74
75
Логиканың өз ойын айта алу заңдарының бөлімдеріне
үйлесімділігіне сәйкесті сөздің логикалығының сөз дәлділігімен
ұқсас ортақ белгілері мол. Бұл бір сөздің екінші сөзбен байланыс
үйлесімділігі қарама-қайшы келетіндей болмауы тиіс деген сөз.
Сондай-ақ, сөздердің орын тәртібі логикалықты қамтамасыз етеді.
Бұған қоса сөз логикалығы айтылар
ойға қатысты мәтіннің жеке
-
леген бөліктерінің өзара байланыстылығының дұрыс берілуіне де
бірден-бір сәйкесті.
Сөздің басты орталық сапаларының бірі –
оның байлығы немесе
тілдің лексикалық, фразеологиялық, интонациялық құралдарының
алуан түрлілігі.
ол шешеннің жалпы мәдени деңгейімен, оның эру
-
дициясымен, сөз тығыздығымен, шаршы
топ алдында сөз сөйлеу
тәжірибесімен тікелей байланысты.
Шешенді активті және пассивті фразеологиялық сөздік қоры да
бөле-жара айқындайды (активті сөздік қор дегеніміз – біздің өз ойы
-
мызды білдіру мақсатында қолданып жүрген сөздер, фразеологизм
-
дер; пассивті сөздік қор дегеніміз – бізге таныс әрі түсінікті, деген
-
мен де өз сөзімізде қолданбайтын сөздер). Замана талабына сәйкесті
қазіргі мәдениетті адамның активті сөздік қоры шамамен 4-5 мың
сөздер мен фразеологизмдерді, ал пассивті сөздік қоры 15 мың тілдік
тұлғаларды қамтитынын жоғарыда айттық.
Сонымен сөз байлығы (тіл байлығы) неден көрінеді? Алғашқы
кезекте монотондылықтан сақтануға көмектесіп, сөзге жарқын да
айқын эмоционалдық бояу беретін синонимдердің алуан түрлілігінен.
Содан кейін - сөзді құлпырта түрлендірумен бірге, оған ерекше
мәнерлілік, дәлдік, бейнелілік дарытатын фразеологиялық бірліктерді
қолдану. Фразеологизмдер қатарына мақал-мәтелдер, қанатты сөздер,
афоризмдерді қосыңыз. Ең соңында айтарымыз, сөз байлығы ауызша
сөздің тез ұнауына бірден-бір себепкер маңызды белгі болып табыла
-
тын интонацияның алуандылығына байланысты.
Алуан түрлі сөздерге қарама-қарсы сөздік штамп – ескірген,
шаблонды сөз тіркестерінің немесе
сөзді индивидуальдылық пен
мәнерліліктен жұрдай қылатын сөздік топтамалардың жаттан
-
ды қайталанып келіп отыруы. Бұлар бәріне де мәлім, оларды (ол
мәліметтерді) барлығы да әлденеше рет тыңдаған, сол себептен олар
тыңдаушыларға тың ақпарат бере алмайды, сонымен бірге олардың
сезіміне мүлдем әсер етпейді. Штамп сөздің астарында шешеннің ой
мен сезімнен адалығы жатыр.
Жанды ауызекі әңгімелесу сөзіне бірте-бірте көбірек еніңкіреп
жүрген штампы сөзінің бір түрі – «канцеляриялық» деп аталатын
-
дар, яғни іс қағаздарынан алынған трафаретті тіркестердің қажетті
орындарға сәйкессіз қолданылуы. Канцеляриялық сөздердің
белгілері: жанды етістікті қолданыстағы зат есімнен жасалған
етістіктермен алмастыру, ілік септігіндегі зат есімнің қаптап кетуі,
паразит сөздердің шоғырлануы, шетел сөздерін шектен тыс қолдану.
Шешендік сөздің табиғи жандылығы мен мәнерлілігінен жұрдай
қылып
айыра отырып, канцелярит сөздер сонымен бір мезгілде
тыңдаушылардың айтылғандарды түсінуіне, ойлануына кедергі
келтіреді. Сонымен қоса, бұл іспеттес штампылар мағынасыз бос
сөздерге «маңыздылық» беруге көмектеседі. ой мен істің жоқ жеріне
олар бар сияқты көрініс туғызады.
Жоғарыда аталып өткендей, шешендік сөз тыңдаушылардың са
-
насына да, сезіміне де әсер етуді көздейді.
Эмоциональдылық
– шар
-
шы топ алдында сөйленер сөздің рациональды мазмұнын қабылдауға
және меңгеруге көмектесетін аса табиғи да,
сонымен бірге өте
қажетті де сапалық белгі. Ғалымдардың анықтауынша, сөздің
эмоциональдылығы ойлау, жады, назар аударту механизмдеріне
жағымды әсер етеді. Кейде бұл коммуникативтік сапаны «сөз
бейнелілігі» немесе «мәнерлілігі» деп те атайды.
Сөйленер сөздің эмоциональды, мәнерлі болуы шешеннің
аудиторияға беруге ұмтылған сезімді өзінің де сезіне білуіне бірден-
бір байланысты. М.М.Сперанскийдің «Жоғары
шешендіктің тео
-
риясы» атты еңбегіне сүйенсек: «Шешендік негізі – құштарлық,
сезімділік мәнісінде. Шешенге орасан сезімталдық, құбылыс
атаулыны жанды қалыпта елестете білу ауадай қажетті... Шешен
өз тыңдаушыларының бойында шалқыған шабыт,
дария сезім,
атқарылар іске сәйкесті құштарлық ұялатқысы келсе, ең алдымен
осыны өз бойынан өткізуі тиіс» [14,81-85].
Сөз соңында жақсы шешен болғысы келетіндер үшін бірнеше
машықтық кеңестерді жүйелеп, топтап ұсынуға болар еді. Мәселен,
біздіңше, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру үшін аса қажетті
дағдылар жиынтығының бір бөлігі мыналар:
- әдеби тіл стильдерін таразылай отырып, өз беттік оқу
шеңберін ұлғайту;
- атақты актерлер мен дүлдүл шешендерді жиі әрі мұқият
тыңдау, еліктеу;
- өзіңді үнемі бақылауда ұстау, күнделікті сөйлеу стилі мен
тіліңдегі мүкістіктермен күресу (мүкістерді дер кезінде, уақытында
жойып отыру);
- шаршы топ алдына шығып сөз сөйлеуге көбірек машықтану,