Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Жоғарыдан белгіленген қызмет маңайындағыларға әсер етеді



бет37/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Жоғарыдан белгіленген қызмет маңайындағыларға әсер етеді
Мұсаны тек Құдай ғана рухани нығайта алды. Бұл барлық исраилдіктерге де қатысты. Тек Құдай ғана олардың Мысырда меңгеріп алған бөтен нәрселерінен азат ете алды. Бұл үшін Ол заң беріп, оларды жаулардан қорғай отырып және көктен манна жаудыра отырып, шөл дала арқылы жетеледі. Құдай олардың өмірлерінің барлық салаларына кіріп, ерекше, таңдалған халық болу үшін, оларды күйретіп, қайта жаңартты.

Құдай еврейлерді бір кездегі Мұса сияқты оларды қоршаған құдайсыз әлемнен бөліп алды. Оларды жаңа әдет-ғұрыпқа, жаңа сәнге, жаңа құлшылық ету және жаңа өмір салтына шақырды. Бұған қоса Құдай исраилдіктерге жалған тәңірге табынып, шынайы Құдайға қызмет етпейтіндермен сөйлеспеуге және некелеспеуді өсиет етті.

Жаратқан Ие жаңа экономика, өмірдің жаңа мәнері, заң мен ережелердің жаңа жиынтығын құрды.

Мұсаның шөл далада өткізген уақыты мен Исраил халқының шөл далада кезіп жүрген уақыты бірдей – қырық жыл болуы кездейсоқтық емес. Құдай Мұсаға Мысыр мәдениеті мен дәстүрі таңғандардың бәрін құртып, одан Исраил халқының көсемін жасап шығарды. Ал енді Құдай исраилдіктерді Өзінің таңдаған халқы ету үшін барлық мысырлық нәрселерден азат етті.

Өз кезінде Мұсаға бергеніндей, Құдай исраилдіктерге олардың арасындағы Өзінің құзырының белгісін берді – күндіз бұлт, түнде отты бағана болды.

Исраилдіктер өздеріне Құдай уәде еткен жерге келген кезде, Құдайдың Өз сөзіне адал екеніне көздері жетті. Олардың барлық жаулары жер жастанды. Иерихонның қабырғасы керней дауысы мен адамдардың айғайынан құлап қалды. Әр соғыста Құдай оларға жеңіс сыйлады, бірақ барлық даңқ Өзіне ғана тиесілі болатындай етті.

Осымен бәрі біткен жоқ. Құдайға адамдарды жетілгендік жағдайына келтірудің қандай қажеті бар? Жауап та сол қалпында: жоғарыдан белгіленген қызмет үшін. Бір кезде Құдай Ыбырайымға ол арқылы барлық халықтар Құдайды танып-білетін болады деген еді. Құдайдың халқы барлық халықтарға нұр болуға тиіс (Иш.42:66 49:6-ны қараңыз).

Құдай еврейлерге қандай жоғары мақсатты көрсетті! Мұсамен болғаны сияқты, адамдардың алдына тағы да күрделі тапсырма қойылды. Құдай былай деді: «Егер Мен сендерге бұйырғанды істесеңдер... Мені барлық істе тыңдасаңдар... Мен сендерді жарылқаймын... сөйтіп сендер жарылқау боласыңдар».

Құдай Өз мақсатына пайдалану үшін, бізді күйретеді, сауықтырады және рухани өсуге көмектеседі. Біз арқылы Құдай басқа адамдарды сауықтырады.

Басқаларды үйрете алуымыз үшін, Құдай бізді үйретеді.

Құдай даналықты басқалармен бөлісе алуымыз үшін, бізге даналық пен қырағылық береді.

Біз айналамыздағыларға жұбаныш пен жігер бере алуымыз үшін, бізге жұбаныш пен жігер береді.

Біз мұқтаждарға қызмет ете алуымыз үшін Құдай бізге рухани дарындар сыйлайды.

Ізгі хабардың нұрын басқаларға жеткізушілерге қолдау көрсете алуымыз үшін Құдай бізге қаржылық жарылқауын төгеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет