Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет23/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Мақал-мәтелдер
– халық тіл байлығының алтын қазынасы. 
Мақал-мәтелдер – іс-әрекеттің ережесі де. Мақал-мәтелдер аз сөзді, 
терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан, шешен адам сөйлеген 
сөзінде пайдалана білуі тиіс. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – 
сақал» дегендей, мақал-мәтел шешен сөзіне әр береді. Тек тиістісін 
теріп алып, орынды қолдану абзал. орынды қолданған мақал-мәтелдер 
ауызекі сөздің де, әдеби тілдің де шешендік, көркемдік элементтерінің 
бірі болатындықтан, халықтың тіл байлығын қадір тұтып, тіл өнерін 
үйренем деушілер оларды көп біліп, қолдануға тырысуы керек. 
2) 
Фразеологиялық тіркес
– кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін 
жұмсалатын сөздер тобы. Идиомалардың білдіретін мағыналарына 
олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатынаспайды, мүлде 
басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, көрікті етіп 
айту үшін жұмсалады /қара қылды қақ жару; қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалау; жүрегі шайылу; қас пен көздің арасында; қой аузынан 
шөп алмау; тіс қаққан; сіркесі су көтермеу; аузымен орақ ору т.б./.
Фразалық тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің (не бірінің) 
әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады /тіл алмау; көз 
қырын салу; жаны ашу; түймедейді түйедей ету; басына әңгір таяқ 
ойнату; үрейін ұшыру; тасы өрге домалау; жар құлағы жастыққа ти
-
меу; тырнақ астынан кір іздеу/, /аузынан тастамау; қайратқа міну; 
күш жұмсау; қолғабыс ету; шамасы келмеу; қолынан келмеу; көзі 
түсу; басы қату; ойын бөлу; есіне салу; көңіліне келу т.б./.
демек, фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің 
бір белгісі. Халық тілін жақсы білетін кісі тілдің осы байлығын да 
молынан, дұрыс қолдану арқылы ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, 
түсінікті, ықшамды етіп салады. Сондықтан әрбір мәдениетті, сау
-
атты жас маман, тілге шешен болғысы келген оқушы, студент халық 
тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс. 
Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын 
жөн-жорығы жоқ өзгертіп айтып, жаза беруге болмайды. Мәселен, 
«табан астында» дегенді «табан аузында» тәрізді. Шешен адам үшін 
сондай елеусіз сәл-пәлдің үлкен мәні бар. Мүмкін болғанша тұрақты 
тіркестердің тобын бұлжытпай сақтауға тырысқан тәуір. дәлдікке 
бой ұрған шешен үшін « екі көзімді төрт қылды» (сағындырды) 
дегеннің сөзін өзгертіп, орнын ауыстырып айту жөнсіз.
Бір тілде бар идиомалық тіркестерді екінші тілге сөзбе-сөз 
аударуға болмайды. Өйткені олардың білдіретін мағыналары 
құрамындағы сөздердің мағыналарынан құралмайды, мүлде басқа 
ауыспалы мағынаны білдіреді /«вот где собака зарыта» дегенді 
«Иттің көмілген жері міне, осы» деген жөнсіз, «Мәселенің түйіні 
міне, осында жатыр» деп аудару орынды/.
Бұл ретте аударма арқылы қазақ тіліне енген сәтті нұсқалар да 
жоқ емес. Мәселен, «Ештен кеш жақсы», «Балық та емес, ет те емес», 
«Қасқыр да тоқ, қой да аман», «Талабы зор-ақ, тағдыры – дозақ» 
(«охота смертная, да участь горькая»), «Ауыр жүкке жегілме, жегіле 
қалсаң, егілме» («взялся за гуж – не говори, что не дюж») т.б.
Ал тұрақты тіркестерді өзгертіп айтуда ешқандай мағына бол
-
маса, оларды стильдік қате деп есептейміз. Мысалы: әбігерге түсу 
- әбігер болу (дұрысы). Беделін төмендету – беделін түсіру. дәм ішіп 
кетсін – дәм татып кетсін. Назарына ілігу – көзіне түсу – назарын 
аудару.
3) 
Қанатты сөздерді
айтылатын ойлармен орайластырып дұрыс 
қолдана білсек, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұялай 
қалатын дәл, әрі ықшамды болып келеді. Қанатты сөздер бұрынды-
соңды шешендер мен көрнекті ақын-жазушылардың аузынан, 


68
69
қаламынан шығып халыққа тарайды да, олар халықтық қасиетке ие 
болады. Мысалы, «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды»; «Аз болсын, 
аз болса да, саз болсын»; «Қиналған Жамбыл жері осы» (Жамбыл); 
«Жақынды араз, татуды жат қылатын - өсек» (Мұхтар); «Сыншының 
бәрі бірдей мінші ме?» (Ғабиден); «Адамның ішкі сезімінің айнасы 
– көз» (Сәбит) т.б.
Қанатты сөз - ұшқыр ойдың қанаты. оны көп біліп, сөзде, жазу
-
да жұмсай білу – үлкен өнер. Қанатты сөздердің ойды дәл басып ай
-
тумен қатар, көрікті етіп тұратынын да аңғару қиын емес /«Игіліктің 
ерте-кеші жоқ» (Ғабиден)/.
Шешен сөйлеу мәдениетінің аса қажетті қағидаларының бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет