Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Құдай белгілі бір жағдайлар жасайды



бет41/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Құдай белгілі бір жағдайлар жасайды

Күйреуге жетелейтін өмірлік жағдайлар күйреудің нысанын таңдау сияқты толығымен

Құдайдың билігінде болады. Иса неге судың бетімен жүрді? Белгілі бір мағынада Ол Петір мен өзге шәкірттердің сенімдерінің көмегімен, қорқынышты жеңуге үйрете алатын жағдай туғызды.

Иса неге шәкірттерінің аяғын жууға шешім қабылдады? Ол мұны бір жағынан Петірдің тәкаппарлығын жарыққа шығару үшін істеуге шешім қабылдаған болар.

Иса Өзінен шәкірттерінің бас тартатыны туралы пайғамбарлық сөзді неге айтты? Бәлкім, Ол Петірдің мақтаншақтығын сезіне алатын жағдай тудырған болар.

Осы жағдайлардың бәрі Петірге жағымсыз болғаны сөзсіз. Бұған қоса Петірдің тәкаппарлығы мен өз-өзін жақсы көрушілігін күшінен айырған әр жолы мұны елдің бәріне паш етіп істеді. Петірге өзінің Исадан бас тартқанына өкініп жылауына тура келді. Петір азап шекті. Құдайға деген сенімнің жеткіліксіздігін сезіну мен өз күйреуіне жұбаныш таппады.

Егер біз Құдайға емес, басқа бір нәрсеге көбірек сенім артсақ, біз Құдайды емес, бірдеңені көбірек, әрі тереңірек сүйсек, онда жағдай, біздің күйреуіміздің жұрт алдында жария болажағ елге әйгілі болатын жағдайдың тууы әбден мүмкін.

Құдай бізді әр түрлі әдістермен күйретеді. Уақыт өте келе біз Оның еркін анық көре алатындай етеді. Ал кей кезде Ол біздің өз таңдауымыз бен күнәнің жолымен жүруімізге жол береді. Ол біздің басқада күнәларға шырмалуымызға мүмкіндік береді.

Бұл, әсіресе, басқаларға қарсы жасалған күнәларға қатысты. Мұндай күнәнің беті әр кезде ашылып қалады. Порнографияға еліккен немесе азғындықпен айналысқан адам ақыр соңында күнәсі ашылған кезде азап шегеді. Өтірікпен өзгелердің ақшасын иемденген немесе алаяқтықпен пайда тапқан адам ерте ме, кеш пе түрмеге түседі. Осы тұста Құдайға белгілі бір жағдайлар жасаудың қажеті жоқ – адам өзінің шыңырауын өзі дайындайды.

Өзінің хатшысымен жақындасып, әйелінің көзіне шөп салған бір еркекті білетінмін. Шындықтың беті ашылған кезде, ол шырқырап кетті. Бұл адам бәрін: жағдайды, эмоцияны, лауазымдық өсуді бақылауында ұстауға әдеттенген болатын. Өз өмірінің абсолютті бақылауын иеленуге тырысқан ол өз маңайындағы адамдарды өзінің қарақан басының қамы үшін оңды-солды жұмсап, есіп жүретін. Бірақ ол аяқ астынан болып жатқан жағдайды уысынан шығарып алды. Оның өмірі көз алдында тас-талқан болды.

Құдай осы адамның өмірінде әрекет етті. Енді оған өзінің азғындық күнәсімен ғана емес, өз өмірін басқару әдетімен де бір нәрсе істеу керек-тін. Ол Құдайдың еркіне бағынғысы келмеді. Сол кісінің күйреуі бәріне әйгілі болды, себебі оның адамдарды пайдаланып, өз уысында ұстауға деген әрекетін бәрі білетін еді.

Құдай бізді күйрететін жағдайды туғыза ма, әлде бізге өзімізді талқандау жолымен жүре беруімізге жол бере ме, біз бәрібір: «Жарайды, Ием. Мен Сенің айтқаның бойынша істеймін», – деп айтатын жағдайға душар боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет