Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет39/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
7-тарау
Күйреу үрдісі

Құдайдың көзқарасы тұрғысынан күйреу – тәртіпке келтіретін үрдіс. Біз бұл үрдістен тек бейберекеттілікті ғана көріп – қайғы, абыржу және көңіл қалушылықты сезінеміз. Дегенмен, Құдай өмірлік жағдайға бұлай қарамайды. Ол бізге бір нәрсе болмастан бұрын бәрін жақсы біледі және Өзінің ниетін іске асыру үшін осы жағдайлар арқылы әрекет етеді. Құдай күйреу үрдісін бақылаудан шығарып алмайды.

Бұған жақсы мысал ретінде елші Петірдің өмірін алуға болады. Оның өмірінің ең белгілі сәті – Иса айқыш ағашқа шегеленбестен бұрын болған оқиға.

Сол түні Петір Мәсіхтің соңынан Гетсиман бағынан бас діни қызметкердің үйіне дейін барды. Ол үйдің ауласына кірген кезде, бас діни қызметкердің бір құлы оған қарап былай деді: «Бұл адам Сонымен бірге болған». Бірақ ешқандай Исаны білмейтінін айтып, Петір Исадан бас тартты.

Сәл кейінірек тағы да біреу Петірді көріп, оған: «Сен солардың біреуісің ғой», – деді. Петір тағы да дұрыс жауаптан танды. Біраз уақыт өткенде Петірді үшінші рет Исамен бірге болғанын айтып, айдай әлемге жария етпек болды.

Петір: «Сендердің не айтып тұрғандарыңды түсінбеймін!» – деп жауап берді. Дәл осы сәтте Петір Исамен таныстығын жоққа шығарған кезекті жолы әтеш шақырды. Иса әтеш шақырғанша Петірдің үш рет танатынын айтқан болатын. Бәрі Исаның айтқаны бойынша болды (қараңыз: Лұқа 22:54-62).

Петір кәдімгі адамдар сияқты емес еді. Ол айырықша дарынымен ерекшеленетін. Ізгі хабарда Петірдің аты басқа елшілерден көбірек аталады. Оның аты Елшілердің істерінде де және хаттарда да аз аталмайды. Петір жетекшілердің арасындағы жетекші екені айдан анық еді. Жақып және Жоханмен бірге Петір Исаға ең жақын адамдардың бірі болды. Ол Исаның өміріндегі ең қайғылы сәттерде де бірге болған-тын.

Петір балықшы болды – шапшаң, ерік-жігері мықты, ашық және күші де мол. Бұған ол өзімшіл адам деп қосуға болады.

Онда сұрақ пайда болады: Иса неге Петір сияқты адамды таңдап алды екен?

Исаның Петірді таңдауы Құдайдың мені және сізді таңдағанындай – Ол біздің неге қабілетті екенімізді біледі. Құдай бізді Мәсіхке ұқсау мүмкіндігімізге қарай таңдайды. Исаның Петірді таңдаған себебі – Өзі сол арқылы әрекет ете алатынына сенді. Петірді таңдай отырып, Исаның ерекше ниеті болды – Ол Өзінің таңдаған адамын айрықша қызметке дайындады. Петірдің өмірінде де біздің өміріміздегі сияқты күйреу мен өзгерісті қажет еткен салалар болды. Иса Петірдің өмірінде батыл түрде әрекет етуге шешім қабылдап, былай деді: «Мен сенің есіміңді өзгертемін». Петірге жаңа ат бергенде Иса Шимонмен – (Иса өзін шақырғанға дейін Петірдің аты солай болған) – байланыстының бәрін күйретті. Осылайша балықшы Шимон Петірге, елшіге айнала бастады.

Біздің өмірімізде Петірдің өміріндегі тәрізді күйреу үрдісінің төрт құрамдас бөлігі байқалады.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет