86
87
әңгіме тақырыбына қызыға не ол туралы жете білгендіктен барса,
әлдеқайда жақсы. Бірақ та интеллектуальды-танымдық уәждерге
ие тыңдаушылардың болуы – аудиторияның бары да, нары да де
-
ген сөз емес. Қашан да бұйрыққа бағына, тәртіпке сүйене, парызға
жүгіне келушілер бар да, алғашқы кезекте сөз сөйлер шешеннің өзі
қызықтыратын немесе қарым-қатынас жағдаятына ынтық келушілер
бар. Ендеше бұл орайдағы шешен мақсаты – аудиторияны сөйленер сөз
тақырыбымен, мазмұнымен ынтықтыру, шаршы топ назарын аудару,
баурап алу, екінші және үшінші топтағы уәждерді интеллектуальды-
танымдық жағына түбірімен өзгерту. демек, ұсынылып отырған
материалды тыңдаушылардың түсіну деңгейі, сондай-ақ алғашқыда
үстірт қарап отырған немесе келісімпаздық қалпында болып, сөз
соңында тыңдаушының конструктивті топқа ауыса білуі басым
дәрежеде шешен шеберлігіне байланысты. Ал бұндай дәрежеге жету
үшін шешен сөз сөйлеу үрдісінде тыңдаушылармен арада қандай
кедергі тұрарын, соқпай кетуге болмайтын қандай ақпараттарды
жоғалтқанымен санасуға тура келетіндігін алдын-ала жете түсіне,
аңғара білуі қажет. Бұл арада И.в.Гете сөзімен айтсақ, «әркім өзі
түсінетін нәрселерін ғана еститіндігін» есте ұстау артық емес. Сол
себептен де сөздің барынша түсініктілігі жөнінде қам жеу керек. Ба
-
стысы – шешен сөзін тыңдаушының түсінуін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: