Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Құдай күйрететін құралды таңдайды



бет42/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Құдай күйрететін құралды таңдайды
Құдай біздің өміріміздің күйреуге тиісті аймақтарын көздейді. Ол күйретуге әкелетін жағдайларды жасайды. Сондай-ақ Ол бізді күйретуге болатын құралдарды таңдайды.

Бұл құралдар біздің күйреуіміз орын алған жағдайлар секілді бізге ұнамайды.

Егер мен өзімді Құдай не арқылы күйрететінін таңдай алсам, айтар едім: «Тәңірім, өтінем, маған кітап беріп, мен түсінуге тиісті нәрселер баяндалатын беттерді көрсете салшы, мен бәрін оқып, көкейіме тоқып алайын». Бірақ менің өмірімде неге екені белгісіз, Құдай осылай істемеді.

Бұған қоса Құдай шымшыма ескертулер мен жалған айыптауларды, жағымсыз қате пікірлер мен өз пайдалары үшін жағдайды пайдалануға тырысқан адамдарды жібереді. Құдай кейде маған қарсы адам төзгісіз болып көрінетін қиындықтар мен мәселелерді пайдаланды.

Құдай бізбен ақылдаспастан, күйреудің құралдарын таңдайды. Ол таңдауды Өзі жасайды. Біз Құдайға қашан және қалай бізді күйрететініне кеңес бере алмаймыз. Құралдар мен әдістерді таңдау Оның қолында. Бұл бізге еш тәуелді емес.

Бірнеше жыл қатарынан Құдай менің таныстарымның біреуімен күйрету үрдісін жүргізді. Бұл үшін Құдай Бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) қолданды. Бұл адамның сөздері мен істері БАҚ-та үнемі талқыланатын. Ол тіпті өзін жер ету үшін журналистер келісіп алған деп ойлай бастады. Шын мәнінде, менің ойымша, бұл – Құдайдың әдісі болған. Менің танысым өзінің тәкаппарлығымен: «Бұл газеттер мен журналдар мен үшін түкке тұрмайды. Олардың менің істерім мен сөздерімді елдің көзінше талқылауға құқықтары жоқтығы сияқты менің өміріме араласуға да құқықтары жоқ» - деді. Мұндай тәкаппарлық Құдайға ұнамды емес.

Құдай сіздің барлық нәрсені түсініп: «Құдайым, мен Сенікімін. Қандай жағдай болса да, мен Саған сеніп, Өзің бұйырғанды орындайтын боламын», – деп айтуыңыз үшін қандай құрал қолданатынын білмеймін. Мен тек мынаны сенімділікпен айта аламын: Оның құралы үнемі өткір болып қайралған, ол қатты ауыртады, бірақ оның қолданылуынан қашып құтыла алмаймыз. Сіз одан жасырынып қала алмайсыз. Сізге өміріңіздің Құдай өзгерткісі келетін саласында бірдеңе істеуге тура келеді. Сізге өзіңіз бен Құдайға деген толық сенімнің арасында тұрған бөгетті айналып өту мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет