Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет51/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Құдайдан қашып кетуге бола ма?
Құдайдан қашып кету әрекетінің бекер екенін елестетіп көріңіз. Көзінің алдында бәрі – жер шарында және бүкіл әлемде өмір сүріп жатқан тірі де, өлі де жанның бәрі көрініп тұрғаннан қалай жасырынуға болады? Тек анық ойлауға қабілетсіз жан ғана Оның жүзінен жасырынып қалуға тырысады. Құдайдан бұлайша қашу, шын мәнінде өзіңнен қашып құтылуға тырысумен тең. Бірақ қашып құтылу еш мүмкін емес.

Құдай бізді белгілі бір жағдайлар мен оқиғалар тудырып Өз қолында қыса бастаған кезде, біз уысынан шығып кетуге тырысамыз. Бәріміз Жүніске ұқсап кетеміз. Бізді, бәлкім, Ниневиге шақырмас, бірақ күйреудің барлық жағдайындағы ең бірінші қылығымыз – Құдайдың шақыруына келіспей, қарсыласу. Біз дереу қашып кетудің жолын іздей бастаймыз.

Жүніспен болған оқиғаның қалай болғанын көрейік. Ниневи – сол уақыттағы ең ірі қалалардың біреуі болған және Иерусалимнің солтүстік шығыс жағында мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан. Ассур империясның астанасы Ниневи өзінің әдемілігі, ұлылығы және құдіретімен даңқы шыққан еді. Оның тұрғындары ержүрек жауынгерлер болатын, олар тұтқынға түскен жандарға ерекше қатал болатын, сол себепті олардың қолына түсу қорқынышты еді. Жүністің уағында ассириялықтар өздерін қоршаған елдер мен халықтарды бірінен соң бірін жаулап алып жатқан. Исраилге құлдық қамытын кигізу олар үшін уақытқа бағынышты болды. Жүніс осы туралы білгендіктен, Құдайдың оларды жазалау жайлы хабарын жеткізуге шақыруына жауап қату оңай болмады.

Шын мәнісінде Құдай Жүніске барып, олардың арасында тәубе ету туралы уағыздауын өтінді. Бірақ Жүніс ниневиліктердің құтқарылуын емес, құртылып, жойылуын тіледі (қараңыз: Жүніс 4:1-3).

Жүніс Ниневиге барып өз жауларының тәубе етіп, Құдайдың қаһарынан құтылуына куәлік етуге барғаннан гөрі, өлгенді артық санады. Ассириялықтарды жек көргені сондай, Жүніс Құдайға ашықтан ашық бағынбай, өлімге бас тікті. Солайша ол қазіргі Испания жерінде орналасқан Тарсистегі Яффа қаласына аттанды.

Ал сіз ше? Құдай сізден: «Тәңірім, мен мұны істемеймін» немесе «Тәңірім, мен мұны міндетті түрде істеймін, бірақ қазір емес, кейінірек», – деп жауап берген нәрсені сұрап көрді ме? Кейде сіздің қарсылығыңыз мынандай сөздермен белгіленеді: «Тәңірім, мен Сенің не сұрап тұрғаныңды түсіндім, бірақ мұны басқаша істеу дұрысырақ болар еді». Біз Құдайға бірден және сөзсіз бағынбайынша, бүлік жағдайында боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет