150
151
Стильдің аса көркем өрнектері
қарапайымдылықтан туғанда
табиғи сипатқа ие болады.
П.С.Пороховщиков
Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өзгесі.
Абай
Тілсіз кісі екі-ақ түрлі білерсіз,
Бірі – сақау, бірі – надан, жігерсіз.
Ж.Баласағұни
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең, өзіңде ерік.
Ақан Қорамсаұлы
Жаманның сөзі ащы-дүр,
Адам ішпес зәр удан.
Базар жырау
Халықтың данышпандығы, рухы, мінез-құлқы оның
мақалдарынан көрініс табады.
Ф.Бэкон
Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін білмеген ел – ел болмайды ...
Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт.
Х.Досмұхамедов
Ана тілі – халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы,
өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі ... Жүректің
терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы,
жанның
барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын
қазына.
Ж.Аймауытов
Ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі ай
-
надай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран да
-
ласы,.. сары далада үдіре көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын
мінезі көрініп тұр.
М.Жұмабаев
ой неғұрлым нәрлі, тіл неғұрлым алғыр болса,
шығарма
соғұрлым нәрлі, алғыр. ой жүдеу, тіл шорқақ болса, шығарма құқын
жоғалтады, оқушысын бездіреді.
Ғ.Мұстафин
Тіл аса мейірбандықты керек етеді... Сөздің шарапатынан дауа
-
лы шарапат жоқ.
І.Омаров
Қара сөз ырғағы, көркем сөз ырғағы су толқынына да ұқсап
кетеді.
Ғ.Мүсірепов
Бейнелеу - әлденені көз алдыңа әкелу. дәл сөз, бояулы сөз,
теңеулі сөз, үнді, сазды сөз.
Ғ.Мүсірепов
Шындық тілі – қарапайым.
Сенека
Шындық – ауа, онсыз дем алуға болмайды.
И.С.Тургенев
Қандай ауыр болса да, тек шындық қана жеңіл.
А.А.Блок
Шын емес нәрсенің ұлы болуы мүмкін емес.
Г.Лессинг
Шындық күн сияқты бұлыңғыр тартуы мүмкін,
бірақ бұл
уақытша ғана.
К.Боуви
Адамның шындықты айтудан басқа ниеті жоқ кезде оған бірер
сөз ғана жеткілікті.
Р.Стил
Пікір-тұжырым күшті болса, іс те мықты болмақ.
В.Шекспир
Ұстанымсыз әрі ерік-жігерсіз адам рөлі мен компасы жоқ кемеге
ұқсас, ол жел қалай соқса, солай өзінің бағытын өзгертіп отырады.
С.Смайлс
152
153
Сөз қасиеті – көркемдігінде,
ой қасиеті – шындығында.
Ғ.Мүсірепов
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркелетіп шығар сөз.
Абай
Жүрек пен рухтың қуат-күші – адамдарды ділмар ететін
құдірет.
Квинтилиан
Ана тілі –
бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
Н.Назарбаев
Сөз - әйел текті, іс – еркек кіндікті.
Б.Грасиан
Тіл - тағы аң тәрізді: бір босатып жіберсең, қайта әкеліп шын
-
жырлау қиын.
Б.Грасиан
Тіл – ойдың баласы емес, әкесі.
О.Уайльд
Сөздің иесінен гөрі жүйесіне сен.
М.Әлімбаев
Жаман сөзде де ой бар, бірақ жақсы ой емес.
С.Шүкірұлы
Сөз азабынан сұмдық азап жоқ.
С.Я.Нодсон
Аспанда жұлдыз көп, менің де бір жұлдызым бар – ол
авар
тілі. осы жұлдыздардың бәрін қосып жіберіп, бір жарық жұлдыз
жасаудың қажеті не? ол үшін аспанда Күн бар емес пе?
Р.Ғамзатов
Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады.
Р.Эмерсон
Халыққа нақылмен ойлау тән.
М.Горький
Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.
Қорқыт
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де
тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған прототиптерді тіл жасаған ұлы об
-
раздар тірілтіп көз алдыңа әкеледі. Жалғанда не терең? Сөз терең. Не
сұлу? Сөз сұлу. Не өткір? Сөз өткір. Сөз құдіреті ғажап: алтынды мыс,
мысты алтын етіп көрсете алады. Тас жүректі қорғасындай балқытып,
балқыған қорғасынды тастай ете алады. Кірлі көңілді тазартып, кірсіз
көңілді кірлей алады. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын
берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен
де сенімді байлық. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас
қараңғы көңілді шалады. Күн жылытпас суық көңілді жылытады. Сөз
құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нәрсе
де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
Ғ.Мұстафин
Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал.
Ж.Аймауытов
Қайырымды сөз қайырымды іспен сирек қабысады.
Л.Н.Толстой
Таңғажайып сөз есірік іс-әрекетті жаба алмайтыны тәрізді,
жақсы іс-әрекет те ғайбат сөзбен былғанбақшы емес.
Демокрит
Жүректің
тілін сөйле, тіл,
Жалғаны жоқ бояма.
Абай
Мақтау – жел сөз, жанға қас,
Қошеметшіл шығарған.
Абай
ойды ойдағыдай жеткізу үшін оралымды, икемді тіл қажет.
Нағыз шешен қапияда ой тауып немесе ойлап, ойша сөйлеп, лайықты
тапқыр тілмен өрнектеп жеткізеді.
С.Негимов
154
155
Үздік туған шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Сөзін тыңдаушының
жүрегін толқытып, бойын балқытып, көңіліне ұялатудың өзі асқан
өнерпаздықты, дарын-қабілетті қалайды.
С.Негимов
Шешен сөзінің дәлелдігін оның әділдікті жан-тәнімен қолдап
қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады.
Квинтилиан
Достарыңызбен бөлісу: