Өлім осындай құрал болып табыла ма?
Ал енді мұқият көңіл бөліңіз: мен сіздің назарыңызды Өзіне аудару үшін сіздің сүйікті адамыңызды – жарыңызды немесе балаңызды – Құдай алып қояды дегенді растамаймын. Басқалар Өзін тыңдау үшін біреудің өмірін Құдай алып қояды дегенге мен сенбеймін. Кейбір жағдайда жақын адамның өлімі адамның Құдайға жақын бола түсуіне әкеледі. Бірақ басқаның еркін Өзіне бағындыру үшін біреуге Құдайдың өлім жіберетініне сенбеймін. Неге? Себебі Құдай әркімді сүйеді! Оған біреудің өмірін жарылқау үшін басқа бір адамның өміріне қасірет жіберу қажет емес.
Сондай-ақ өлім – шайтанның соңғы соққысы болып табылады. Оны дәл соның өзі әкеледі. Құдай өлімге жол бере ме? Иә, бұл Адам мен Хауаның заманынан бері келе жатқан жердегі қарғыстың бір бөлігі. Киелі Жазбада өлім – әр адамның басына келетін тағдыр деп айтылған (қараңыз: Евр.9:27). Сонымен қатар, Құдай – өлімнің бастаушысы емес. Ол – өлімнен Құтқарушы. Иса – біздің құртушымыз емес, Құтқарушымыз. Сондықтан Исаға сенгендер өлімді қарғыс ретінде қабылдамайды. Бұл – Құдайдың құзырына мәңгілікке өту. Сүйікті адамның өлімі, әрине, бізге қайғы әкеледі. Өлім бізді сүйіспеншілікпен байланысқан адамдардан айырады ғой. Бірақ өлім – мәсіхші үшін бәрінің соңы емес. Бір күні біз өзіміз сүйген, жоғалтқан адамдарды көріп, олармен мәңгілікке бірге боламыз. Иса – өлімді жеңген Жеңімпаз. Оның өлімнен қайта тірілуі біздің де қайта тірілуімізге есік ашты.
Сонымен, мен Құдай бізді күйрету үшін басқа адамдарға өлім жібереді дегенге сенбеймін. Бірақ мен Оның бізді өте қымбат нәрседен айыратынына, мысалы адамдармен достықтан айыратынына, сенемін. Мұндай жоғалту іс жүзіндегі күйреудің басы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |