Игилманова Магида Пазыловна №46 жоббм бастауыш сынып мұғалімі Орал қаласы Тақырыбы



Дата28.11.2016
өлшемі123,12 Kb.
#2746
Игилманова Магида Пазыловна

46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі



Орал қаласы

Тақырыбы: «Менің Елбасым»

Мақсаты: Оқушыларға Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын

түсіндіру; Елбасының жүріп өткен өмір жолдарымен таныстыру;

Елбасының ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына

сіңіру.

1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет

еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,

ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,

құрметтеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер, Елбасы

туралы жазылған кітаптар.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті оқушылар!

  • Көңіл-күйлеріңіз қалай?

  • Бүгін, сыныбымызда ашық тәрбие сағаты.

  • Онда бәріміз қонақтармен амандасайық

  • Ендеше сабағымыздың тақырыбын хабарламас бұрын мына сөзжұмбаққа назар аударып, барлығымыз бірге шешіп көрейік.















Е

л

т

а

ң

б

а

т

ә

у

е

л

с

і

з

Н

и

я

з

б

е

к

о

в










қ

а

з

а

қ










А

с

т

а

н

а










М

ы

р

з

а

б

а

л

а



  1. Мемлекеттік рәміздердің бірі

  2. Қазақстан қандай мемлекет?

  3. Тудың авторы

  4. Ұлтымыздың аты

  5. Еліміздің астанасы қай қала?

  6. Нұрсұлтанның әжесінің есімі кім?

  • Тор көздердегі қою қарамен жазылған сөзді оқиық.

  • Бүгінгі тәрбиме сағатымыз «Менің Елбасым» деп аталады.

  • Ендеше, барлығымыз орнымыздан тұрып, ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранын орындайық.

  • Әнұран орындалады

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады, бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл араманы 1991 жылы 16 желтоқсанда орындалды. Осы жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның Презинденті болып Н.Назарбаев сайланды. Тәуелсіздік алу Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның басшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің арқасы. Елбасы есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің Елбасымыз – дүниедегі ең керемет Елбасы. Олай ойлауымның себебі: Президент ретінде Н.Ә.Назарбаев өзінің бар жән-тәнімен қазақ халқын тек алға бастады, елді бірлікке шақырды.

  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай ел?

Менің Отаным – Қазақстан Республикасы.

  • Біздің Қазақстан – көп ұлт қоныстанған, бірілігі мен татулығы жарасқан, дамудың даңғыл жолына түскен жасампаз ел. Осындай елде өмір сүру арман емес пе? Әр адам өз туған жерін құрметту керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет.

  • Ендеше оқушыларымыздың Отанымызға арналған өлең шумақтары тыңдайық.

1-оқушы: Барлық бала өз Отанын сүйеді

Отан оның қорғаушысы, тірегі.

Отан – ана, Отан – пана,

Қазақстан – туған ел.

2-оқушы: Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап қорғайды.

3-оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

4-оқушы: Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!

5-оқушы: Қазақстан – бабамнан қалған мұра,

Сенбейсің бе? Даламнан бар да сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

Батырларым демесем, болар күнә!

6-оқушы: Алтын дәнді қаласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

7-оқушы: Гүлдердің ертемен

Қауызын ашқанын,

Көктемнің көкпеңбек,

Мөп-мөлдір аспанын,

Таулардың қол жетпес асқарын –

Ұнатам бәрін де,

Өйткені ол Отан –

Ұлы Отан.

Бәрін де, бәрін де

Ұнатам,

Өйткені ол Отан –

Ұлы Отан.

8-оқушы: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

9-оқушы: Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол онң шырылдаған.

10-оқушы: Отан, Отан,

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

Жүргізуші: Ендеше балалар назарымызды тақтаға аударайық.

Елі құрмет тұтқан, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Бала Нұрсұлтан үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмектесіп, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Әкесі Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол көптеген тілдерде еркін сөйлейтін. Қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын. Әңгімелескен адам зейін қойып тыңдайтын. Ол бау-бақша өсірудің білгірі еді. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданының Қасық ауылындағы молданың отбасында дүниеге келді. Әлжанның мінезі ақжарқын болатын. Күліп, әзілдеп отырғанды ұнататын. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Қолы ашық жан еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды. Оның, ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Анасы Әлжан 1977 жылы қайтыс болды.

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін, Украинадан металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді, кейін инженер дәрежесіне көтерілді.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады.

Әр халықтың тарихта қалуы ана тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізер – ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. «Тіл туралы» заң қабылданды.

1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков

Әнұранның авторлары: 1) сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев

2) әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды.

1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, ал жаңа бөлігі сол жағалауында орналасқан. Онда Президент сарайы, көп қабатты жаңа тұрғын үйлер орын тепкен. Қаланың басты символы – Байтерек. Байтерек мұнарасы – біздің еліміздің өткені, қазіргісі мен келешегі. Мұнара тереңге кеткен тарихы бар жас, күшті мемлекетті көз алдымызға елестетеді. Әр жыл сайын 6 шілдеде Астанада Қазақстан Астанасының туған күні атап өтіледі. Бұл күні қалада мерекелік шерулер мен концерттер ұйымдастырылады.

Алдымызда «ЭКСПО – 2017» көрмесі күтіп тұр. Көрмеге қатысуға 100-ден астам мемлекет өтініш берген, бес миллионға жуық адам келуі мүмкін.

Әйгілі әнші жерлесіміз Әміре Қашаубаевтың шетелде, оның ішінде Парижде ән салған тұңғыш қазақ екенін бәріміз білеміз. Ал оның 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ екенін жұрттың бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін. «ЭКСПО» көрмесі кезінде қазақтың бір емес, бірнеше халық әндерін орындаған.

Ең алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондон қаласында өткен. Содан бері бұл көрме алпыс бес рет ұйымдастырылған. Енді міне ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) кеңістігінде тұңғыш рет біздің елде өткелі отырғаны мақтаныш. Мұның бәрі Елбасымыздың арқасында. (Ән: «Елбасы – елдің тұтқасы»)

  • Енді халқымыздың Елбасына арнаған жыр-шумақтарына кезек берелік

1-оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

2-оқушы: Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірінде түсініп,

Елім, жерім деп ұрандап тай салмай,

Бір керемет жасады-ау ол кісілік!

3-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші ағайындар бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

4-оқушы: Халқым айтқан «Жер көтерер ел даңқын»,

Елім айтқан «Ел көтерер жер даңқын».

Президентім, Елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

5-оқушы: Қазағымның туын тіккен – Елбасы,

Ұл-қызынан үміт күткен – Елбасы.

Қазақ елін аялаған – Елбасы,

Қиындықта сая болған – Елбасы.

6-оқушы: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі – Елбасының арқасы.

7- оқушы: Шықты тарап ой данадан,

Бері қарап жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған

Елімнің бар Президенті!

8-оқушы: Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар!

Елбасының лауазымдық қызметтері (слайдтан көрсету)

Балалар, егемен еліміздің саналы, білімді азаматы болып өсу үшін парыздарың не деп ойлайсыңдар?

  1. Білім алу

  2. Отанды сүю

  3. Ана тілін сүю, құрметтеу

  4. Ұлтжанды азамат болу

  5. Денсаулығымыз мықты, салауатты ұрпақ болу

  6. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болу

  • Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туралыбіз тағы не білеміз, не айта алар едік?

  • Тұңғыш Президент

  • Білгір саясаткер

  • Қоғам қайраткері

  • Нағыз патриот

  • Дарынды адам

  • Ақылды отағасы

  • Қамқор аға

  • Ғасыр адамы

  • Әнұранның авторы

  • Бейбітшілік пен қауіпсіздік жаршысы

Қазақстан – бақытты ел. Президенті танымды, халқы қарымды досы көп ел екенін мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осындай тұлға.

Сабағымыз аяқталды, тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет