Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Күйретілген, бірақ құрып кетпеген



бет49/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Күйретілген, бірақ құрып кетпеген
Бізді күйрете отырып Құдай біздің рухымызды емес, еркімізді сындырғысы келеді. Оның мақсаты – бізді жою емес, бізді сауығу мен рухани жетілгендікке әкелу. Өз өміріміздің бақылауын біздің Өзіне беруімізді Құдай қалайды.

Менің ойымша, Петір өз өміріне үстемдік құрудан бас тартқысы келмеді-ау. Ол өз аяғын жудыру керек пе, жоқ па, өзі шешкісі келді. Иса шынымен су бетінде жүрді ме, соған көзін жеткізгісі келді. Ол Исаның Өзін қалай Мәсіх деп жариялайтынын бәрінен жақсы білем деп есептеді.

Біз бәріміз Петірге ұқсаспыз. Әрқайсымыз бар күшімізбен биліктің тізгініне жабысып қаламыз. Біз ең соңғы сөзді өзіміз айтуды қалаймыз. Құдай күйрету үрдісі арқылы бізді өз шартымызды қоя алмайтын, тек: «Тәңірім Иса, мен не істеуім керек?» - дейтін жерге әкеледі. Петір Исаға: «Иә, мен Сенің бұйрығыңның бәрін орындап, кім бол десең, сол боламын. Мен бәрін Саған беремін», – деп шын жүректен айтқанша үш жыл керек болды.

Иса шегеленген соң, Петір балық аулауға қайтып оралды. Теңіз жағасында Иса оны тауып алды. Ол Петірден: «Петір, сен Мені сүйесің бе?» - деп сұрады.

Иса осы сұрақты үш рет қойып, Петір үш рет: «Иә, Тәңірім, менің Сені сүйетінімді Сен білесің ғой», - деп жауап берді.

Иса Петірге ерекше қызметті – «қойларға бас-көз болу», яғни бағушыға мұқтаж Өзінің ізбасарларының бәріне қамқорлық жасауды жүктеді. Ақыр соңында Петір Мәсіхтің еркіне толықтай мойынсұнды. Тәңір оған осы ерекше қызметті берді, ал 50-күн мейрамында осы қызметке қажетті күшті де сыйлады.

Қараңыз, Петір кейінірек не жазды: «Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды» (1Петір 5:5). Өзінің жазбасында ол Нақыл сөздер кітабынан мысалға аят келтіреді (қараңыз: Нақыл сөздер 3:34). Пауыл бұл сөздердің мағынасын жақсы түсінді. Белгісіз автордың өлең жолдары Петір мен сізге және бізге таныс күйреу үрдісі туралы баяндайды:
Құдай адамды салса бір жөнге,

Шабыттандырып кеңес те берсе,

Бүкіл әлемді тамсантып әрі,

Ұлылығын да бергісі келсе.


Сөзіне Оның аса ден қойшы,

Ісіне Оның үйренші қатты.

Құдай таңдаса, сені мәңгіге,

Кемелді әрі мүлтіксіз болшы.


Құдайдың қолы – Шебердің қолы,

Күшті соққымен Ол жаратады.

Көзі сүрінген қалыпты әсем,

Өзі Оның қарап сүйсінер әлі.


«Қолдарын жайып көкке созады,

Қамығып қатты күйзелер жаны.

Иіліп кетер, сынбайды бірақ,

Қасынан Оның кетпейді жырақ».


Кімді таңдайды, Жаратқан білер,

Көп жолдарменен дегенге жетер.

Өзінің нұрын көрсе деп адам,

Құдіретті Құдай әрекет етер.


Құдай бізді күйрету үрдісіне тартқан кезде қателеспейді. Ол біздің өміріміздің қандай салалары өзгеріске жататынын дәл біледі. Ол бізді күйрету үшін қандай жағдайлар керек екенін, бұл үшін қандай құралдар қолдану керек екенін де біледі. Ол біздің қанша сынақты көтере алатынымызды да біледі. Ол бізді кемелдендіруді қалайды. Жақсы хабар – Құдайдың біз үшін ең жақсыны істеуге әрқашан тырысатынында. Бізге бар болғаны Оған рұқсат беру керек.

Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет