Қазіргі уақытта еліміздің ішкі туризміне деген сұраныс артып келеді. Тіпті, кейбір демалыс аймақтарына ерекше қызығушылықпен қарайтындардың да саны өсуде, алайда өзіміздің керемет көрікті жерлеріміз бола тұра шет ел асатындары да қаншама
Жазылым Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 250-300 сөзден тұратын келісу, келіспеу эссесін жазыңыз. Жазылым жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз .
[10]
Қазіргі уақытта еліміздің ішкі туризміне деген сұраныс артып келеді. Тіпті, кейбір демалыс аймақтарына ерекше қызығушылықпен қарайтындардың да саны өсуде, алайда өзіміздің керемет көрікті жерлеріміз бола тұра шет ел асатындары да қаншама. Ел ішінде «Қазақстанның демалыс орындарында қызметі дамымаған» деген пікірлер де бар. Осыған байланысты өз көзқарасыңызды білдіріп, эссе жазыңыз.
«Әркім өз елінде демалу керек» деген тақырыпта келісу, келіспеу көзқарасыңызды көрсетіп, эссе жазыңыз.
Туризм саласындағы бизнестің бұл түрі Қазақстанда қалай дамып жатқандығы жөнінде Орталық Азиядағы «Еуразия» қорының (ОАЕҚ) атқарушы директоры Ринат Темірбеков әңгімелейді.
- Қазақстанда туризмді, оның ішінде экотуризмді дамытудағы проблемалар қандай? Және бұл саланы көптеген шет елдерде сияқты мемлекеттің негізгі табыс көзіне айналатындай деңгейге көтеру мүмкін бе?
- Туризм, оның ішінде экотуризм – табысы бірқатар факторлардың жиынтығына тәуелді болып табылатын қызмет салалары. Әдетте, кез-келген шетелдік сапар үшін туристік компаниядан сатып алынатын ең қарапайым туристік өнімнің ішіне визаны рәсімдеу және демалу орнына дейін жеткізіп салу қызметтері, қонақ үйде тұру, тамақтану, көңіл көтеру бағдарламалары мен түрлі қауіптерге қарсы сақтандырулар кіреді. Туристің алатын әсері сапардың қауіпсіз болуына, қажетті қызметтерге оңай қолжетімділікке, көрсетілетін әр қызметтің сапасына және баға мен сапаның ара қатынасының үйлесімдігіне байланысты болады. Осы тұрғыдан біздің қазақстандық мүмкіндіктерге қарап көрейікші, онда тиісті талаптарға сай емес сапасыз жолдарды, интернеттің әлі де жоғары тарифтерін және көптеген осы сияқты кемшіліктерді көреміз. Сонымен қатар, қонақтарды күту үшін арнайы жабдықталған үйлердің қызметін құқықтық реттеу әлі де жолға қойылмаған. Оларға кейде ірі қонақ үйлерге арналған талаптар қойылып жатады. Кейде экотуризм бизнесіне машықтанған жергілікті тұрғындар өздерінің шағын бизнесін заңды тіркеудің және маркетингтің маңызын түсінбей жатады. Бізге бір-бірімен әкімшілік тұрғыда байланысы жоқ салаларды жетілдіру қажет - визаны ресімдеуді жеңілдету және оның бағасы, темір және автокөлік жолдары, қонақ үй бизнесі (шетелдік әр туристің қалтасы көтере бермейтін «бес жұлдызды» қонақ үйлерді есепке алмағанда) және қызмет көрсетуші қызметшілерді сауатты дайындау.
Оңтүстікте орын тепкен киелі Түркістан қаласы да туризм орталығына айналуға әбден лайықты. Негізінен, жыл сайын Түркістанға 800 мыңға жуық турист табан тірейді екен. Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне келіп тәу ететіндердің қатары да тым көп. Түркістан туристерді көптеген тарихи орындарымен тартады. Бұл жердің аса қызықты археологиялық ескерткіштері ежелгі қала Отырардың гүлденген кезеңіне жатады, бұл ескерткіштер Отырар оазисі тарихи-мәдени қорығының құрамына енгізілген. Сонымен қатар, моңғол шапқыншылығы кезінде Отырар қаласының ерлікпен қорғанғанын түрлі экспонаттармен көрсетіп сипаттайтын тарихи мұражай бар. XII-XX ғасырлар ескерткіші, Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы Арыстан-баб кесенесі де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың бірі. Туризмді дамытып, саяхаттап келушілерге сапалы қызмет көрсету мақсатында жергілікті билік бірнеше жобаларды қолға алған.
Оңтүстікте орын тепкен киелі Түркістан қаласы да туризм орталығына айналуға әбден лайықты. Негізінен, жыл сайын Түркістанға 800 мыңға жуық турист табан тірейді екен. Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне келіп тәу ететіндердің қатары да тым көп. Түркістан туристерді көптеген тарихи орындарымен тартады. Бұл жердің аса қызықты археологиялық ескерткіштері ежелгі қала Отырардың гүлденген кезеңіне жатады, бұл ескерткіштер Отырар оазисі тарихи-мәдени қорығының құрамына енгізілген. Сонымен қатар, моңғол шапқыншылығы кезінде Отырар қаласының ерлікпен қорғанғанын түрлі экспонаттармен көрсетіп сипаттайтын тарихи мұражай бар. XII-XX ғасырлар ескерткіші, Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы Арыстан-баб кесенесі де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың бірі. Туризмді дамытып, саяхаттап келушілерге сапалы қызмет көрсету мақсатында жергілікті билік бірнеше жобаларды қолға алған.
Туризм саяхаттардың ерекше түрі болып табылады, бірақ жалпы саяхаттар ұғымынан ерекшеленетін шектеулерге, сипаттамаларға ие. Туризмнің көптеген мағыналық анықтамалары бар. Туристік саяхатқа, туристік сапарға, жорыққа қатысатын адам жалпы түрде турист деп аталады. Саяхатпен салыстырсақ, туризм дегеніміз экономика мен саясаттың күшті ықпалындағы категория, сонымен қатар, осы құбылыстың ішкі табиғатының дуализмі (екі қырлылығы) байқалады, себебі, туризм дегеніміз – а) туристер анық туристік мақсаттарында жасайтын саяхаттардың бұқаралық ерекше түрі, яғни бұл туристің өзінің іс-әрекеті (туристік іс-әрекетінің субъекті); ә) осындай саяхаттарды ұйымдастыру мен іске асыру іс-әрекеті, яғни туристік іс-әрекет. Бұл іс-әрекет туризм индустриясының әртүрлі кәсіпорындарымен (туристік ісәрекет объектімен) іске асырылады. Туризмді ең алдымен, саяхат деп есептесек, туризм негізі өте ежелгі уақытта жатыр. Адамзаттың жазбалы тарихы пайда болуынан бұрын саяхаттардың көне түрлері дүниеге келген. Ежелгі Грекия мен Римде өркендеген антикалық дәуірде өркениеттің жоғары дамуына, қолы бос, «еріккен», мәдениеті жоғары бай таптың бар болуына байланысты, туризмнің қазіргі мағынасына жақын, саяхаттардың рекреациялық және танымдық түрлері орын тапқан. Грек пен Рим саяхатшыларының ең жиі баратын жері Мысыр болған. Барған жерлерінде өз аттарын тасқа қашап қалдыра берген. Ғылымда осындай жазбалар «граффити» деп аталады (граффити итальяндық graffiti – қашалған, тырнап жасалған деген сөзден шыққан). Граффити таса жерлерде ғасырлар бойы сақталып, гректер мен римдықтардың Мысырға барып жүргендігін растайтын «құжат» болып қалған.