20
21
шешендік өнердің ұстазы, үлгі аларлық шешен ретінде танылды.
Солай десек те, ол өзінің алғашқы сөйлеген сөздеріндегі қателіктері
мен тұла бойындағы тәни кемістіктерін көл-көсір еңбегімен,
шыдамдылығымен
жеңе біліп, өзін-өзі тәрбиеледі, баулыды. де
-
мосфен сөз құрастыру өнері мен шешендік техниканы жоғары биікке
көтере дамытты. ол өз үлгісімен шешендіктанудың, егер де уақытын
аямай, тер төге еңбек ете білсе, әрбір адам да шешен сөйлей алады
деген маңызды ұстанымын дәлелдеп бекітті.
Грек риторикасының әсерімен Ежелгі Римде шешендік өнер
қарыштап дами бастады. Б.э.дейінгі ІІІ ғасырда Ежелгі Грецияның
мәдени құндылықтарынан ауыса енген рим мәдениетінің эллини
-
зация үдерісі бастау алады. ол бірте-бірте өмірдің барлық саласын,
соның ішінде шешендіктануды да қамтыды.
Ежелгі Римдегі шешендік өнер орасан қозғаушы күшке ие болды.
Ежелгі дәуірде-ақ әрбір шешен үшін есімі өнеге болған Цицеронның
айтуы бойынша, Рим республикасында да сөз өнерін меңгеруші адам
-
ды құдайға балаған. Цицерон: «Адам баласын ұшар биікке шығарар,
атақ-даңққа кенелтер екі-ақ өнер саласы бар: бірі –
қолбасшылық
өнері де, екіншісі – үздік шешендік өнері»,-деп жазады (6,3). Рим
республикасы мемлекеттік істерін әрбір ерікті азамат өз пікірін ай
-
тып, толық сөйлей алатын тұрғыда шешіп отырды. Сондықтан да
мемлекетті басқару ісіне қатысқысы келетін әрбір римдік азамат
үшін сөз өнерін меңгеруі ауадай қажетті болды. Рим республикасы
кезеңіндегі интенсивті қоғамдық өмір шешендік өнердің дамуына
бірден-бір жағдай туғызды. Ал сөз еркінің
кең құлашты тарауына
мүмкіндік берді. Бұлардан шығар түйін – бұл дәуірде шешендік
көпшіліктің қолы жетерліктей форма иеленіп, белгілі деңгейде
халықтық қалыпты аңғартты. Алайда республиканың құлауына бай
-
ланысты римдік классикалық шешендік те құлдырады.
Ежелгі Римдегі шешендік өнер дамуының ұшар биігі әлемдегі
ең атақты шешендердің бірегейі Цицеронның іс-әрекеті болып табы
-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: