Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшінсабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім берудеалдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.ҰМЖ- оқу бағдарламасы, пәннің мазмұныОМЖ- жұмыс сызбасы, Тізбектелген сабақтарҚМЖ-жеке сабақҰзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланысОқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ берутәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жекемұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.Орта мерзімді жоспарлау немесетізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты: • Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы; • Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру; • Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу; • Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау; • Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету; • Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету; • Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.Оқу мақсаты мен оның нәтижелеріОқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.Оқу нәтижелері: • оқушыға бағытталуы тиіс; • белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек; • оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.