорғасындай балқытып, балқыған қорғасынды 
тастай ете алады. Кірлі көңілді тазартып, кірсіз көңілді кірлей ала
-
ды. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл 
байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді 
байлық. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы 
көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Сөз құдіреті 
ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нәрсе де тоза
-
ды, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды”. 
Сөз - ойды білдірудің, сөйлем құрудың басты кірпіші. Құрылыс 
материалынсыз үй салуға болмайтыны сияқты, сөзсіз сөйлем 
құрауға болмайды. Сөйлем – адам ойын айтудың негізгі формасы. 
Сөйлемге қатынасты әрбір сөз – айтайын деген мақсатты ойдың 
қажетті бөлшегі. Шешен адам қашан да сөйлемдердің, жеке сөздердің 
тыңдаушыға, шәкіртке бірден түсінікті болуын есте ұстауы тиіс. ойды 
айтуға керекті сөзді, грамматикалық тұлғаларды, сөйлем құрылысын 
толғағанда, ойың түсінікті, дәл, айқын болсын деген талап орынды. 
Жалпы түсініксіз айтылған ойдың, орынсыз теріс қолданған сөздердің 
әдебиетте, ауызекі тілде жұмсалуын үнемі сынға алған дұрыс. Әрбір 
шешен өзіне түсінікті де әсерлі етіп сөйлеу керек деген талап қоя оты-
рып, осыны сөйлеген сөзінде, жазған еңбектерінде бұлжымайтын 
қағида етуі тиіс. демек, жазған, айтқандарында үйлесімсіз, түсініксіз 
сөздер, “күңгірт”, “аса көмескі” сөйлемдер болдырмауға ұмтылу - әрбір 
шешен адам кредоларының бірі. Ендеше, шешен сөйлеген сөзді әсерлі 
етейін деп көпірме тіркеске, айтыла-айтыла ығыр болған “қоңыраулы” 
сөздерге әуес болмау жөн. Бұл орайда ұстаным болар қағидалардың 
бірер легі төмендегіше:
- Сөйлем жеке сөздерден құралғанда, ол сөздер айтылмақ 
ойдың бірден-бір дәл қондырған бөлшегі тәрізді болуы керек. 
- Жазуда, сөйлеуде шешен ойына керекті сөз таңдағанда, 
олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек. Мәселен, 
публицистикалық стиль мен ғылыми стильдің сөздік құрамы бірдей 
емес. Публицистикалық стильде жазылған газет-журнал тілі жалпы 
халыққа арналғандықтан, оның сөздері де жалпыға бірдей түсінікті 
болуға тиіс, ал ғылым тілінде жалпыға ортақ сөздермен қатар, жеке 
мамандыққа қатысты жұрттың бәрі бірдей түсіне бермейтін сөздер 
де қолданылады. Солардың ішінде, әсіресе, жеке ұғымды білдіретін 
атаулар, термин сөздер көп болатыны аян. 


66
67
- Шешен сөзінің түсінікті болуы – сөз қолдану мәдениетінің 
басты өлшемі. 
- Сөз мәдениетіне жетік болуы үшін, қазақ тілінің сөз байлығын 
жақсы білу керек. Сөзді көп білген кісінің айтқаны да тартымды 
болмақ. Сөзсіз, қазақ тілінде сөйлейтін кісілердің сөздік қоры бірдей 
емес. Шешен қазақ тілінің сөздерін молынан пайдалануға тырысу ке
-
рек. Әдетте, білімді, мәдениетті, тіл өнеріне әуестігі күшті кісілердің 
сөз байлығы да мол болады. Бұл ретте сөз білудің екі түрін атаймыз:
1) кісінің өзі жақсы біліп, жиі қолданылатын сөздері; 2) өзі білсе 
де, мағынасын түсінсе де, көп пайдаланбайтын сөздері. Адамның 
білімі, мәдениеті артқан сайын, оның сөзді игеру мүмкіншілігі арта 
түсетіні ақиқат. Ғалымдар пікіріне сүйене айтсақ, сөзді көп білуге де 
дарындылық, қабілет керек. оқымыстылардың айтуына қарағанда, 
қатардағы интеллигенттің сөз байлығы 4-5 мың шамасында болса, 
ірі жазушылар мен көрнекті қоғам қайраткерлерінің жиі қолданатын 
сөздері 15-20 мыңдай.
М.Балақаевша айтсақ, тіл мәдениетіне, сөйлеу мәдениетіне 
жетік болу үшін көп сөзді білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білу 
де керек. Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағыналарын, мәндестік 
ерекшеліктерін, әдеби, әдеби еместік қасиетін, еркін және тұрақты 
тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек. 
Шешендік қалыпты аңғартар тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты 
байлықтарының бірегей топтары – мақал-мәтелдер, тұрақты сөз 
тіркестері, қанатты сөздерді орынды қолдану.
1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет