Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Жоғарыдан белгіленген қызметтің әрқашан нақты мақсаттары болады



бет35/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Жоғарыдан белгіленген қызметтің әрқашан нақты мақсаттары болады
Құдай бізді қызметке шақырған кезде, Оның әрдайым нақты мақсаты болады. Құдай Мұсаға жалындап, жанып тұрған бұтадан үн қатты: «Мен сенің перғауынға барып, Менің халқымды босату туралы айтқаныңды қалаймын». Бұл – Мұсаның қызметінің мақсаты болды.

Жоғарыдан белгіленген қызмет Құдайға толық сенім артуды талап етеді
Құдайдың Мұсаға жүктеген тапсырмасы адам нанғысыз қиын болды. Сондықтан Мұса жалтарып: «Тәңірім, Сіз бұрыс кандидатты таңдап алдыңыз» деп сылтау тауып алды. Мұса Құдайға адамдардың алдында сөйлей алмайтынын, тапсырманы орындай алмайтынын айтып, Құдайдан басқа біреуді тауып алуын сұрады. Десе де, Мұса Құдайға бағынып, өзіне Құдай тапсырған қызметті атқарды.

Бүкіл Жазбадан: «Менің қолымнан келмейді, Ием» деген мойынсұну сөздерінен артық қысқа да нұсқа жауапты таба алмайсыз. Бірақ Құдай бізден дәл осыны күтеді. Иә, біздің қолымыздан келмейді, алайда біз Оған сенім артсақ болды. Ол бәрін Өзі іске асыра алады.


Жұмыстың көптігін ауырсынба,

Күшің жоқ оларды тауысуға.

Өзім-ақ сол істі тындырамын

Менімен бірге бол – сол сұрарым

Хадсон Тейлор

Құдай бізден дәл осындай қарым-қатынасты – толық сенім артуды күтеді.

Құдай Мұсадан оның Өзіне сенім артатынына дәлел талап етті. Құдай: «Ал, Мұса, бір күні сен Маған сендің, сондықтан енді сен Маған әрдайым сенім артатыныңды білемін», – деп ешқашан айтқан емес. Бәрі керісінше болды. Мұсаның сенімі үнемі сынаққа түсті. Сынақ қиындаған сайын, Мұсаның Құдайға көбірек сенім артуына тура келді. Исраилдің Мысырдан шыққан сапары қиындаған сайын және шөл далада ұзағырақ жүрген сайын, Мұсадан Құдайға сенім арту көбірек талап етілді.

Жоғарыдан белгіленген қызмет жолдарында біздің сеніміміз әрқашан сынаққа ұшырайтын болады. Құдай әрқашан бізді толық бағынуға, терең сенім артуға және Оған толық берілуге шақырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет