Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет12/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Ұлттық шешендік өнерінің тарамдарын білу – бүгінгі 
ұтқыр ойлы, шешен тілді ұрпақ тәрбиелеудің кепілі.
Шынында осы уақытқа шейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық 
шешендік өнері, яғни би-шешендер мұрасы көркем сөз ретінде ғана 
бағаланып, әлеуметтік қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі 
ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалыс қалдырылуда. Бұл бір баса 
ескерер тұс. 
Жалпы шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалың 
көпшілікке әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, жігерін тасы
-
татын қуатты құрал бола алған. Шынтуайтына келгенде бұл өнер күні 
бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Ендеше шаршы топ 
алдында сөз сөйлеп, баяндама жасап, дәріс оқитын шешен-лектор, 
ғалым-әдіскер, ақын-жазушы, қысқасы, әрбір білімді де мәдениетті 
адамның шешендіктану негіздері теориясымен жіті танысып, тари
-
хына бойлауы әсте артық болмасы сөзсіз. 
Әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қатынасы боларын 
мойындасақ, сәйкесінше оның лайықты ойлау, сөйлеу мәдениеті, 
озық ойлы, шебер тілді адамдары да болатыны даусыз. осыған орай
-
лас жүйелі ойлау, шебер сөйлеу туралы шешендіктану ілімі біздің 
жыл санауымыздан әлдеқайда бұрынырақ қалыптасқаны мәлім. Ал 
енді осы әлеми шешендіктану ілімінің бір сом бұтағы ретіндегі қазақ 
шешендік өнері, халқымыздың дәстүрлі шешендік сөздері туралы не 
білеміз? 
Халқымыздың ақынжанды әрі шешен екендігі, шешендікті 
жақсы көрумен бірге, бағалай да білгендігі турасында аз айтылмаған. 
оның бір дәлелі – халықтың ақылына, шешендігіне, әділдігіне сен
-
ген адамдарға ердің құнын кесуді, елдің тағдырын шешуді тапсыруы. 
Әдетте шешендердің көбісі ел бастаған билер, қол бастаған батыр
-
лар болуы да тегіннен-тегін емес. 
Жалпы кең байтақ қазақ елінде көркем шешендік сөз, ауыз 
әдебиеті нұсқалары жазба, баспа мәдениеттің, әдебиеттің орнына 
жүргені, бабалардан қалған дуалы сөздің үлгі, өнеге, өсиет саналуы, 
аталы сөз аталуы да кездейсоқ емес. Мәселен, үстем тап өкілдерінің 
де өзгенің сөзін салғырт тыңдағанымен, аталы, ақылды сөздерді 
пайдаланудан бас тартпауы осыны аңғартады. олардың қарапайым 
халыққа, қауымға ықпал жасауда мақал-мәтелдерді, өлең-жырларды, 
тақпақ-термелерді, ақыл-нақылдарды шебер пайдалануға ұмтылысы 
осыны айқындайды. 
Халық ұғымында өнерпаздық /шешендік, ақындық, әншілік т.б./ 
- ақылдың, дарынның белгісі. Ежелден қазақ халқының дәстүрінде 
қатарынан қалмау, дарынсыз, талапсыз көрінбеу мақсатында әрбір 
жас қаршадайынан әншілік, домбырашылық өнерін білуге ұмтылған, 
сөз жұптап, өлең жаттап, ақын, шешен болуға талаптанған. Халық 
«жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығар» деп босқа айтпаса керек-ті. 
демек, қазақ халқының шешендік дәстүрінің қалыптасуының аста
-
рында осы іспеттес тіл өнеріне жаппай талаптану, талпыныс таныту 
жатыр деп білеміз. 
Өткенге үңіле отырып, қазақ шешендік дәстүрінің жалпы 
әлеми шешендіктануда өзіндік өзгеше ерекшелігі барлығын еске
-
ру абзал. 
Біріншіден,
қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып,
қағазда емес, ауызда - халық жадында сақталғаны. Соған сәйкесті 
шешендік сөздер бастапқы қалпында емес, бізге ұзын-ұрғасы ғана 
жеткен. олардың өзі де ауыздан ауызға көшіп ауыса жүріп, өңдеу-
жөндеуге көп ұшыраған. Шешендік сөздердің көп нұсқалылығы да 
осыдан. 
Екіншіден,
әрбір адамның сөйлеу, жазу мәнерінің әр қилы 


26
27
болатындығын мойындасақ, қазақ шешендік сөздерін бір-бірімен 
салыстыра қарағанда ондай айырманы, ерекшелікті байқаудың 
қиындығы. 
Үшіншіден,
шешендік сөздерде есімдері жиі айтылатын 
адамдардың бәрі бірдей туындыгер емес, көпшілігі дайын нұсқаларды 
жаттап орындаушылар, қажетті жерде өңдеп, өзгертіп пайдаланушы
-
лар деуге әбден болатындығы. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет