Бағдарламаның негізгі мақсаты - сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін тиімді дамыту үшін жағдай жасау.
Негізгі міндеттері:
- азаматтардың білімдерінің барлық деңгейлері мен сатыларына қол жеткізуге арналған конституциялық құқықтарын қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;
- білім беру жүйесін басқаруды жетілдіру;
- білімнің және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, білім беру қызметтерін таңдауды ұсыну;
- тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу мен тәрбие процестерінің бірлігін қамтамасыз ету;
- педагогтың әлеуметтік мәртебесін көтеру;
- Қазақстанда білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біріктіру үшін жағдай жасау.
Бағдарлама білім берудің әрбір деңгейі үшін елдің тиімді жұмыс істейтін білім беру жүйесін құру нақты мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуына ықпалын тигізген әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларына, қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына қатысты мәселелерді зерттеуге арналған жұмыстар мен мұрағат материалдарына жасалған талдау, оның даму тенденцияларын салыстыру, тарих ғылымындағы қабылданған кезеңдер инновациялық процестерді қорытындылап зерттеуге алынған күрделі феноменнің қалыптасып дамуын шартты түрде екі кезеңге бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:
|