Біздің күйреуіміз маңайымыздағыларға әсер етеді
Біздің өз өміріміз – яғни, күйреуіміз де – адамдардың арасында өтетінін есте сақтауымыз керек. Күйреу біз адам тұрмайтын аралда жүріп жатқандай жеке жайда өтпейді. Құдай бізді күйреткен кезде, бұл маңайымыздағыларға ықпал етеді. Осыған сәйкес біздің жақындарымыздың күйреуі бізге де әсер ете алады.
Мысалы, өмірінде сүйіспеншілігі Құдайдан гөрі жұмысына бағындырылған адамды бизнестегі мәселелері арқылы күйрететін болса, бұл сол адамның бүкіл отбасына да әсер ететіні сөзсіз. Сол адамның әйелі де, балалары да оның күйретілу әдісіне тартылмайды. Бірақ Құдай олардың өмірлері өзгеру үшін жағдайды пайдаланатын болады. Күйреу үрдісінде ештеңе де мақсатсыз жүрмейді. Жақынының күйреуі әсер ететін әрбір адам өзінің рухани жағдайын жақсы көре алып, қаншалықты үйлесімділікпен дамып жатқаны және Құдайға қаншалықты сенім артатынын бағалауға мүмкіндік алады.
Бірінші тарауда не туралы айтқаным есіңізде болар. Құдай бізді аяусыз немесе қатал болғандықтан күйретпейді. Ол бізге зиян келітіріп, қайғы әкелуге жан-тәнімен беріліп күйретпейді. Ол бізді өміріміздің белгілі бір салаларында Оның көздеген мақсатына сай болу керектігіне назарымызды аударып, әсер ету үшін күйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |