Құдайға жат нәрсенің бәрінен арылу
Әлдекім: «Құдай Өз қолындағы қару еткісі келгендердің бәріне шынымен осылай ете ме?» деп ойлар. Бір жағынан, сіз перғауынның баласы емессіз, сондықтан сіздің тағдырыңыз Мұсанікі сияқты болады деп уайымдамаймын. Екінші жағынан, Құдай бізді күйрету мақсатындағы Өз ниетін іске асыру үшін дәл сол қағиданы қолданады. Құдай бізді атақты, құрметті, бай етуді көздемейді. Құдай біздің өмірде дұрыс орынды иеленгенімізді, ең бастысы – біздің өміріміздегі ең бағалысы Оның Өзі екенін түсінгенімізді қалайды.
Құдай, әрине, сізді бай ете алады. Ол сізді танымал да ете алады. Бірақ мұндай жағдай орын алса, біліңіз барлық еңбек тек Құдайға тиесілі. Ал егер сіз бүтіндей Құдайға сенсеңіз, егер Құдай сізге даңқ пен байлық сыйласа, сіз ешқашан даңқ туралы да, байлық туралы да қам жемейтін боласыз. Сіз үшін олардың көк тиын құны болмайды! Сіз Құдай берген өзіңіздің танымалдығыңызды және ақшаңызды өзіңізді көтеру үшін емес, тек Оның мақсатына жету үшін ғана пайдаланатын боласыз.
Киелі кітап Құдайға Мұсаны күйрету үшін неге 40 жыл керек болғанын айтпайды. Бірақ Құдайдың өкпе-реніш, жауласу және ыза-кек сезімдерінің бәрі өмірімізден түп-тамырымен құртылғанша бізді «сындыратынына» сенімді бола аламыз. Осы үрдіске қанша уақыт керек болатыны Құдайға маңызды емес. Оған маңыздысы – бұл үрдістің толық аяқталуы. Құдайға Мұсаның мінез-құлқында өзгеріс жасап және ондағы Тәңірге тұтас және бүтіндей тиесілі болуға жол бермейтіндердің бәрін құрту үшін 40 жыл керек болды.
Бәлкім, бұл 40 жыл Мысырда белгілі бір жағдайдың орын алуы үшін қажет болуы да ықтимал. Немесе Исраил халқы құлдықтан титықтап шаршағандары соншама, Құдай берген кез келген көсемнің соңынан еруге дайын болулары керек болған шығар. Мынадай ұғым бар – Құдай «уақытының толықтығы». Жазбадан Құдай «уақытының толықтығы» келген кезде, Оның әрекет ете бастағаны туралы бірнеше жерден оқуға болады. Құдайдың мерзімі біздің мерзіміміз емес. Ол үшін уақыт – Өз мақсатына жету құралы. Мәңгілікке қатысты алғанда 40 жыл түк емес.
Біздің ешқайсымыз Мұсаның басынан өткендерді сезінгіміз келмейді деп ойлаймын. Мұсаның күйреуі қиын әрі ауыр болды. 40 жыл бойы оны құмырашының шеңберіндегі саз балшықтай илеп, сығып, өңдеп, ол толықтай өзгергенше осы үрдісті қайта-қайта қайталады. Бір кездегі Мұса мен 40 жыл өткеннен кейінгі Мұсаның арасы жер мен көктей еді.
Дегенмен, Құдайдың көздегені де осы болды. Сөйтіп, Мұса еврейлерді Мысырдан алып шығу үшін перғауынның алдына қайта келген шақта, бір кезде одан қашып кеткен Мұсаға мүлдем ұқсамайтын еді.
Достарыңызбен бөлісу: |