Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Жоғарыдан белгіленген қызмет Құдайдың күшімен атқарылады



бет36/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Жоғарыдан белгіленген қызмет Құдайдың күшімен атқарылады
Мұса Құдайдың бұйрығын естіген кезде, не сезінгенін елестетіп көріңіз! «Кім? Мен бе? Малшы ма? Перғауынның сарайына – мені адам өлтіргенім үшін іздеп жатқан жерге – перғауынға құлдарын босату туралы бұйрық беруге ме? Үш миллион адамды үйлерін тастап, өздері ешқашан болмаған жерге аттануға шақыруға ма?» Құдай Мұсаның алдына қойған тапсырма қарапайым емес еді.

Кейде Құдай бізді шақырған қызмет орындай алмайтындай ауыр болып көрінеді. Бірақ бұл – Құдайдың ниетінің бір бөлігі. Құдай біздің Өзіне толықтай сенім артқанымызды қалайды. Егер біз тапсырылған қызметті өз күшімізбен және даналығымызбен атқара алатын болсақ, біз Құдайға мұқтаж болмай, біздің қызметіміз ерекше көктен берілген болмас еді.

Құдай Мұсаға: «Мен оларды босатамын», – деп анық айтты. Мұсаға тек перғауынмен сөйлесу керек болған, ал босату Құдайдың ісі еді.

Құдай Мұсаға малшының таяғын ғана беріп перғауынға жібереді. Бұл таяқ Құдайдың құзырының белгісі болды. Мұса сенім арта алатын нәрсенің бәрі жойылды. Оған тек Құдайға толықтай сенім арту ғана қалды. Егер Құдай Өзінің уәде еткенін орындамаса, ештеңе болмас еді. Мұсаның қолындағы таяғы керемет жасай алатын болды, себебі оны Құдай солай етті. Сөйтіп Мұса қолын сілкіп қалғанда болатын істің ешқайсысы да Мұсаға қатысты болмады – ол Құдай не айтса, соны орындады.

Перғауынды райынан қайтарған Мұса емес. Қамысты теңізді ортасынан қақ айырған да ол емес. Адамдарды тамақпен қамтамасыз етіп, су берген де ол емес. Шөл далаға жол салған да ол емес. Осының бәрін істеген – Құдай. Құдай оның барлық әрекеттеріне және Исраил халқының барлық мұқтаждықтарына жауапкершілікті Өзіне алды. Мұса тек Құдайға мойынсұнды.

Қызмет әрқашан осы қағидаларға бағынған.

Бәлкім біз тұқым егерміз, бірақ оны өсіретін – Құдай.

Біз жараны таңып, дәрі бере аламыз. Бірақ Құдай сауықтырады.

Біз шынайы сиына аламыз. Бірақ керемет жасайтын – Құдай.

Біз қолымыздан келгенді істейміз, ал Құдай мүмкін еместі жасайды.

Осыншама көп адамды Мысырдан Қанаханға бастап бару қаншалықты оңай болмағанын елестетіп көріңізші. Мұсаға оларды сапарды ары қарай жалғастыруға үгіттеуге тура келді. Ол тамақ, су және шөл дала арқылы өтіп бара жатқан ұзақ сапарда қажет болатын нәрсенің бәрін ойластыру керек болатын. Жүкті немен тасу керек? Ауырғандарға не істеу керек? Қалып қойғандарға ше? Бүлікшілерге ше? Мұса шөл далада иемденген малшылық тәжірибесін осы жерде бағалағанына күмән жоқ. Бірақ Құдай: «Мен сенімен бірге боламын. Исраил халқының көсемдері сенің айтқандарыңа ден қоятын болады. Мен қолымды созып мысырлықтарды Өз кереметіммен жеңемін. Содан кейін перғауын сендерді жібереді» (Мыс.ш.3:12-22), – деді.

Әр кезде Құдай бізді қызметке шақырғанда дәл осылай айтады: «Мен осының бәрін іске асырушымын. Мен бұл тапсырманы Өзім шешемін. Сен Менің айтқандарымды орындасаң болды, қалғанын Өзім істеймін». Біздің тағайындалуымыздың орындалуына қажеттілердің барлығы Оның қолында. Ол Өзінің барлық ниетін жүзеге асыру үшін біз арқылы Өз құдіретін көрсетеді.



Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет