Сабақтың тақырыбы: Мен (бен,пен), және шылаулар. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата11.01.2017
өлшемі370,43 Kb.
#6738
түріСабақ
  1   2   3
Астана қаласы

№ 68 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі

Есіл Жанаргүл Өмірзаққызы
Күні: 14 сәуір 2015 жыл

Сыныбы: 4 «В»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мен (бен,пен), және шылаулар.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мен, бен, пен, және шылаулары сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратындығын ұғындыру.

Дамытушылық: Жаттығуларды ауызша, жазбаша, орындату арқылы мен, бен, пен, және шылау арқылы тұлғалас қосымшаларды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар, сөйлем құрау.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, тапсырма сұрақтары,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Матрица ілінеді. Дұрыс жауапқа +, қате жауапқа – қойылады.



a

b

g

x

z

1
















2
















3
















4
















5













6










Сабақтың барысы:
І.кезең Ұйымдастыру.

Сынып іші тап- таза

Бор да дайын тақтада.

Денемізді дұрыстап,

Отырайық партаға.

2 кезең. Өткенді қайталау

Қазір жылдың қай мезгілі? Слайд (көктем көрінісі)

- Көктемде бәріміз де жыл құстарын асыға күтіп жүреміз. Жыл құстарының сендерге арнап дайындаған тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындап көрейік. Әр топқа әр құстың сұрағы беріледі.

(Слайдтан көрсету, құстардың дауысын шығару)
«Бұлбұл»- Шылау дегеніміз не? Ережесін айт. Мысал келтір

«Торғай» - Шылаудың емлесін кім айтады?
«Тоқылдақ»- Шылау сөйлемдегі қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? Септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау

Оқушылардан құстардың орыс тіліндегі атауларын сұрау.
3.кезең. Жаңа сабақ. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды. (Мақалдың мағынасын ашу).



Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Мен бен, пен, және жалғаулық шылаулары.

Сабақтың мақсаты осы шылаулар қай сөздерді бір- бірімен байланыстыратын ұғындыру.
Шылаулардың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары: 




Дәптермен жұмыс

1.Шылаулардың толық лексикалық мағынасы болмайды;

Дәлелдеу

-енді шылауды алып тастап оқу

-мағынасы өзгерді ме?

Қарбыз бен қауын бақшада өседі.

Әр сөздің мағынасын ашу, қауын, қарбыз -заттың атын білдіреді, яғни бұл бастауыш, ал бақшада -тұрлаусыз мүше, өседі-бұл етістік. бен - мағынасы жоқ, яғни шылау.



2.Сөйлем ішінде шылау мүше бола алмайды.

Дәлелдеу: сөйлем мүшесіне талдау

3.Шылаулар сөз бен сөзді , не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады

Апам дүкеннен күріш, ұн, қант және әртүрлі ыдыстар сатып әкелді.

4.Шылаулар түрленбейді және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды

1 -жаттығу.Сөздерді көшіріп жаз, сөз бен сөзді байланыстырып тұрған шылауларды тап. Бұл сөздер қай сөз таптарынан жасалған? Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.

А) талдау

Ә) әр топ бір сөйлемнен құрастырып, сөйлем мүшесіне талдайды.

Мысал

Қорытынды

Жер мен Юпитер

Асан мен Үсен

Алма мен алмұрт


Неге бас әріппен жазылған? Жалқы есім. Бұл сөздер қай сөз табына жатады? Зат есім.

Бір- бірімен байланып тұрған екі сөздің біріншісі дауысты дыбысқа және үнді дауыссыз дыбысқа аяқталса, онда екі сөз мен шылауы арқылы байланысады.



отыз бен қырық

жаз бен қасқыр

сіз бен біз


Бірінші сөз ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталса, онда екі сөз бен шылауы арқылы байланысады.

көк пен жасыл

жеміс пен көкөніс

қас пен көз


Бірінші сөз қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталса, онда екі сөз пен шылауы арқылы байланысады.

қалың және жұқа

және екі сын есімді сөзді байланыстырып тұр.

келу және кету

және екі етістікті байланыстырып тұр

Шапалақ. «Қолдағы қаламсап- бұл қателік». Жазған сөйлемдерін оқыту. Матрицаны толтыру.


  • Көмектес септіктің сұрақтары кіммен? немен? жалғаулары: -мен, бен,-пен.

Орындықты балғамен шегеледі. Ертеде Асан мен Үсен деген екі бала болыпты. Екі сөйлемді салыстыр.Қорытынды: шылаулар бөлек жазылады.

4 кезең Бекіту-Қабылдау 2 жаттығу. Берілгенін бір оқушы оқиды. Сөздерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жаз. Шылаулар арқылы байланысқан сөздердің қай сөз табына жататынын айт. Оларға сұрақ қой.



a

b

g

x

z

1 баған

2 баған

3 баған

1 баған

2 баған

Шапалақ. «Қолдағы қаламсап- бұл қателік». Матрицаны толтыру
3 жаттығу. Шыңғыс Айтматов кім?Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туылған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. «Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді

Мәтінді тізбектеп оқу. Айтылу мақсатына, құрамына қарай және сол сөйлемнің ішінен шылауды тауып, қандай қызмет атқарып тұрғанын айту. Да, де, және.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет