8-тарау
Күйрету арқылы қалыптастыруға қарсы біздің бас көтеруіміз
Бүгін көптеген адамдарға Құдайдан жасырыну, Оның бұйрығын елемей қою, Оның шақыруына қарсыласып, өз қалауымен өмір сүру мүмкін сияқты көрінеді. Мұндай адамдар күнә жасағанды жалғастыра отырып, Оның жазасынан қашып құтылуға болады деп ойлайды. Бірақ олар қатты қателеседі.
Құдайға қарсы бүлік шығару үшін төлем төлеуге тура келеді. Қарсыласу рухы, мәселен, қарсыласу маршына, лаңкестік әрекетке немесе үйден қашып кетуге қатысқандарды ғана игермейді. Біздің әрқайсымызда әр қилы көріністе жарыққа шығатын бүлікші өмір сүруде. Біздің бәріміз де көнгіміз келмеген, бағынып азапты көтергіміз келмеген сәттер болады. Осы бүлікшіл бастауымыз Құдайға қарсыласады.
Жүніс пайғамбар Құдайдың еркіне қарсы шығуға шешім қабылдап, Құдайдың бұйрығын іске асырмады.
Құдай Жүністі Ниневиге барып, оның тұрғындарының зұлымдығын әшкерелеуге шақырған кезде, Жүніс Яффаға кетіп, Ниневиден 400 шақырым қашықтықта, тіпті басқа жақта орналасқан Тарсис қаласына кемеге отырып, қашып кетті (қараңыз: Жүніс 1:1-3).
Жүніс Құдайдың бұйрығын орындағысы келмей, қашып кетіп, Құдайдан жасырынып қалуға тырысты. Бірақ бұл әдіс Жүніске көмектеспеді. Ол сіз бен бізге де көмектеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |