Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Біздің өміріміздегі рухани есею үрдісі



бет33/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Біздің өміріміздегі рухани есею үрдісі
Бәлкім, Құдай біздің өмірімізде Мұсаның өміріндегі сияқты әрекет етпеген болар. Бірақ Оның әдістері өзгермейді.

Құдай біздің өмірімізден нені аластауға тырысады?

Сіз өзіңіздің қиыншылықтарыңыз есіңізге түскенде, не туралы ойлайсыз?

Сізді Оған толықтай бағындыруға кедергі жасап, Құдай мен сіздің араңызда не тұр?

Құдайдан гөрі неге көбірек сенім артасыз? Құдайдан гөрі нені көбірек сүйесіз?

Мен танитын адамдардың әрқайсысы өз өмірінен Құдай нені алып тастағысы келетінін ішкі сана-сезіммен түйсінеді. Олар мұны бір ғана сөзбен айтып бере алмас, дегенмен олар өз өміріндегі ең маңызды нәрсені және өздері жоғалтып алудан қорқатын нәрсені көрсетуге қабілетті.

Біз бір-бірімізді сүюіміз керек. Бір-бірімізді бағалауға тиіспіз. Бірақ бәрінен бұрын біз Құдайды сүюге және Онымен қарым-қатынасымызды бағалауға міндеттіміз.

Біз адал еңбек етіп, қайырымды істер істеуге тиіспіз. Бірақ сол істерді – тіпті Құдай үшін атқаратындарын да – Құдаймен қарым-қатынасымыздан жоғары қоймауымыз керек.

Біз бір-бірімізге қызмет етіп, Мәсіх туралы бүкіл әлемге айтуымыз керек. Алайда бізге өз қызметімізді Құдаймен қарым-қатынасымыздан биік көтермеу керек.

Құдай бізді күйретеді... өзгертеді... біз рухани жетілгендікке жетпейінше, тіпті бұл ұзақ әрі күрделі үрдіс болса да, бізбен жұмыс істей береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет