Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Игілігіміз үшін болатын азаптар – біздің қоғамдағы танымал емес идея



бет32/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Игілігіміз үшін болатын азаптар – біздің қоғамдағы танымал емес идея
Біздің мәдениетіміз бізге мүлдем басқа құндылықтарды сіңіреді. Біз өз бетімізбен болашақты жоспарлауға және алға қойған мақсаттарға жетуге әрдайым ұмтыламыз. Қазіргі мәдениет Мұсаға әсер еткен бір кездегі Мысыр мәдениетінің әсеріндей ықпал етеді. Құдай, дегенмен, Мұсаны басқаша үйреткісі келді. Шөл далада Мұсаға Құдайға толық сенім артуды және Құдай істеуді өтінгенді дәлме-дәл орындауды үйренуге тура келді.

Құдайға сенім артудың ең жақсы үлгісі, әрине, Иса болды. Ол Өзінің шәкірттеріне былай деді:

«Мен көптен бері қастарыңдамын, сонда да Мені шынымен білген жоқсың ба, Філіп? Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені. Бізге Әкені көрсетіңіз деп неге айтасың? Менің Әкеммен, Әкемнің Менімен тығыз байланыста екенімізге сенбейсің бе? Сендерге айтып жүрген сөздерім Өзімдікі емес, Әкемдікі. Сол сияқты Менімен тығыз байланыстағы Әкем Өзінің істерін де Мен арқылы істеп жатыр. Менің Әкеммен, Әкемнің Менімен тығыз байланыста екенімізге сеніңдер! Әйтпесе істеген кереметтеріме сүйеніп Маған сеніңдер» (Жохан 14:9-11).

Иса Өзінің бүкіл өмірімен Құдайдың ниетін іске асырды. Осылай мойынсұнуды Құдай Мұсадан күткен және біздің әрқайсымыздан да соны күтеді. Әлдебіреу бір күні айтқан екен: «Жан дүниенің Құдайға келуіне қас қағым сәт қана керек, ал киелі болу үшін бүкіл өміріңді сарп етесің». Тәңірге тәубе ету шынында бір сәтте іске асады, бірақ рухани жетілгендікке жетуге көп уақыт кетеді.

Мен мәсіхшілердің қандай да бір биікке жетуге тек лауазым немесе қоғамдағы бір орынға қатысты ғана емес, сондай-ақ өздерінің мәсіхшілік өміріне де қатысты талпынғандарын бақыладым. Олар бірдеңелерді жинаумен, қол жеткізіп сатып алумен байланысты жаңа қызметке ие болады, жабық клубтарға кіреді, өздерінің рухани мінездемесіне жаңадан жетістіктер және ұзыннан ұзақ созылған қызмет тізімдерін құрады, сөйтіп бір күні Құдайдың алдына келгенде: «Қарашы, Тәңірім, мен Сен үшін не істедім», – деп айта аламыз деп үміттенеді.

Құдай бізді күйреткен кезде, Ол бізді жинауға емес, азаттық алуға шақырады. Ол бізді әр түрлі заттар мен әдеттерден, тілектер мен жоспарлардан құтылуға шақырады. Ол: «Мендегі бардың бәрі – Сенсің, Тәңірім. Сен – менде, ал мен – Сендемін. Ең бастысы – осы» деп айтпайынша біздің «менімізден» азат етуді жалғастыра береді.



Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет