Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет49/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

 
 
 
 
 
 
 У.Кайкабус
Ең алдымен әр сөз тек өз орнында ғана тұруға тиіс. Сонда бір 
сөйлемдегі бірнеше сөз өзара бір-біріне сәуле түсіреді де, әр сөздің 
бұрынғы мағынасына жаңадан тың мағына қосылып, бәрі бірігіп ты
-
ныстар шындық та су жаңа сұлу шыраймен мөлдірей қалады. Ал, 
мағына тың, мазмұн мөлдір болса, оның оқырманға етер әсері де 
өзгеше.
З.Қабдолов
Құлаққа жағымсыз боқты сөз айтқанша,
Жүрекке жылуы бар отты сөз айт.
Майқы би
Ана тілі – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан 
көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де бо
-
луы керек.
С.Торайғыров
Қазақ тілі - өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, 
жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа 
қонымды, жүрегіңе тиімді, .. қысылтаяң қатаң жағдайда қайрап, 
егеп, «сөз тапқанға қолға жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, 
адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін 
шығармай қоятын тіл.
Б.Момышұлы
Қазақ тілі – аса бай тіл, қалай исең, солай иіле береді. орамын, 
бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен 
сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден 
май тамады десе сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң
небір алуа-шекер балдай татитын нәріне, әрине, әсте тоймайсың. 
Ғашықпын қазақ тіліне,.. осындай шүйгін сұлу тілді қалай өгейсітуге 
болады?!
Н.Оңдасынов
Жақсы сөздің ең әуелі бірден-бір жеткілікті шарты – автордың 
айтатын нәрінің болуы, мұнымен алысқа құлаш сермеуге болады.
 
 
 
 
 
 
А.Шопенгауэр
Қарны тоқ аса маңыз ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді.
Абай


148
149
Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, 
өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасын, 
жауынгерлік дәстүрінің қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелді 
мөлшері.
 
 
 
 
 
 
Б.Момышұлы
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Абай
Кіші халықтарға үлкен қанжар керек,
Туған тілді туған жердей қорғау керек.
Шәміл
Жылы сөз жан семіртеді, семіздік кейде кейбір адамдарды 
есіртеді.
Ғ.Мұстафин
Мақал дегеніміз – замананың сұқ қолында мәңгі-бақи 
жарқырайтын, бес сөзден құралған асыл жүзік.
А.Теннисон
Сөз – ұлы күш, өте кішкентай және тіпті елеусіз бола тұра 
ғажайып нәрселер жасай алады.
Аврелий
Тіл жарасы көп жүрер.
Ж.Баласағұни
Тіл біреуді көтерсе, біреудің түбіне жетеді.
А.Иүгінеки
Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды. Біріншісі – қайырымды 
ісі. Екіншісі – мейірімге толы сөзі.
Ж.Баласағұни
Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. дұрыс 
сөйлей білмеген адам – күлдірем деп күйдіреді, сүйіндіремін деп 
сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем 
деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Сөйтіп, 
тілін білмеген түбін білмейді.
Ғ.Мүсірепов
Шешендік айтыстың арқауы – астарлы сөз.
 
 
 
 
 
 
Сырым шешен
данышпанның сөзі дәулеттен артық.
Сахиб Жамал
Жақсы айтылған сөз, қай тілде айтылса да, жаттық қылмайды.
Лопе де Вега
Құр сөз деген болмайды. ол – не қарыс, не құттықтау, не әсемдік, 
не қасірет, не лас, не гүл, не пәле, не ақиқат, не сәуле, не түнек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет